Таныс болыңыздар: Gulistan
Gulistan — Анар Нығметқызы. 1981 жылы 14-сәуірде Ақтауда дүниеге келген, туған жері — Атырау облысы Махамбет ауданы.
1987-1998 жылдары Махамбет бағдарлы білім беретін мектебін бітіргенен кейін қонған жері Алматы Энергетика және Байланыс институты болды. Алғашқы керектік жолдастарын сол жерде кезіктірген.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— «Партия қайда — жеңіс сонда» демекші, «Аршат қайда — біз сонда» (қалжың). Өзің білетіндей, Керек.Инфодан басталған «махаббат» «Солай.деге» ұласып, бірақ бәсеңсіп, кейін «Кездесу инфода» қайта жалындаған болатын. Жаңарған, көркейген КерекИнфода өз отын өшірмейтініне сенімдімін.
— Күніне неше рет кіресің?
— Жаңа хабарламалар келген сайын кіріп отырамын.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Күйбең тіршіліктің кейбір күлкі үйірер сәттері, аспаздық сырлары, жаңалықтарға сараптамалар ұнайды.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Бөліп-жаратыны жоқ, ұнаса да, ұнамаса да бәрінікін оқимын.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Ешкім «Осы қызық-ау» деге кейбір посттарды өзім линк арқылы достарыма салып жіберем.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Чайхана жақсы болар еді. «Привет, покадан» басқа маңызды, әсерлі қысқа хабарлама таратуға ең қолайлы құрал сол болар еді.Былайынша, дизайны мен мазмұны көңілге қонымды.
1987-1998 жылдары Махамбет бағдарлы білім беретін мектебін бітіргенен кейін қонған жері Алматы Энергетика және Байланыс институты болды. Алғашқы керектік жолдастарын сол жерде кезіктірген.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— «Партия қайда — жеңіс сонда» демекші, «Аршат қайда — біз сонда» (қалжың). Өзің білетіндей, Керек.Инфодан басталған «махаббат» «Солай.деге» ұласып, бірақ бәсеңсіп, кейін «Кездесу инфода» қайта жалындаған болатын. Жаңарған, көркейген КерекИнфода өз отын өшірмейтініне сенімдімін.
— Күніне неше рет кіресің?
— Жаңа хабарламалар келген сайын кіріп отырамын.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Күйбең тіршіліктің кейбір күлкі үйірер сәттері, аспаздық сырлары, жаңалықтарға сараптамалар ұнайды.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Бөліп-жаратыны жоқ, ұнаса да, ұнамаса да бәрінікін оқимын.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Ешкім «Осы қызық-ау» деге кейбір посттарды өзім линк арқылы достарыма салып жіберем.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Чайхана жақсы болар еді. «Привет, покадан» басқа маңызды, әсерлі қысқа хабарлама таратуға ең қолайлы құрал сол болар еді.Былайынша, дизайны мен мазмұны көңілге қонымды.
осы жерін түсінбедім.
Басталады керекинфодан,
деп тұр ғой біздің гүл ханшайымы!!! Анарды Атыраутелекомдағысынан бермен қарай танимын. Оның күлкісі айналасындағы достарына да шабыт сыйлайтын бір сиқыры бар оның. Солақай. Керекинфоға жан-тәнімен берілген адал плеяданың жарқын өкілі. Жапониядағы суперрепортаждарынан біраз нәрсені біліп қалдық. Анардай досымыз бар біз бақыттымыз!!!
Махаббат жасқа қарамайды! Басқа қарайды, десең иә
Осы жерге де жарнама жасап кетпесем, қонақ күткім келіп жүррр Кім бар келетінннн???
1. Бір видеодан сенің керекинфо туралы айтқаның есімде. Эмоцияға толы, жылап келіп күліп кетуге, күліп келіп жылауға болады деген едің. Жыламайтындай етуге бола ма, а?
2. Жеке қарым-қатынаста қандайсың?
Какая ты в отношениях дегенім ғой3. Девизің бар ма? Қандай қағидаға сүйенесің?
4. Мен туралы не ойлайсың?
1. Бәрі де адамның қабылдауына байланысты ғой.
2. Қарым-қатынаста доминантты роль ойнаудан аулақпын, бірақ достарымның көлеңкесінде қалғым келмейді. Шынайымын, адалмын деп ойлаймын.
3. Ешқандай девизім жоқ десем, өтірік болар еді. Бірақ қатып қалған принциптер де жоқ. Жазылмаған ережелер болар.Бірақ өзің айтқандай, айтып/жасап алып, ойланатын сәттер аз емес.
4. Сені әзірге Керекші ретінде білемін. Алматыда болатын кездесулердің бел ортасында жүретініңді байқаймын, соған қарағанда көпшіл,өмірлік ұстанымың орынды, уақытын дұрыс жұмсай алатын, заман ағымымен қатар келе жатқан, жақсы мен жаманды айыра алатын адам деп ойлаймын.Өткен кездесуді неғып болмадың екен деп ойланып қалдым. Расымен, қайда болдың?
Білмеймін. Кеше де Бальзам маған солай ренжиді. Мен келгенде неге келмедің деп. А менің вообще есімде жоқ. Сосын айттым: или мен естіген жоқпын, или мен жұмыстан шыға алмадым, или мен сені особо көргім келмеген деп
Сен дегеніме ренжімейтін шығарсыңАнар деген есімді жалпы анары барларға қояды ғой, сенде де солай ма?
Сенің шашыңа қызығамын машаллах! Бұрыннан ұзын ба осылай?
Динара, ия, шашым бұрыннан ұзын болған, тірсекке түспесе де, қыста біраз қорған еді, бергіректе біршама қысқарттым.
Анар айып етпе
Динара, өзіңде анар көп пе?
Тек біз жақта бар ма сонда мұндай ырым?
Анар деген керемет қой. Мен анарды жақсы көремі. Қышқылын. Қанды жақсарту үшін доқтырлар ішіп тұруға кеңес береді емес пе. Әзірбайжандық анар шырыны жақсы.
айтайын дегенім, туылғанда сондай белгісі болса, кейін үлкейіп кетпесін деп Анар деп атау керек деген ырым бар да.
мен ойлап тұрған нәрседен басқа да мағынасы бар ма, не?
Не ғо, пікір авторының нені меңзегенін түсіндіретін біреу бар ма екен?
Менің түсінгенім Есімдері Жанар болмағандар соқырлыққа кандидат па?
Көп гүлдеріңіздің арасында, гүлдей құлпырып аман-есен жүріңіз!
Сұрағым: Руыңыз кім болады, сол жайлы айта отырсаныз?
Каждый думает по мере своей испорченностиятцыз ағашкаларИии, ешнәрсе сұрамадым, тек тіледім өзіңе жар бақытын, ана бақытын, әже бақытын, әсте де жүзіңнен күлкі кетпесін!!!
Одан да маған әкеліп бер, бірнеше күн қарап берейін. НЕгізі үсіген гүлден үміт жоқ.Шын қалап тұрсаң, саған бір отросток берейін!
1. Аспаздық сырлары деп жазыпсыз, Жапонияға барғанда өзіңізге ұнаған ерекше тағам түрлерін айтып берсеңіз?
2. Сізге сыйлаған ең ерекше, есте қаларлық сыйлық қандай?
3. Қай жанрдағы музыка тыңдайсыз, сүйіп тыңдайтын әншілеріңіз?
Сұрақтарға келер болсақ,
1. Жапонияға барғанда жеген ерекше тағам түрлері депсің-ау, бірден ойыма орала кеткені дәмі жұмсақ асқабақ пен сиропқа малынған кунжут қосылған картошка болды.
2.Сыйлықтар көп қой, бірақ ерекшесі есіме түспеді.
3. Жаныма жақыны — саксофон үні, содан болар, Кенни Джиді елітіп тыңдаймын
Ал сүйікті әншілерім — Селин Дион, Едита Горняк, Шаде, Брайан Адамс, Лен Марлин. Отандық әншілерден: Баян Нұрмышева, Музарт, Жігіттер, Майра Ілиясова, Мэлс Сағатұлы деееп кете береді.
2.саяхатқа шығуды қай жылдан бастадың?
3.еркін қай шет тілдерде сөйлейсің?
4.Жапон елінде де, кореЯ сияқты, ғашықтары, бірдей киім киуге тырысады ма екен? өзіңе ол жақтан қандай сыйлық алып келдің?
(егер интим сұрақ деп тапсаң жауап жазбауға болады )
егер сұрақтар қайталынап кетсе кеЧр өтнем
1.Егер танитын адамың болмаса, не жаныңда серігің болмаса, қай-қай елде де қауіпті болар деп ойлаймын.Ал егер екінші рет барар болсам, еркін қозғалыс түрін таңдар ем. Саяхатта, ең бастысы, мен үшін — ел-жер көру, басқа мәдениетпен танысу.ең бастысы — табиғааат!
2.Сергей Доля, Артемий Лебедевтей жатпай-тұрмай жолда болу бұйырмаған ғой, бірақ саяхат басы 2007де Бурабайдан басталған.
3. Әзірге орыс, ағылшын, бірақ поляк, француз, испан португал тілдерін меңгергім келеді.
4. Ғашықтардың бірдей киімін байқамадым, бірақ ана мен баланың ұқсас киімін көріп, таң қалғам және ұнатқам.Өзіме сыйлықтан гөрі, өте жақсы әсер алып қайттым. Әдемі шұлықтар жақсы сыйлық болған сияқты.
Рахмет! Шынымен неге хабарласпай кеттің? Сол сөйлескелі Атырауға бірде-бір рет жолың түспеді ме?
Келісім өз күшінде, хабарлас, күтем!
Сіздің гүлдер туралы әдемі қылып пост жазатындығыңызды білеміз, ал, жалпы, өзіңіз өмірде гүл өсірумен айналысасыз ба?
Ия, гүл өсірумен айналысам. Басымда оңды- солды гүлдің бәріне жабыса беруші едім (әрине тәжірибені молайту үшін), кейін түрлерің сұраптап, осы қалай дегендерін ғана қалдырдым.
Өзім үшін «болды, осы соңы» деп уәде берсем де, кеше барып 7 түрлі гүл тұқымын, 2 гиацинт пиязшығын сатып алдым. Одан басқа тюльпан бар.
Алда соларды ермек етем бе деген жоспар тұр.
бұрындары гүл атаулыға пысқырып қарамайтынмын, тіпті әдейі су құймай кеткен кездерім болған. Мектепте кабинеттегі гүлдерге су құю үлкен проблема болатын.
Мен байқаған бір тенденция — гүлді әдемі болса да, иісі жоқ, ал иісі бар гүлдер қарабайыр болып келеді. Бірақ иісі керемет гүлдерден гардения мен гитацинтті ерекше айтар едім.
Бөлмеде өсетін гүлдер жапырақтарына, гүлдеріне және тамырларына қарай сортталады.
Мен басында ылғи гүлдейтіндеріне қызыққам, сөйтсем оның әлегі көөп екен, көп гүлді өлтіріп алдым. Бірақ жапырақтысы еш талғамсыз өсе береді.
Бұйыртса осы жылға арнаған жаңа тәжірибеммен бөліспекпін. Өткенде бірнеше тұқымды сатып алғам, соны бүгін отырғызбақпын. Иншалла, ертең суреттерін ілем осында. Сосын сұрай жатарсыңдар.
Неге үйленбей жүрсіз?