"Есірткіні өз арамызда емес, ниггерлерге сатайық, олар бәрібір хайуан емес пе..."

«Крестный отец» фильмінде итальяндықтардың осылай деген жерінде тітіркеніп қалып едім. «Болады ғой жамандары. Негрдің бәрі саған Уилл Смит пен Эдди Мерфи ме не?», — деген сонда інім.

Қара нәсілді адамдармен араласып көрмегеніммен, кино, телевидение, музыка әлемі менің тесік-тесік басыма олардың образын мейірбан, аңғал, еңбексүйгіш, бала мінезді етіп мықтап қондырып кеткен. Жалпы, байқауымша, Америка киноларында афроамерикандықтарды жағымсыз рөлде бейнелей бермейді. Оның себебі тарихта жатыр ғой, әрине.
Он тоғысыншы ғасырдағы Америкадағы негрлердің құқығын аяққа таптаған, заңдастырылған құлдық туралы қанша естіп жүрсем де, осы күнге дейін ол туралы бірде бір әдебиетті ақтарып көрмеппін. (Холокост, 731 отряд, Невада-Семей- Хиросима-Нагасаки деген сияқты жантүршігерлік масштабты оқиғалардың қасында Оңтүстік Америкадағы негрлер құқығы деген не?) Бүгін әйгілі «Том ағайдың лашығы» деген кітап кездейсоқ қолыма түсіп қалды. Негрлердің күнделікті көрген адам төзгісіз қиындықтары туралы емес, олардың жан азабы жайлы екен. Бірге қиналдым. Ыза болдым. Оқи-жаза білген, төрт-бес тілді жетік меңгерген, өздерін әлем мәдениетін алға бастаушымыз деп санаған сол уақыттағы ақ американдықтардың қатыгездігіне емес, рухани мәгүрттігіне. Олардың қылмыстары — қара жұмысқа құл салу емес екен, мыңдаған құл негрлерді итпен қуып, атып-соғып өлтіргендерінде де емес екен. Олардың ең үлкен қылмысы, ауыр күнәсі – ана мен баланың бір-біріне деген махаббатын жоққа шығаруында екен: «Отправлю мать куда-нибудь, тобы не мешала – ведь вы сами знаете: с глаз долой – из сердца вон, — а когда дело сделано и назад его не повернешь, она воле-неволей свыкается. Ведь это не белые, которые сызмальства знают, что жена должна жить при муже, а дети — при родителях», — дейді бірқұл сатушы. Немесе: «Ну что вы! Такие слова смешно слушать! Негры принадлежат к низшей расе! Няня не способна на глубокие чувства… Можно подумать, что няня любит своих замарашек не меньше, чем я люблю Еву!»- дейді біреуі үйіндегі күтуші негр әйел туралы. Негр сүйе білмейді, негр үшін отбасы деген түсінік жоқ, негрге баланың қажеті жоқ. деген пікір аксиомаға айналған. Мен үшін бұл нағыз сұмдық.

ЗЫ:
Кішкентай күнімде балалар емханасында жатқанда бір кәрі орыс медбикенің: «Эти казахи совсем не умеют кормить своих детей. Они кашу не едят, привыкли только к жирным лепешкам, это ужасно», — дегені есіме түсіп кетті. Олардың да істемегені жоқ қой.
Бөлісу:

30 пікір

Aldeken
Бір ұлт өкілінің басқа бір ұлт өкілін кемсітуіне қынжылған екенсіз, онда елге келген оралмандарды «орысша білмейді, шайға тұз салып ішеді, этиканы білмейді, бла-бла-бла, бұқақақақа, муахахахаха, хехехе, ки-ки-ки» деп саусағымызды шошайтып мазақтаған кездерімізді тілге тиек етпегеніңізге таң болып тұрмын…
Janasil
Тарихтан мұндай сұмдықтар жетерлік. Талайы қазақтың басынан да өткен. Тек біз болған нәрсені болды деп көрсете алмай жүрміз!!! Қазақтың қасіретін жүрекке жеткісе жазса жылағанның көкесі сол кезде болады.
Onlasyn
Қазақтың басынан өткен қасіретін шертудің не керегі (пайдасы) бар?
Janasil
Әрине оны білгеннен гүлденіп кетпейміз. Тек тарихи шындықты біліп өссе кейінгі қазақтардың бойында сәл болса да сезім пайда болар ма еді, отанға деген, тіліне деген! намыстары оянар ма еді.
AsanQaigy
Қазақтың басынан өткен қасіретін шертудің не керегі (пайдасы) бар?
Осы сұрақты неге қойдың?
Gulzhanat
оралман бауырларымыздын елге келген жылдары бастауышта оқитын едім. Зоя, Гүлжазира, Айтолқын, Күлімжан, Ғалымжан деген оралман балалармен дос болғаным есімде, олардың үйлеріне барып, шайға тұз салып ішіп, қодастың сүтінен жасалған құрт жегенім есімде, мазақ қылғанымыз, кемсіткеніміз есімде жоқ, айымсори. Тек анда-санда Бақытгүл деген оралман қыздың «Гүлжанат — орыс» деп мазақтағанына ыза болып, жылап жүретінмін )
TERISKEY
менің тесік-тесік басым
ужссс…
Gulzhanat
рас айтам ) жел гулеп тұрады)
Altygradus
Кішкентай күнімде балалар емханасында жатқанда бір кәрі орыс медбикенің: «Эти казахи совсем не умеют кормить своих детей. Они кашу не едят, привыкли только к жирным лепешкам, это ужасно», — дегені есіме түсіп кетті
дұрыс айтқан
AsanQaigy
Мен ондайға қарамайтынмын
qisyq
Бір қазақтың «Түй, осы орыстан сасық халық жоқ шығар, үйін кірсем, тұра қашамын мұрнымды басып, шошқаға жақын болған соң, сол ғой» деп айтып жатқанын естіп, жағамды ұстап едім. Жамандық деген ұлтқа қарамайды ғой.
satibaldi
Жәй, олар иконаға салодан жасалған шырақ жағады да, соның иісі барлығына сіңіп қалады.
Gulzhanat
Хе) Маған орыс тілінен мектепте репетитор болған кемпір де: «Первый раз встречаю такиз чистоплотных казахов!» деп өлтірген еді
Onlasyn
Жамандық деген ұлтқа қарамайды ғой
Меніңше әр ұлттың өзіне тән жақсы немесе жаман қасиеті болатын сияқты
satibaldi
Қаззақтар ғана жаман қасиеттерін жақсы мен жаманға бөліп көрсетуге тырысатын сияқты.
KILYZAMAN
Сыртынан қарағанда можан томпайлығынан не үміт, не қайыр — іштері(пейілдері) қаралардан
satibaldi
"Қыли-Хрестомат", 250 бап
konvict
Бір нәрсе айта кетейіншы. АҚШ-да есірткіні заңды түрде рұхсат еткен дейді ғой. Бірақ дәрігердің рұқсаты керек дейді. Рұқсатты сатып алу 100 доллар тұрады екен
Aizhantabyn
Говорят в Москве кур доят.
Janasil
Қателеспесем кей штаттарында солай. Арнайы орындар бар.
meirzhan
Еш нәсілшілдігім жоқ, бірақ рас айтам, мына сурет маған бір-түрлі әсер етеді. Осы суретте маған бірдеңе ұнамай тұр. жағымсыз Тез арада мышканың ролигін айналдырып комменттерге түсіргім кеп кетеді.
Gulzhanat
Бұл суреттегі тауариштың сақалы мен сары тістерінен бала-шаға ғана қорқуы мүмкін… Бірақ сенің сезімтал түйсігіңе не ұнамай тұрғанын білем! Растаманская красно-желто-зеленая шапка!)
meirzhan
Регги бағытына дым қарсылығым жоқ  
Ассоциациялар жақсы емес. Адам бейнесіндегі шайтан баа әлде бір сектант паа әлде сақалынан үркіп тұрмын баа. Нечеловеческий бірдеңе.
Gulzhanat
меніңше, көздері суық, аха?
meirzhan
Бұл еще күлгені ғой, күлмей түскен суретін көрсек ...
Gulzhanat
Психикаңа қатты алаңдап отырмын. Болды, бұл постқа кірме.Дұға жастанып жат. Шамды сөндірме.УФ-ФФ…
meirzhan
Ұйықтай алсам, көзге регги айтып жүрген "қамқор" шайтандар елестеп жүр.