"Есірткіні өз арамызда емес, ниггерлерге сатайық, олар бәрібір хайуан емес пе..."

«Крестный отец» фильмінде итальяндықтардың осылай деген жерінде тітіркеніп қалып едім. «Болады ғой жамандары. Негрдің бәрі саған Уилл Смит пен Эдди Мерфи ме не?», — деген сонда інім.

Қара нәсілді адамдармен араласып көрмегеніммен, кино, телевидение, музыка әлемі менің тесік-тесік басыма олардың образын мейірбан, аңғал, еңбексүйгіш, бала мінезді етіп мықтап қондырып кеткен. Жалпы, байқауымша, Америка киноларында афроамерикандықтарды жағымсыз рөлде бейнелей бермейді. Оның себебі тарихта жатыр ғой, әрине.
Он тоғысыншы ғасырдағы Америкадағы негрлердің құқығын аяққа таптаған, заңдастырылған құлдық туралы қанша естіп жүрсем де, осы күнге дейін ол туралы бірде бір әдебиетті ақтарып көрмеппін. (Холокост, 731 отряд, Невада-Семей- Хиросима-Нагасаки деген сияқты жантүршігерлік масштабты оқиғалардың қасында Оңтүстік Америкадағы негрлер құқығы деген не?) Бүгін әйгілі «Том ағайдың лашығы» деген кітап кездейсоқ қолыма түсіп қалды. Негрлердің күнделікті көрген адам төзгісіз қиындықтары туралы емес, олардың жан азабы жайлы екен. Бірге қиналдым. Ыза болдым. Оқи-жаза білген, төрт-бес тілді жетік меңгерген, өздерін әлем мәдениетін алға бастаушымыз деп санаған сол уақыттағы ақ американдықтардың қатыгездігіне емес, рухани мәгүрттігіне. Олардың қылмыстары — қара жұмысқа құл салу емес екен, мыңдаған құл негрлерді итпен қуып, атып-соғып өлтіргендерінде де емес екен. Олардың ең үлкен қылмысы, ауыр күнәсі – ана мен баланың бір-біріне деген махаббатын жоққа шығаруында екен: «Отправлю мать куда-нибудь, тобы не мешала – ведь вы сами знаете: с глаз долой – из сердца вон, — а когда дело сделано и назад его не повернешь, она воле-неволей свыкается. Ведь это не белые, которые сызмальства знают, что жена должна жить при муже, а дети — при родителях», — дейді бірқұл сатушы. Немесе: «Ну что вы! Такие слова смешно слушать! Негры принадлежат к низшей расе! Няня не способна на глубокие чувства… Можно подумать, что няня любит своих замарашек не меньше, чем я люблю Еву!»- дейді біреуі үйіндегі күтуші негр әйел туралы. Негр сүйе білмейді, негр үшін отбасы деген түсінік жоқ, негрге баланың қажеті жоқ. деген пікір аксиомаға айналған. Мен үшін бұл нағыз сұмдық.

ЗЫ:
Кішкентай күнімде балалар емханасында жатқанда бір кәрі орыс медбикенің: «Эти казахи совсем не умеют кормить своих детей. Они кашу не едят, привыкли только к жирным лепешкам, это ужасно», — дегені есіме түсіп кетті. Олардың да істемегені жоқ қой.
Әрі қарай

... не пісіресің?

Уа, жамағат! Аязды қыс мезгілінде жылы үйде отырып, дастархан басында ыстық шәймен ішетін тәттілерді жасауды ұсынамын. Оңай, тез, дәмді!  Менімен бірге ілесе отырыңыздар, бастайық!
Әрі қарай

Омар Хайям. Рубаилар (Аударған түрім, енді)

Шығыс ақындарынан Омар Хайямды өзгеше құрметтеймін. Орысшаға аударылғандары көп. Бірақ, өзім орысша дұрыс түсінбегеннен соң, өлеңді жетік түсіну де қиынға соғады. Өз ойымда орыстардың тілі Омарды толық түсіндіруге жетпейтін сияқты көрінеді (өз ойым). Шығыстық үлгіде болған соң көбінесе, өзбек және шағатай тіліндегі аудармаларын оқимын. Аэропортта отырып, не істерімді білмей, Омардың мына өлең жолдарын шамам келгенше аударып шықтым. Бірақ, өзімнің көңілім кішкене толып отырған жоқ. Әлі де нағыз ойды шығара алмаған сияқтымын. Не болса да, оқып көріңіздер!
Әрі қарай

"Жұлдыздар фабрикасы" Қазақстанда


«Жұлдыздар фабрикасы» байқауының көрсетіліп жүргеніне біраз болды. Басынан көрдім десем болады, бірақ біраз уақытқа дейін конкурсанттардың аттарын жаттай алмай әлек болдым. Бұл конкурстың басқаларынан ерекшелігі өте көп. Ең бірінші кілең жастар қатысты. Және көбі музыкадан жұрдай емес ұлдар мен қыздар.


Әрі қарай

3D max тағы жұмысымның жалғасы


Мен осыдан 1 жарым ай бұрын Менің алғашқы 3ds max-тағы жұмысым деген пост жариялаған едім сол кезде сол шағын роликтің жалғасы бар деген едім міне соны жасап шығырып отырмыз, ол кезде жақынарада дегенмін, бірақ сол кезде шығару болатын тек менің компым ескі мұндай бағдарламаларды көтермейді сондықтан да мен ағамның уйіне аптасына 2 рет барып істеп тұрдым міне сол видеом аяқталып бугінгі тұган куніме орай керекинфоға салып отырмын.(Бірақ айта кетерім видеода Рауан мен Роботтын жазуларын шатастырып алдым және соңында да қылайтын адамды шатастырып алдым. Бірақ бұған мән бермеңіздер )Тамашалаңыздар, баға беріңіздер, пікір қалдырыңдар
Әрі қарай

Соңғы көш (екінші бөлім)

Қабдеш Жұмаділовтың «Соңғы көш» романында 1962 жылғы жаппай көшу суреттеледі. Сол соңғы көшпен келген жұрттың арасында сегіз жасар екі бала, менің әкем мен шешем де бар екен.
Әрі қарай