Мектепті есіңе алсаң, «балалық шақ, қандай бақытты кезең» болды деп өкінеріңді немесе «әйтеуір мектептен құтылдым-ау» деп қуанарыңды білмейсің. Ол кезде жасалған да, жасалмаған да қателіктер көп болды… эх...ііі джарайд енді тақырыпқа көшейік. Жалпы үстел теннисі немесе пинг-понг ойнап көрдіңдер ме, керемет ойын солай емес пе?! Шамасы 6-7-нші сыныптарда оқып жүргенімде біздің мектепке үстел теннисіне арналған үш үстел әкелді, оны мектепке кірген кезде бірден көруге болатын еді. Иә-иә сабаққа бара жатқанда «уоо, үзілісте сосын сабақтан кейін кешке қалып ойнайтын болдық қо», деп көңілің көтеріліп қалады, естеріңізде болса ешқайсысымыз да мектепке үлкен «желание»-мен бармайтын едік, фобия деуге келмес, дегенмен… Спорттың осы түріне қызыққаным соншалық, арнайы ракетка сатып алдым, ааа джө-джө… өтірік айтам, маған әкем сыйлаған екен ғо «советский», қалыңын, ауырлауын, сосын біздің сыныптағы бір балада болд сапалы ракетка, оның да қағидасы «the best or nothing» болатын, алайда түк те ойнау білмеді, ал қалған балалар дүкендерден қытайдікін сатып алып жатты, кейбір балдар двп, фанерадан өздері жасайтын, шарикті ұрғандағы дыбысы жіңішке шығатын, ана дыбыс үстел теннисіндегі бүкіл кайфты бұзып жіберетін. Тіпті мектеп директоры да ракетка сатып алып ойнай бастады, әрі алгебра, геометрия пәндерінен сабақ берді. Ахан ағай осының барлығына қалай үлгеріп, қалай шаршамайды деп таң қалатынбыз. Осы ойынды біздің сыныпта тек 5-ақ бала жақсы ойнады, оның ішінде: мен (жаман мақтаншақпын иә?!)) және менің екі досым. Қатты соққылардан жарылып қалатын шариктерді 10-15 теңгеге кезекпен сатып алып жүрдік. Бір күні сабақтан кейін кешке қалып, басқа балдардың ақшаға ойнап жатқандарын көрдік, өйткені жай қызық үшін ойнау қызық болмады. Шыны керек ақшаға ойнауға қорықтым, ол кезде бізде қайдағы ақша, үйден 100-200 теңге беріп жібергенге мәзбіз. Бірақ қасымдағы екі досымның бірі маған қызыққа ақшаға ойнап көрейік деді. Білесіз бе, досың араңдағы бәсекелестік ең жаман сезім екен, ойын барысында оны кәдімгідей сездім.
Қыс келді, суық түсті. Гугл астанада минус 41 дейді. Ақтөбеден кеше звандады минус 20 деді. Алматылықтарда үсіп барамыз дейді. Қысқасы, аяз. живойжурналда toxaby атты қолданушы Беларусь республикасының МЧСының сайтында жарияланған ескертуді келтіріпті. Беларустардың МЧСының сайтына сілтеме мынау.
Олай болса ҚЗның МЧСы недеватр екен деп кірдім. Ақпарат мүлдем жоқ емес бар, іздеп таптым. Негізгі бет / Қызмет / Төтенше жағдайлардың алдын алу / Тұрғындардың қатты аяз және тайғақ мұз кезіндегі әрекеті. сілтеме мынау.
Салыстырып көрейкші екі елдің министрліктері халқына деген назарын, жаны қаншалықты ашитынын.
қазақстанның аяздарында мчс айқай салып ескерту керек менім ойымша. сол айтқым келгені.
Ежелден еркіндік аңсаған халқымыздың негізгі, бас мерекесі құтты болсын. Тәуелсіздік чемпиондық атақ сияқты. Біреуге оңай, біреуге қиын жолмен келеді. Қалай келгенде де оны сақтап қалу ең қиыны. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Негізі бұл әңгімені не үшін жазып отырғанымды өзімде білмеймін, бәлкім біреуге қызық ал біреуге пайдасы тиіп қалар оны әркім өзі білер.Әйтеуір Америка ашудан аулақпын. Менің туып өскен жерім Шырайлы шығыс өңірі ал қазір мұнайлы Батыста жүрмін нақтырақ айтқанда Ақтөбе қаласында. Я мұнда келгеніме де көзді ашып-жұмғанша 2ші жыл болыпты. «Әр жердің салты әр басқа иттері қара қасқа »-деген сөз барғой. Сол сияқты бір Қазақстанның іші болсада біздің жақтан (Шығыстан) біраз ерекшелігі бар екен. Қазақ халқының келген қонаққа ең алдымен ет асып табақ тартатын дәстүрі бар екені бәріңізге аян. Бізде келген күні түскен үйімізде қазан қайнап дастархан жаюлы екен. Әне міне дегенше ортаға етте келді жол жүріп шаршап оның үстіне аздап қарнымыз ашқаны да бар еді исі мұрынды жарып барады бірақ әлі үстелге қасық қоймады ең таңқалғаным сол болды себебі мұнда «бешбармақты қолмен жейді» екен.4 күн бойы жол жүріп келе жатқанымызданба мән бермеппін аздап тырнағымда өсіп кеткен екен сондағы қысылғанымай. Әрі бұрын қолмен ет жеп көрмеген адамға ыңғайсыз болады екен бірақ уақыт өте келе оғанда үйреніп кеттім. Мені тағы бір таңқалдырған жәйт тілдік диялектнің айырмашылығы. Адамдармен сөйлескенде осы тілдің арқасында талайды қыран топан күлкіге батырып, өзім күлкіге қалған кездер көп болды өйткені кейбір сөздер 2жақта 2 түрлі мағынада қолданылады екен. Бұрын естімеген сөздерімде бар екен ол сөздердің мағынасын адамдардан сұрап алып жүрдім. Ақыры оғанда үйрендім. Енді төменде сөздердің қолданысындағы айырмашылықтарды ұсынамын. Көпке ортақ түсінікті болу үшін орысша атауында жазып отырмын.Егер де осы сөздер арасында жіберген қателерім болса алдын ала кешірім сұраймын. Сөздердің бірінші бағанында орысша, екінші бағанында шығысша,үшінші бағанында Ақтөбеше атауы жазылған
спичка сіріңке шырпы
стул орындық стол
подушка жастық көпшік
тақыр тықыр
тазик тегене (леген) табақ
кленка жапқыш дастархан
паутина өрмекшінің торы шалам
стена қабырға жар
чайник шәугім шәйнек
шәйнек ақман
сахар қант шекер
сестра апай апа
бабушка апа әже
мальчик ұл бала
дядя Немере аға тәте
куда пойдешь? қайда барасың? қаяққа барасың?
че делаешь? не істеп жатырсың нестеватсын
телка по третьему году (коровы, оленя) құнажын қашар
валенки пима байпақ
қуырдақ қуырмаш
жаркое қара қуырдақ қуырдақ
Бүлдірді(қуып кетті деген жаргонда) картопты жарды
Примите соболезование алдынан жарылқасын қайырлы болсын
поздравляю қайырлы болсын құтты болсын
родственник туыс тума
врач доғдыр доқтыр
скажи айт айтшейш
лук сарымсақ жуа
мало, немного аз, аздап шамалы
Естуімше басқа ұлттардың тілінде мұндай айырмашылық жоқ екен. Ал қазақ халқы қашанда қайталанбас ерекшелігімен өзге жұрттан дараланып тұрады.
Бүгінгі қоғамдағы адамзаттың күйбең тірлігі, тынымсыз еңбек етуі секілді қасиеттердің барлығы кішкентай болса да, әлі зерттіліп бітпеген құмырсқалардың бойынан табылатыны ешкімге таңсық емес. Алайда, жыл өткен сайын ғалымдар құмырсқалардың бізге беймәлім, адамзаттың тұрмыс тіршілігіне ұқсас тұстарын ашуда. Мен сізге солардың ішіндегі таңдаулы үш жаңалықты ұсынамын.
ҚҰМЫРСҚАЛАР НАРАЗЫЛЫҒЫ
Бүгінгі қоғамда түрлі әлеуметтік жағдайға байланысты наразылықтар, шерулер, көтерілістер жиі орын алып жатады. Дәл сондай наразылықтар құмырсқалар арасында да орын алатынын білуші ме едіңіз?
АҚШ-ның Солтүстік-Шығысында Protomognathus americanus атты құлиелнуші құмырсқалдардың бір типі мекендейді. Һәм олар Temnothorax longispinosus атты басқа бір типке үнемі шабуылдар жасап тұрады. Ол үшін олар ересек құмырсқаларын өлтіріп, жұмыртқаларын алып кетеді. Кейін сол алып кеткен жұмыртқалар өсіп шығып, олардың құлдарына айналады. Сол құл-құмырсқалар қожайындарының жұмыртқаларын бағып қағып, асырап, оларды қауіптен қорғап жүретін көрінеді. Бұндай құл-құмырсқалар Protomognathus americanus типінің бір калониясында 30-дан 60-есеге дейін жетуі мүмкін.
Сондай-ақ Protomognathus americanus құмырсқалары байырғыдан құлиеленушілікпен айнлаысқанымен, кейде олардың құлдары «наразылықтар, көтерілістер» жасап тұрады. Құлиеленуші құмырсқалардың балапандары өздеріне ғана тән, айрықша феномендер бөле бастаған кезде, Temnothorax longispinosus құмырсқалары өздерінің емес, бөтен біреудің ұрпағын асырап жатқанын бірден түсінеді екен. Сол кезде құл-құмырсқалар олардың жұмыртқаларын асыраудан бас тартып, тіпті оларды өлтіруге дейін барады екен.
Бір қызығы құлдардың бұндай наразылықтары өздеріне еш қандай пайда да, бостандық та әкелмейді. Алайда, қожайындарың саны азаяды. Бұл өз кезегінде, наразылықтардың көп орын алмауына әкеледі.
САНАСЫЗ ҚҰМЫРСҚАЛАР САНАЙ АЛАДЫ
Құмырсқалардың бір-бірімен байланысып, тілдесетіні ғылымға жаңалық емес. Алайда Сібір ғалымдары құмырсқалардың тек сөйлесіп қана қоймай, олардың тіпті санай алатын қабілеттері бар екенін анықтаған. Олар қосуды, алуды, тіпті қарайпайым есептерді шығаруды да біледі екен.
Зерттеу нәтижесі қарапайым. Бір үлкен тығыздыққа шытырман (лабиринт) орналастырып, оның ішіне дымқылданған мақталар орнатады. Ал оның біреуін тәтті сиропқа малып қояды. Содан соң, сол шытырманға барлаушы-құмырсқа келіп, қай жерде қандай азық бар екенің анықтайды. Құмырсқа илеуіне қайтып келіп, мұртшаларын тигізу арқылы, азықтың қай жерде тұрғанын басқа құмырсқаға хабарлайды.
«Осы жолмен тіке жүресің, сегізінші бұрылыстан кейін оңға бұрыласың, содан соң қайта солға екі рет бұрыласың». Шамамен осылай хабарлайды олар бір біріне. Содан соң құмырсқалар сол азыққа ұмтылып, еш қәтесіз азығын табады екен.
ҚҰМЫРСҚАЛАР ИНТЕРНЕТІ
Жалпы интернет деген ғажап кеңістіктің адам қолынан жасалған, сондықтан ол тек адамдар арасында ғана қолданылатын дүние һәм оның жан-жануарлар арасында болуы мүмкін емес екеніне сенімдісіз бе? Ендеше, қәзірден бастап ол сеніміңізден арыла беріңіз.
Стэнфорд университетінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сүйенсек, аталмыш университеттің биологтары мен есептеуіш жүйелерінің мамандары орақшы-құмырсқалардың әрекеттері интернет трафигін басқаратын протоколдарға ұқсастығын анықтаған
Құмырсқа мен интернетті салыстыратындай ортақ еш нәрсе жоқ ғой деп таңданарсыз. Алайда Стэнфорд университетінің зерттеушілері орақшы-құмырсқалардың азық іздеуге жіберілетін жұмысшылардың көлемін анықтауы, интернет протоколдарының деректерді табыстаған кездегі (Transmission Control Protocol ) каналдың көлемін анықтауынан айнымайтынын дәлелдеген.
Ғалымдардың пікірінше құмырсқаларды тереңірек зерттеу байланыс технологияларының одан әрі дамуына ықпалын тигізбек.
Биолог Дэбора Гордонның айтуынша, әлемнің түкпір-түкпірінде құмырсқалардың 11 000 түрі бар, олар не бір түрлі экологиялық проблемаларға душар болып жатырса керек.
Пілдер — қоғам боп өмір сүретін мақұлық болғандықтан, олар өздерінің отбасы мүшелеріне қатты бауырмал болады. Сондықтан да олар ауру және қиын жағдайға тап болған бауырларына қол ұшын созып жүреді ылғи. Сондай ақ, олар мерт болған бауырларына «Жаназа» оқып, тіпті оларға арнап еске алу рәсімдерін өткізіп тұратынын сіз білесіз бе?
Пілдердің өз типтестері өлгеннен кейін өткізетін айрықша жерлеу рәсімдері жөнінде ғалымдар жақында ғана білген. Өлген туыстарының сүйегін көргенде, тұмсықтарымен оны құшақтап, аяғынан тұрғызғысы келеді екен (тура бір жанына жақын серігін өлімеге қимайтын адамдар секілді). Кейін сол сүйектің өлік екенін білгеннен кейін, тұмсықтарымен керней тартып, у-шу көтеріп, жоқтау айтады. Кейінннен мейіттің үстіне жапырақтар лақтырып топырақпен көміп, солай жерлейді. Содан соң екі күн бойы «моланың» басына зиярат жасап, оның қасында ұзақ уақыт болады. Ол аз болғандай, пілдер тек қана өздерінің туыстарының ғана емес, жолдарында кездейсоқ кездестіріп қалған бөтен жануардың да өлігіне осылай «жаназа» рәсімін жасайды екен.
Пілдердің өлген туыстарының қасында соншалықты ұзақ уақыт бойы қамқор болуы қатты таң қалдырады. Тіпті адамға ең ұқсас жануар деп танылған маймылдардың өздерінде бұндай қамқорлық байқалмайды. Рас, ғалымдар бір шимпанзенің ұзақ уақыт бойы өлген туысының қасынан кетпегенін байқаған, алайда өлі дене шіри бастағанда, шимпанзе ала тонынын ала қашқан.
Қоңсы орналасқан киім сатушы Светлана Павловнаның зор дауысын қатардың мына басынан естіген ол дүкеніне қарай тапырақтай жөнелді. Айналдырған алты ай бұрын ғана бәліш, тоқаш сатып жүрген Айка бүгін білдей бір киім бутигінде жұмыс істейді. Күн аяғында келіп бастығының есеп-қисап жасап кететіні бар, ал былайғы кезде өзі би, өзі қожа.
Оның үстіне ер адамдардың киімін сатқан да қызықтырақ болып шықты, осы жұмысының арқасында жігіттермен сөз қағыстыру өнерін де біршама меңгеріп алды.
Жақында «Жақсы» порталында Rafaello -мен сұхбат шықты. Оның «шығармашылығы» туралы болған әңгіме. Менің ойымша мәселе толығымен ашылмаған сияқты. Астындағы азғантай пікірлерде де блогшылар мен журналистер тек өз жақтарын қорғаумен болған. Енді осы жерде талқылап көрейік:
Естеріңізде болса, осыдан бірер уақыт бұрын «Даяшыларды ұруға болатын мейрамхана ашылды» деген ақпарат жарық көрген болатын. Іле-шала бұл ақпаратты NUR.kz-тен бастап балалар журналына дейін көшіріп басты. «Бақсақ, бақа екен» демекші, бұл бақа емес, «утка» болып шықты.
Бұның бәрі «Керекинфо» сайтындағы Rafaello нигіндегі бүркеншіктің «бүлдіргені». Бұл сұхбатты оқымас бұрын атышулы «Даяшыларды ұруға болатын мейрамхананы» оқып алыңыз. Біз журналистерді сан соқтырып жүрген құпия блогерден қызық сынағы туралы сұраған едік.
— Сіздердің кәсіби, дәстүрлі журналистиканың өкілдерін сынаққа салып, «кек алуы» неден басталды? Бұл неге осы сайттың тіптен бас ұстанымдарының біріне айналып кетті?
— Кейінгі жылдардағы блогосфераның басты мәселелерінің бірі — авторлық құқық. Блогшылар біраз журналистерге, БАҚ өкілдеріне өкпелі екені белгілі. Жазылған мақалалардың ешқандай авторы және сілтемесі көрсетілмей шығып жатқаны, әрине блогшылардың көңіліне ауыр тиеді. Еңбекке құрмет болуы керек. Бұл бір. Екіншіден, журналист және БАҚ өкілдерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі өте үлкен.
Достар! Бүгін бір қайталанбас күн! 12.12.12 деген сиқырлы цифрлар күні. Бірінші келген ой: хех, не 09.09.09, не 10.10.10, не 11.11.11, не бүгін тойым болмады) бүгін қандай суық болса да үйленіп жатқандар бар ғой! Солар бақытты болсын! Біз де, керекшілер аман болайық! Көбейе берейік!
Осы күнге арналған сұрақ-жауап:
1. Ақырзаманға сенесіз бе?
2. Арманыңыз
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба?
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
5. Алдағы өмірден не күтесіз?
6. Керекшілерге 1 тілек
P.S.Білемін онша емес пост екенін. Текке отырмай, жаза отырайық деген ойым ғой. Әйтпесе суық, суық болғасын, юхың келеді, ал юхтасаң қатып қаласын))))