Гүлістанмен кездесейік!

Кеш жарық барлықтарыңа!

Алматылық керекшілер, ертең, сенбі күні, кешкі сағат 19.00де Мегадағы Пинтада кездесейік. Күлімдесе, күн сияқты жарқырайтын Анар-Гүлістан Атыраудан Алматыға қыдырып келгенде біз де көрісіп қалайық.



Келетіндерің осында жазыңдар, плиз.

ПС. Сити жабылып қалыпты, ОПЕЧАТАНО деп тұр

Әрі қарай

Таныс болыңыздар: Gulistan

Gulistan — Анар Нығметқызы. 1981 жылы 14-сәуірде Ақтауда дүниеге келген, туған жері — Атырау облысы Махамбет ауданы.
1987-1998 жылдары Махамбет бағдарлы білім беретін мектебін бітіргенен кейін қонған жері Алматы Энергетика және Байланыс институты болды. Алғашқы керектік жолдастарын сол жерде кезіктірген.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— «Партия қайда — жеңіс сонда» демекші, «Аршат қайда — біз сонда» (қалжың). Өзің білетіндей, Керек.Инфодан басталған «махаббат» «Солай.деге» ұласып, бірақ бәсеңсіп, кейін «Кездесу инфода» қайта жалындаған болатын. Жаңарған, көркейген КерекИнфода өз отын өшірмейтініне сенімдімін.
Әрі қарай