Таныс болыңыздар: madlen
madlen — Маржан Тулеева — 1987 ж. 18 сәуірде ОҚО дүниеге келген. Қазығұрт ауданында мектепті бітіріп, Алматыдағы Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетіне түседі. Оны 2008 ж. аяқтайды. Қазір «Глобал Эйр — Американ Экспресс» авиатурагентсвосында ивэнт-менеджер болып қызмет жасайды. — КерекИнфоға қалай келдің?
— Нақты есімде жоқ. Тіркелген күнім 09 ақпан 2011, 12:37 деп тұр. Дегенмен, көпшілік юзерлар сияқты Блогкэмптен соң келдім деп ойлаймын. Ал Блогкэмпке Салтанат (Балғырған) жетектеп алып келгені үшін оған үлкен рахмет айтамын.


Тұрмыс бәрібір сананы билейді. Билемек түгілі, санаңның сахнасына мәңгіге орнығып алып, өмір бойы «Аққулы көлді» ойнап шығады, плисецкаясстың. Ең болмағанда "Өлмелі аққуды" сомдамай кетпейді, 

Шығыс ақындарынан Омар Хайямды өзгеше құрметтеймін. Орысшаға аударылғандары көп. Бірақ, өзім орысша дұрыс түсінбегеннен соң, өлеңді жетік түсіну де қиынға соғады. Өз ойымда орыстардың тілі Омарды толық түсіндіруге жетпейтін сияқты көрінеді (өз ойым). Шығыстық үлгіде болған соң көбінесе, өзбек және шағатай тіліндегі аудармаларын оқимын. Аэропортта отырып, не істерімді білмей, Омардың мына өлең жолдарын шамам келгенше аударып шықтым. Бірақ, өзімнің көңілім кішкене толып отырған жоқ. Әлі де нағыз ойды шығара алмаған сияқтымын. Не болса да, оқып көріңіздер!

