МБ немесе бір түрлі коктейль

Баян Есентаеваның «Ғашық жүректің» біріншісіндегі қарарман көрермендегіні дөп басуы ұнап еді. «Рэкетир» әкелген тың леп сияқты бір жаңашылдық байқап едім онысында. Кеше екіншісіне жұмыстан сытылып шығып барып қайтып едім.
Бұған дейін барғаныма өкініп, фильмнің бастауалды жиырма минутынан кейін тұрып кетіп қалған екі «кином» бар екен. Біріншісі бір жыл бойында әсіре жарнамаланған ана Шаолинь тәріздес тақырбас бала туралы (фильмнің атауы да есімде қалмапты), екіншісі – орыс кинематографиясындағы ең көп шығынды керектіргендердің бірі, ертегі жанрындағы Кончаловскийдің туындысы. «Щелкунчик» пе еді…