Омар Хайям. Рубаилар (Аударған түрім, енді)

Шығыс ақындарынан Омар Хайямды өзгеше құрметтеймін. Орысшаға аударылғандары көп. Бірақ, өзім орысша дұрыс түсінбегеннен соң, өлеңді жетік түсіну де қиынға соғады. Өз ойымда орыстардың тілі Омарды толық түсіндіруге жетпейтін сияқты көрінеді (өз ойым). Шығыстық үлгіде болған соң көбінесе, өзбек және шағатай тіліндегі аудармаларын оқимын. Аэропортта отырып, не істерімді білмей, Омардың мына өлең жолдарын шамам келгенше аударып шықтым. Бірақ, өзімнің көңілім кішкене толып отырған жоқ. Әлі де нағыз ойды шығара алмаған сияқтымын. Не болса да, оқып көріңіздер!

Ей, көңілім, сыйлық күтпе бұл заманнан қараңғы,
Уақыт озар барлығынан шаң қаптырып адамды.
Дертің әр сәт күшейеді, ауырады тынымсыз,
Күткенменен мына уақыт емдемейді жараңды.

Разылығың қайда, құдай, өзіңе шын сенгенмін?!
Көңіл неге қап-қараңды, нұрыңды іздеп келгенмін?
Жұмағыңа жеткіз мені, жалғыз сенде көңілім,
Жаратылған топырақтан ақысын бер пендеңнің!

Алла бәрін білді емес пе? Көңілде бұл сұрағым…
Білді бәрін: қайда жүріп, қайда барған тұрағын.
Ақыретте айтшы мені жазалайды не үшін?
Қалауынан асатындай жасамадым күнәні.

Өтіп жатыр өмір қиын, дертімнің жоқ емі де,
Рахат – қысқа, қиындықтың болмай жатыр шегі де.
Бірақ-тағы шүкір етем, Жаратқанға молынан
Тастамаған апатпенен зұлымдықтың кеніне.

Бас тартпағын, ей көңілім, көтер мына шараптан!
Бұл да менің несібем ғой сыйлап берген Жаратқан.
Жүзіңдейін жалт-жұлт еткен шарапты құй кесеге,
Тәубе еткен көңіліммен толсын тағы парақтар!

Кеше тағы шарап іздеп шықтым барып алмаққа,
Бір гүл солып жатты жерде мен жүретін жол жақта.
Дедім оған: — Не жаздың сен? Қалай түстің бұл күйге?
Жауап қатты: — Бір сәт қана жайнап едім гүл бақта…

Опшым, жолым болсын
Бөлісу:

71 пікір

blackbeard
Өзбекшесін оқитындар болса, сілтеме мынау
satibaldi
Менің ең сүйікті рубайым мынаусы:
Жылап-сықтап, қылмаңдаршы зайыбал,
Табытпенен әкеткенде мені ажал.
Одан да бас сүйегімді алып қал да —
Сыра ішетін жынды бокал жасавал!
blackbeard
Блогыңнан оқып едім, Сатеке Бүгін Алла маған екінші рет ооооңбай бұттан кетуді нәсіп етіп тұр екен
nurjanbay
Керекте 6 алқаш отыр.
dark_nazgul
мен өлгенде сүйегімді шараппен жуыңдар, табытым жүзім ағашынан болсын демейтін бе еді? Сатыбалды екеуміз сияқты пянщиктердің сүйікті ақыны)))
dark_nazgul
аударма ұнады маған.
satibaldi
Спросил у чаши я, прильнув устами к ней:
«Куда ведёт меня чреда ночей и дней?»
Не отрывая уст, ответила мне чаша:
«Ах, больше в этот мир ты не вернёшься. Пей!».

***
Кафеде нормально жүретін быраттан:
-Бырат, өмірдің мәні не? — деп сұрағам.
— Ішсейш япты одан да! — деді бырат маған, — Жжошь лібә, қуасың нақ, мал әнаңң!!!
AKA
Жұмағыңа жеткіз мені, жалғыз сенде көңілім,
Жаратылған топырақтан ақысын бер пендеңнің!
 Сәтті аударма! Жолыңыз болсын, елге аман жетіңіз!
satibaldi
Не ставь ты дураку хмельного угощенья,
чтоб оградить себя от чувста отвращенья:
Напившись, криками он спать тебе не даст,
А утром надоест, прося за то прощенья.


Іше алмайтын шешесстерге құйма нақ,
Жан дүниеңіз тиыштықты қаласа.
Түнімен айтарын айтып алып,
Ертеңіне құсып жатад колбаса.
blackbeard
орыстардың тілі Омарды толық түсіндіруге жетпейтін сияқты көрінеді
деген ойымнан айныдым мынаны оқып
nurjanbay
Керекте 6 алқаш отыр.
KILYZAMAN
Ыдысыңды жасырмасаң, сағанда табылады бір қуяр…
Zere
Омар Хайямның шарап дегені шын шарап дегенді білдірмейді, басқа мағынада дегенді естігем. Бұған қалай қарайсыздар?
blackbeard
Иә, бір ғылыми еңбектен солай оқығам.
Ол Омардың Пәлсапалық ойларынан шыққан шарап, оны кәдімгі алкоголь деп қарамау керек
деген сияқты Сол ғасырларда ішкендер болмады емес, болды. Бәлки, Омар да ішкен болар, онысы қараңғы. Бірақ қазіргі ғылыми еңбектерге бола, өлеңнің мазмұнын өзгертуге болмайды деп ойлаймын. Кім қалай түсінсе, солай ұқсын
Бір еңбекте былай айтыпты біреу:
Шарап дегенді — ғибадат деп ұғайық
депті.
Кеше тағы шарап іздеп шықтым барып алмаққа,
Бір гүл солып жатты жерде мен жүретін жол жақта.
Мына қатарларды аударғанда келтірілген дәл мағынасымен аудардым. Шарапты ғибадат деп түсінсек, Омар ғибадатты нағып көшеден іздеп жүр?
Zere
Бәлкім адамдардың араққа құмар болып кетпесін деп ойлап тапқандары болар. ық-ық…
AKA
Иә, кей түсінік бойынша, «Шарап — Аллаһтың нұры. Шарап толы кесе (қалб) — жүрек. Яғни, Аллаһтың нұрына бөленген жүрек. Оған мас болу — Аллаһқа ғашықтықтан рухани ләззат кешу» делінген.
blackbeard
иии, ақылынан сол
satibaldi
Я знаю этот вид напыщенных ослов:
Пусты, как барабан, а сколько громких слов!
Они — рабы имен. Составь себе лишь имя,
И ползать пред тобой любой из них готов.


Таныс маған бұл түрі есектердің:
Құлдары жылтыраған шен-шекпеннің.
Тек әйтеуір — атағың даңқың болсын:
Оларды құл қлыдым деп есептегін.
satibaldi
Омар быраттың қазақшасы болған дейді кітабының, кімде бар?
blackbeard
7 немесе 8 сыныптың әдебиетінде Омар Хайямның қазақша аудармалары бар еді.
satibaldi
7 немесе 8 сыныптың әдебиетінде Омар Хайямның қазақша аудармалары бар еді.
Лібә, сөйтіп тұрып, ұрпақ алқаш боп бара жатыр деп ренжид қаззақтар.
Zilola
kezinde men oz kolymmen ustap korip edim ol kitapty, agamnyn noutbuk salgan sumkesynda jeretin, sizge skandap bere koigym kelip izdep tappai koidyk (((
araika
Керемет! «Аудармашы» деп жазылған қызыл дипломды ұстатуға да болады
Мына жолдар ұнап қалды:
Өтіп жатыр өмір қиын, дертімнің жоқ емі де,
Рахат – қысқа, қиындықтың болмай жатыр шегі де.
satibaldi
Нет у мира начала, конца ему нет,
Мы уйдём навсегда — ни имён, ни примет.
Этот мир был до нас и вовеки пребудет,
После нас простоит ещё тысячу лет.


Басы қайда, бұ пәнидің, көті қайда:
Ит біліпті қалғанын қайсы сайда.
Басы жоқ, аяғы жоқ, ортасы — бар
Қу дүнияны өлшегеннен жоқ-ау пайда.
blackbeard
Лібәәәәәәә, сөз жоқ Мынаусын оқымаппын алдын)
satibaldi
Бұл өлең жолдарын сұлтанаттың ақындарына жеткізсе екен біреу.
blackbeard
Еееһ, біздің лашыққа бас сұқпайтындар халық арасында мұндай шедеврлер бар екенін қайдан білсін, жазушылародағынсссс
AKA
Жететін екі күнге наның болса,
Салқын су құмыраңнан арылмаса.
Өзіңнен төмендерге басыңды име,
Еркін жүр, өзіңдейге жалынғанша.
(а) Ошым, туындылары һеремет, терең мәні бар.
satibaldi
Салқын шарап. Шарап!!!
satibaldi
От излишеств моих — разве Ты обнищал?
Что за прибыль Тебе, если я отощал?
Я смирено прошу, чтобы Ты, милосердный,
Нас пореже карал и почаще прощал.


Адамның көре алмауын тігейінЧ:
Қиын екен көре алмағаны Құдайдың!
Қара нан мен сұйық көже беріп алып,
Айтшы Ием, неге сонша мұңайдың?
blackbeard
Мынаусы бар екен Негізі аддуши қуад ше

Уа, Тәңірім мұның қай керіскенің?!
Қай ісіңді жерге ұрып терістедім
Бүгін Сен де массың ба? Шарап толған
Құмырамды сындырып не істедің?
boztorgai
мынау жыр жолдары үшін қалай шарап құймасқа
boztorgai
біз кетті деп дүние қағынбайды
із өшеді, еш адам сағынбайды,
бізден бұрын өтіпті талай заман,
өз жолынан табиғат жаңылмайды
надандар мешіт маңын жағалайды,
өнер-білім қажет деп санамайды,
жұмаққа үміт артып күн кешеді,
ғалым адам ондайға қарамайды.
деп те шайыр толғанған
«сөнбес жұлдыздар» алматы.1989ж
Zhan
біз кетті деп дүние қағынбайды
із өшеді, еш адам сағынбайды,
Жақсы жазылған.
Nurgisa
Садық, сәтті шыққан сияқты. Осыңды жалғастырып көр. Тамырын дөп басуға шақ қапсың…
blackbeard
Тырысып көрейін, бір ауыз сөзіңіз ғо братан
madlen
Маған ұнады, қайта-қайта оқыдым.
Nurgisa
Түпнұсқасын оқып, түсініп, содан аударғанға не жетсін.
KILYZAMAN
Жарайсың сақалды бауырым!!!
ken
Шағатай тілін білесің бе? ҚАйдан?
blackbeard
Шағатай тілін арнайы үйренген жоқпын.
Біз Шымкенттің Сарағаш деген жердің арғы жағындағы жайлауда өстік. Біз кішкентай кезімізде ол жақтағы Телеарналар мен радиолар тек қана өзбекше еді. Қазақ Радиосы немесе Қазақстан арнасы толқындары жоқ болатын. Және бізді тәрбиелеген кісі (әжем) яғни атамның екінші әйеліның ұлты өзбек. Әдеби өзбек тілін үйренуіме осындай факторлар себеп болды. Қалаға көшіп келген жылдары татарлармен көрші болдық. Оларды қиындықсыз түсінемін. Мен оқыған интернатта түрік тілін үйретті. Оны жақсылап сіңірдім десем, өтірік емес. Осыларды білгенім себепті шағатайды бір оқығаннан түсіне бастадым. Кейіннен үйреншікті болып кетті. Алматыға келген жылдары телеарнаға шағатайша хаттарды аударып жүрдім. Қазір Мәдени Мұраның кітаптарын аударып тұрамын. Бары сол
satibaldi
Если мельницу, баню, роскошный дворец
Получает в подарок дурак и подлец,
А достойный идёт в кабалу из-за хлеба –
Мне плевать на твою справедливость, творец!


Бір үйде ниқұя жоқ қазына, мал,
Көрсететін түгі жоқ ақсақал шал,
Иегі кемсеңдеп қоя берді:
-Уішівөлем, тігейінші: тағдыр — қатал!
satibaldi
Я спросил у мудрейшего: «Что ты извлёк
Из своих манускриптов?» И он мне изрёк:
«Счастлив тот, кто в объятьях красавицы нежной
По ночам от премудростей книжных далёк».


Сұрадым бықсывалып ғұламадан:
-Уа амиго, бақытты — қайдан алам?
Данышпан айтты тасын аз-мұз қасып тұрып:
— Бақыттысың, әгәрәки болсаң надан!
KILYZAMAN
Цианоның дәкесінен(аударма — сана сүзбесі) запыранының иісі шығып тұр. Қарсақалдікінен адами пиғылды онан әрі жидітпеудің жаңа бір әдісі байқалатын сияқты. Ауыз екі боқауыз сөздегі «Хаям» — ұғымының ауқымында тексіз ойдың қамауында қалудың себебі де аудармашының пиғылына байланысты сияқты
satibaldi
Әдеби сынға көшкенсің бе, тәліб?
KILYZAMAN
Түзету:
ұғымының ауқымында
— ұғымының ауқымыныңда
satibaldi
Бәрібір ішпиен болып қала бересің ел үшін
KILYZAMAN
Дәруішөлгендіктер ел емес…
satibaldi
Кек алған түріңді Бала күніңде кекшіл, басыңа тықымай берген кісіні ерінбей аңдып, мас бов ұйықтап қалған кезінде көтінен теуіп қашатын бала болғанға ұқсайсың.
KILYZAMAN
Проекцияң қисайды… Екі өлшемдегінің өзін бұлай қисайтсаң кім болғаның? Айнаға қарайсыңба өзің?
satibaldi
Мас боп ұйықтап қалғанымды аңдывотсың ба?
KILYZAMAN
Тағыда запыраның барма деп шелек ұстап отырмын — шәуілдеген кезіңде өзіңе тамақ қылуға Тузик…
blackbeard
KILYZAMAN , satibaldi ! Менің не кінәм бар? Не жаздым сіздерге?
KILYZAMAN
Мысалы, сенің аудармаңның ұнағанын айтқандағым — Сатекеңнің аудармасынан гөрі мықтылығын нақтыладым. Ол болса нақылдап, бақылдап мазамды әлек — ол екуіміздің пікірлескн жеріміз сенің постың болды … Кең бол — кем болмайсың
KILYZAMAN
Түзету:
мазамды әлек
— мазамды алып әлек
blackbeard
Кеңбіз Қилеке Сізден аяғанды ит флудтасын
KILYZAMAN
Кет десең кете беремін ғой — иттен қай жерім кем?
blackbeard
Мына сөзіңізді Сатик естіп қоймасын
KILYZAMAN
Ол кличкасын біледі Тузик! Яғни, ренжімейді.
VKM
Тузиктар туралы «Жас қазақта» бір жаман тақырыпқа мақала бар)
KILYZAMAN
Кім ол, Тузикті жамандап жүрген...
Aya
Алпыстан аспа ақымақ болман десең,
Мас жүрсең өмірден сол алған есең.
Көзе боп қурағанша бас сүйегің,
Кетпесін көзден көзең, қолдан кесең.

Қыз бен гүл, шарап толы кесеменен,
Шалқытып өмірді әлі кеше берем.
Бұрында, қазір міне, алда тағы
Ішкен ем, ішіп жүрмін, іше берем. деп бір шалқыса мына жерде Омар атамыз осы қызумен керемет айтып салған екен:
«Аздап іш,-дейді,- әкеңнің құны бар ма?!
Не себеп мас боп сонша құнығарға?»
Себебім: таңғы шарап — Жар дидары.
Не керек одан әрі тірі жанға?" деп Құдайжанға ғашықтығын ерек сезіммен алға тартады.(Қуандық Шаңғытпаев аудармасы)
satibaldi
Нашар аударма, аффтарды — арзан пельменныйға!
Aya
аудармасын былай қоя тұрғанда, мағынасы терең болып тұр ғо...«Нәшәр» болса да өзім осымен ақ масайып жүрмін.
satibaldi
Онда сені де аффтармен бірге вокзалдың закусочныйына!
muro
Мынаны ішіп отырып оқысам сосын осылай күлсем нақ жынды болып шығам
ademi_alem
Өтіп жатыр өмір қиын, дертімнің жоқ емі де,
Рахат – қысқа, қиындықтың болмай жатыр шегі де.
«Не үшін қуаныш қысқа, қиындық шексіз?» деген сұраққа Шәкәрім жақсы жауап бергендей: «Дүниенің қайғысы ақ жауындай үзілмей жауса да, қуаныш анда — санда найзағайдай жарқ етеді де өшеді. Бұл неліктен? Бұл — адам баласының қиянатының көптігі, мейірімінің аздығынан».