12.12.12
Достар! Бүгін бір қайталанбас күн! 12.12.12 деген сиқырлы цифрлар күні. Бірінші келген ой: хех, не 09.09.09, не 10.10.10, не 11.11.11, не бүгін тойым болмады) бүгін қандай суық болса да үйленіп жатқандар бар ғой! Солар бақытты болсын! Біз де, керекшілер аман болайық! Көбейе берейік!

Осы күнге арналған сұрақ-жауап:
P.S.Білемін онша емес пост екенін. Текке отырмай, жаза отырайық деген ойым ғой. Әйтпесе суық, суық болғасын, юхың келеді, ал юхтасаң қатып қаласын))))

Осы күнге арналған сұрақ-жауап:
1. Ақырзаманға сенесіз бе?
2. Арманыңыз
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба?
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
5. Алдағы өмірден не күтесіз?
6. Керекшілерге 1 тілек
P.S.Білемін онша емес пост екенін. Текке отырмай, жаза отырайық деген ойым ғой. Әйтпесе суық, суық болғасын, юхың келеді, ал юхтасаң қатып қаласын))))
2.Үй алу
3. Әрине!!! Жоспар бар
4. Қарсы емеспін
5.Тек жақсылық
6. Бәріміз бақытты болайық!
1. жоқ, адамдардың ішкі қорқынышынан туындаған ғой деп ойлаймын
2. ойлағанымның бәрі іске асса
3. ия,үйде… жанұяммен
4. жақсы қараймын, қатты өзгерткім келеді
5. күштііі жаңалықтар мен қуанышты күндер
6. әрбір керекшінің алдына қойған мақсаты мен тілегі тез-тез орындалсын!
1. it's just another conspiracy theory.
2. there are over 50 of them
3. sure but not as strong as Independence day
4. this is my philosophy
5. times full of good surprises
6. dare to dream
1. сенбеймін. бұл деген құс тұмауы, жаһандық жылыну, қаржылық дағдарыс, т.с.с. секілді жалған ақпаратпен көпшілік санасын тұмшалау
2. қайсібірін айтайын, санасам, әзірге 50-ден астам армандар тізімім бар
3. міндетті түрде, бірақ тәуелсіздік күнін одан жақсы тойлауға тырысамын
4. жақсы себеппен болса, қарсы емеспін. сондай мүмкіндіктерді үнемі іздестіруде жүремін
5. жиі-жиі жаңа әсерлер, мәссаған дегізетін сәттер көп болса деймін. Абайдың қырық үшінші қара сөзіндегідей — впечатлительность сердца — осыны жоғалтпасам дейм
6. жиі армандауды әдетке айналдырыңыз. денсаулыққа өте пайдалы
2. жақсыыыыы, ойымдағыдай жанұям болса…
3. жаңа жылды ганс христиан андерсеннің ертегілерімен ассоциацияландырамын. ел-жұрттың арасында жүріп, қалай тойлағанымды білми қалам ))
4. түбірімен өзгертуге дайынмын.
5. бақытты өмір
6. барлық жақсылықты тілеймін!
юхым кевтұр. бүгін-ертең маңызды күндер…
2. Арман жоқ, жоспарлар бар
3. Жаңа жылды әрине тойлаймын. Исаға мадақтар айтып, отбасымызбен шыршаны айналып, аздап шаманизм элементтері бар билер орындаймыз.
4. Белгілі бір жасқа келгеннен кейін өмірде көп нәрсені өзгертуге талпынбайды адам, керісінше тұрақтылықты қалайды, өзгерістер қалаймын әрине. бірақ, үлкен градуста емес.
5. Алдағы өмірден не күтейін? жақсы өмір күтемін да
6. КерекИнфоның керек инфо болуы қолданушыларының күшінде. Жақсы ой, сәтті уақыттағы шабыт, позитив және белсенділік тілеймін.
2. Арман қазір Алматыда. Тәксис. Ал негізі, аудармашылықтан басқа кәсіпте өзімді сынап көргім кеп жүр.
3. Әрине тойлаймыз. Біз Інжумен «Служебный романды» қарап жатамыз төр бөлмеде, мамасы оливье мен винегрет жасайды. Кейін желінеді. Қалғаны ертесіне желінеді.
4. Жұмыс туралы пікір келтірдім жоғарырақта. Өмірін өзгерту деген нонсенс. Еркін тұрып, терең демалу ғана керек. Сергисің.
5. Денсаулық, береке мен шаңырағымның тыныштығын.
6. Өмірге керекинфолық болып келмейді адам. Ол бір рет бойға дарып, зәрмен де, басқамен де шыға қоймайтын созылмалы диагноз. Шалдығу бар, айығу жоқ. Қағыну бар, зайыбы жоқ… Мен бұл дерттен айыққысы келмейтіндерге жалғыз-ақ тілек тілейін: өмірден өзіңіз кетсеңіз де, артыңызда сізді жоқтатпайтын ісіңіз қалсын.
21-і күнгіге сенбеймін. Бірақ түбі өлетініміз анық.
2. Арманыңыз
Еліміздің бәсекелестікке қабілетті 50 ел қатарына енуін көру. Ал шындап айтатын болсам Үй, Машина, Көп ақша және Ұл бала.
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба?
Аха.
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
Жиі өзгеріп тұрады онсыз да.
5. Алдағы өмірден не күтесіз?
Оны білмедім енді.
6. Керекшілерге 1 тілек
Сәтті онлайн керекшілер!
2. Арманым Сидней мэрі болу. Мақсаттарым көп…
3. Жаңа жылды жақсылап тойлаймыз, бұйырса. Ең ізгі мереке мен үшін, тек шамадан тыс шығындалатыным болмаса)
4. Өмірімді 100 пайыз өзгертуге жақсы қарамаймын, қазір де Аллаға тәубә, осындай бақыт бергеніне. Белгілі бір тұстарын ғана жөндеуге, толықтыруға келісер ем, пайызға салсам: 30 пайыздайын…
5. Алдағы өмірден тек Жақсылық күтемін!
6. Керекшілерге де Жақсылықтар тілеймін, ал ВКМ, Сіздің Бай Шалдың сүйікті келіні болуыңызға тілектеспін
Иманның алты шартының бірі дейді ғой. Сенемін.
2. Арманыңыз
Арман көп. Тіпті, армандарымның арасында өмір сүрем десем де болады.
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба?
Тойлағанда, атап өтемін ғой.
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
Өмір дегеннің өзі өңшең өзгерістерден құралған емес пе?! Құдай қаласа, қарсы емеспін. Бірақ, фәнидегі ең асыл адамдарымнан айырылғым келмейді. Құдай бұл тілегімді қабыл етсе деп тілеймін, тағы. Ол адамдармен қай құқайың да қорқынышты емес, қай қуанышың да қастерлі.
5. Алдағы өмірден не күтесіз?
Өлім күтем ғой, негізі. Соған дейінгі уақытты барынша, мән-мағыналы өткізуге тырысып жүрмін.
6. Керекшілерге 1 тілек
Қашан да ойларың мен пікірлерің керекті болсын!
Тым салмақты боп кетті-ау деймін, а, жеңеше?)
2. Армандарымды ешкіммен бөліспейді екенмін, тек арман орындалған кезде ғана «ия, бұл менің арманым ед, орындалды, шүкір» деп тәубе айтып қоям болды.
3. Жаңа жылды тойлаймын, сеть қуыватқан кезде телефон соғып, смс жазам, ааа, бұйырса, 1 қаңтар күні саунаға барам. )))))))))))))))))
4. Админнің құрдасы ретінде, оның пікірін қолдайтындығымды мәлімдеймін.
5. 4- тармақты қара.
6. Аман болыңдар. Давай, э!
Ақырзаманның болатыны ақиқат. Сенем. Бірақ қай күні, қай сағатта, қай сәтте екені Алладан басқаға аян емес.
2. Арманыңыз
Адамның арманы мен алға қойған мақсаты таусылғанда тірі өлікке айналады деп ойлаймын. Айта алмайтын арманым бар, орындалғанда айтам. )))
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба?
Жоқ, ол мен біз қолданып жүрген күнтізбенің соңғы күні ғана.
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
Ол өзгерістің ешкімге зияны тимейтін болса, қарсы емеспін.
5. Алдағы өмірден не күтесіз?
Мен үнемі бір нәрсе күтіп жүрем, ол не екенін білмеймін өзім де.
6. Керекшілерге 1 тілек<br>
Керекшілерге екі дүниенің де бақытын тілеймін!
2. Арманыңыз? Арман көп қайсібірін жазайын, жас үлкейген сайын кейбір армандарым сағымға айналып бара жатқандайма өзі!
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба?Арнайы тойламаймын, біреу 1-2 бокал пибі ішуге шақырса қарсы емеспін!
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)Өмірімнің аяқ асты 100 пайыз өзгеруіне сенбеймін, барі ретімен бола жатар!
5. Алдағы өмірден не күтесіз?Сірә жамандықты ешкім күтпесі анық, тек жақсылық!!!
6. Керекшілерге 1 тілекАман жүрсін қайда болсада!
Алла «Сақтанғанды сақтаймын» деген ғой…
осы ақырзаманның болады дегенге 2012 жыл өтті, біздің эрамызға дин қаншама млндаған жыл, әлі жоқ. күдікті нәрсе өзі, алдап кетпесе енді түбінде болатын шығар
2. Арманыңыз
Ғарышқа ұшу
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба?
ия тойлаймын! мен үшін ерекше мереке, отбасымыздың бас қосатын, бір жерде отырып ас ішіп, әзіл айтып, ән салып дегендей.
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
енді мамандығымды ауыстыра алмаймын, өйткені уже ауыстырып жібергем)) ал тұрған жерді енді жазда ауыстырам деген ой бар)
5. Алдағы өмірден не күтесіз?
ат салысып жатқан дымым жоқ, бірақ қазақтардың тұрмыс-тіршілігінің өзгергенін қалаймын.
6. Керекшілерге 1 тілек
Керекинфо сайтының әр қолданушысына жақсылық тілеймін! Иманды, инабатты азамат/азаматша болсын деймін!
Базукааа, сәлем, Астанаға келесің бе?
ВКМ-ді мен де елестеттім. ана кісі сияқты бокетті ))): р
— Иә, сенемін. Бірақ 21 желтоқсан күнгі болатынына сенбеймін.
2. Арманыңыз
— Арманым көп. Мақсатым Мессиден сұхбат алу
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба?
— Жоқ. Мен үшін көп күннің бірі. Алайда, демалыс беретін болғандықтан Таразға барып қайтамын.
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
— Қазіргі өміріме разымын. Әйтсе де Робинзон Крузо секілді алыс бір арала барып өмір сүргім келіп жүр. Тынық мұхитында орналасқан бір аралда, қасыңда ғашығың болса. Айнала жап-жасыл, жеміс-жейдекке толы болса… Очм, осындай жерге барып тұрғым келіп жүр.
5. Алдағы өмірден не күтесіз?
— Ештеңе. Күткенің орындалмай қалса тағы жаман. Дұрысы болғанды қалыпты қабылдап, ештеңеге алаңдамау.
6. Керекшілерге 1 тілек
— Виртуалдағы тұңғыш мекенім бұл. Сондықтан өзіме және отбасыма не тілесем, керекшілерге де соны тілеймін
бүгін түсімде ақырзаман болып кетіпті. адамдардың аузынан бастап езіліп былжырап жоқ болып кетіп жатыр. Ужсс сенгім келмейді.
2. Арманыңыз
көп қой
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба?
әрине, отбасыммен. үйде шырша қоямыз
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
үш жыл бұрын өзгерткенмін, осы өмірім ұнайды
5. Алдағы өмірден не күтесіз?
тек жақсылық
6. Керекшілерге 1 тілек
керексіз болып қалмаңдар!
Жоқ!
2. Арманыңыз.
...
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба?
Иа, көп адам сияқты ішемін мен де.
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
Өзгертіп те жүрмін. Қалаған уақытымда жұмыстан шыға саламын.
5. Алдағы өмірден не күтесіз?
Күтпеймін ештеңе.
6. Керекшілерге 1 тілек.
Оқуға тұратын жазбалар, әрине
2. Жер орбитасынан шығу.
3. Тойлаймын, «Ирония судьбы»-ды асыға күтемін.
4. 100 пайызды қаламаймын, мамандығымды: тамақ өнімдерінің технологына, тұрғылықты жерімді: Жаңа Зеландияға ауыстырғым кеп жүрм
5. алдағы өмір мені күтсін,
6. Ойландыратын, күрделі жазбалар
2. Арманыңыз — Олимпиаданың бас жүлдегері, ҚР ардақты бапкері, аяулы жар и батыр ана атану!
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба? — да, кобіне 22 наурызда))
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?-туратын жерді озгеру-омірімді озгертпейді, куйеуге шыгып озгертуге болат
5. Алдағы өмірден не күтесіз?-Женіс
6. Керекшілерге 1 тілек- коп тілек жазгым келген, но 1 тілек-алган беттерінізден тайманыздар!
ЖОҚ. ЖОҚ. ЖОҚ
2.Арманыңыз
Көп қой, қайсыбірін айтайын
3.Жаңа жыл тойлайсыз ба?
Әрине тойлайм
4.Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
Дайынмын
5.Алдағы өмірден не күтесіз?
Көп өзгеріс күтем
6.Керекшілерге 1 тілек
Жазарларыңыз көп болсын!
1. Ақырзаманға сенесіз бе?
қалыс қалдым
2. Арманыңыз
баяғыда айтқам, қазірде айтам: арманым — барлық армандарымның орындалғаны
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба?
Үй ішімен отырып атап өтіп, 00 ден кейін дос, туыстарымның үйлерін аралап кетем
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
100 пайыз болмасада 50 пайызға өзгерту қажеттілігі туындап жүр
5. Алдағы өмірден не күтесіз?
Баламның сүндет тойын атқарып, немеремнің үйленгенін көріп, шөберемнің алақанынан су ішуді күтіп жүрмін.
6. Керекшілерге 1 тілек
Аман болсын
2. Не армандайтынымды әлі анықтай алмадым. Ананы өйтсем ғой, мынаны бүйтсем ғой деген сияқты ертесі күні-ақ ұмытылып кететін өткінші ғана қалауларым бар.
3. Тойлаймын.
4. Неге болмасын? Бірақ тұрақтылықты ұнатамын. Тәуекел етсем де атымды байлап қойып тәуекел ететіндерденмін. Жылтыраған нәрсенің артынан қуалап жүре беретін делеңбай емеспін деп ойлаймын өзімді
5. Келіп алсын алдымен. Сосын ішіндегі жаманын шетке ысырып, жақсысын өзім іріктеп алармын
6. Керек керектеріне жарасын, өздері де Керекке керектерден болсын
2. Айтпаймын. Әйтпесе орындалмай қалады.
3. Тойлаймын.
4. 100 пайызға өзгергенін қаламас едім. Ал былайша шамалы өзгертулер мен толықтырулар енгізуге қарсылығым жоқ.
5. Бұйырғанын күтем да. Бірақ бұйырғанды күтпесе де болатын шығар? Өйткені ол онысыз да бұйырып тұр емес пе? Сонда ештеңе күтпеуге де болады ма? Не боп кетті өзі?
6. Қайда жүрсеңдер де аман болыңдаршы!
Қиямет күніне сенемін.
2. Арманыңыз
Көп. Ең бастысы сенім артқан жандардың үмітін ақтау.
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба?
Соңғы 8 жылда сезінбеппін.
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
Осыған тәуба!
5. Алдағы өмірден не күтесіз?
Тек жақсылық.
6. Керекшілерге 1 тілек
Керек әрі қажет ақпараттар көбей берсін.
1. сенбейм
2. жазда күтем жауабын
3. ия, бірақ қызықсыз боп барад чета(
4. әрине жақсы жағы боса шансты жібермеуге тырсамыз ғо)
5. әрине тек смайл күтем)))
6. смайлдарын таусылмасын))) не важно қандай: мындай
Жалпы сенемін. Бірақ 21-күнгіге сенбеймін.
2.Арманыңыз
Арман — орындалмайтын зат деп түсінемін. Мақсаттарым көп.
3.Жаңа жыл тойлайсыз ба?
Әрине отбасыммен қарсы аламын бұйырса
4.Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
Мекен-жай ауыстыру ғана ойымда бар
5.Алдағы өмірден не күтесіз?
Балаларыма бақытты өмір
6.Керекшілерге 1 тілек
Бармақтай бақ
Ендігі кезек сауалнамада:
1. Ақырзаманға сенесіз бе?
Сенемін. 21 күні болады
2. Арманыңыз
Орындалмайды, себебі ақырзаман болады ғой
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба?
Тойламаймын, себебі ақырзаманда өліп қаламын ғой
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
Не пайда? Ақырзаман…
5. Алдағы өмірден не күтесіз?
Не ғой… Ақырзаман болады дейді, соны күтіп жүрген…
6. Керекшілерге 1 тілек
Ақырзаман болмай-ақ қойсын
Мен өмір сүру үшін өліп-өшіп емделіп жүрсем, қайдағы ақырзаман))). Сенбеймін, ол туралы ойламаймын. Ия, түбінде ақырзаман болар, бірақ меніңше, ол уже басталып кеткен.
2. Арманыңыз
Армандарым көп қой… Бір Арманым қай мемлекет, қай қалада екені белгісіз жақсы қонақүйде администратор, тағы бір Арманым «Ақюлдуз Исмойлов»тікі сияқты бутик ашып алған, ал енді біреусі жер шарын айналып, саяхаттап жүр(жалғыз емес, жарымен))). Иншалла алда Арманды Мақсатқа переименовать етейін.
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба? Атап өтеміз отбасымызбен.
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс) Оң қараймын.
5. Алдағы өмірден не күтесіз? Денсаулығымның мықты болғанын күтемін.
6. Керекшілерге 1 тілек Армандарыңыз орындалсын, ойларыңыз заттансын!
2. Армандарым орындалып қоя беред, соған қарағанда майдаланып жүрмін ау боқтан өзгені армандап, бірақ тап қазіргі өміріме ризамын. Жаңа арман ойлап таппадым әлі.
3. Вахтада болам. Арақ ішпеймін, былай да сылқытатыным шамалы))
4. Екінші бапты қара. Сұмдық ұсыныс болмаса, былай да бақыттымын.
5. Жаңа қиындықтарды және олардың оңай шешімдерін) Өлім туралы ойламайм, ол бәрібір табиғи нәрсе ғой, күт күтпе.
6. Сәттілік тілейм, елу пайызын ғана онда да. Қалғанына өздеріңе нағыз керек болса, жетесіңдер.
Ақырзаманға дайындалып жатырсыңдар ма?)