Бақытты күндер...

Жамбыл: Не айтатыны бар, ұнайды. Дәл солай, өзіңмен осылай отырған ұнайды. Қой дерсің, ерсі дерсің. Көп ойландым, көп толғандым, ақыры осындай шешімге келдім десем не дерсің? Сенің парасаттылығың мен ақылыңды ешбір жаннан кездестірмедім. Кәттамын деп кеуде ұрғандарын қайтейін, қол қойғаным бар. Кеше өзің білетін «Керекинфода» бәрін қатырдым. Жаңадан келіп қосылып жатырмын, қабыл алғайсыздар деп постты жариялап кеп жібердім дейсің. Һа, таппайды бәрібір мені. Бүгін отыр бастары қатып, жаңадан келген бе, әлде троль ме деп. Мен қазір келемін, сен жаза бер

Қарақат: Жаза бер дейсің, не жазайын? Олай адамдарды ақымақ қылғаның не? Түсінбеймін, сол бірнеше аккаунттың қажеті не? Жаным, осындай тірлігіңді қоймасаң өзіңмен сөйлесуді тоқтатамын-ау. Мені де жынды қылып жүрген шығарсың, алданғым келмейді.

Жамбыл: Оу, қарағым, не айтып отырсың? Жаңа ғана ұнайсың деп айтқан жоқпын ба?! Алдамаймын сені, ешқашан!!! –деді де сызылта ысқырып, «Керекинфо» сайтын қайта аша бастады.

Жастың күнделікті тірлігі осы, еш өзгермейтін, өзгерісті талап етпейтін. Өз-өзіне ермек тауып, осылай өзіне берілгені қашан. Виртуал өмірде өзі би, өзі қожа. Қаласа, Қарақат пен Жамбыл болып агентте отырады. Қаласа, әлеуметтік желілерге тіркеліп, бірде дөкей, бірде он екіде бір гүлі ашылмаған бойжеткен болып шыға келеді. Өзін қабылдамаған, есуас санаған, анасының өзі жынды санап, төрт қабырғаға қамаған «қатыгез әлеммен» ғаламторда тіл табыса алған Жас «бақытты» күндерін осылай алаңсыз кешуде…
Бөлісу:

10 пікір

dark_nazgul
Ал, қабыл алыңдар. тағы бір шығарма.
кеңшілік жасаймын: қатысам деушілер болса, ертең де жіберсін маған )))
бүрсігүні уже қабылдамаймын.  ренжімессіңдер) әр нәрсенің шегі болады))
araika
Мынау өзгешелеу екен, себебі Керекинфо қосылған.
konvict
Не ғо, ертең кейбір газеттерден виртуалды махаббат деп бәйге жариялап, сосын осы мақалаларды оқып жүрмелік
Ereke
ммм өзгеше, тартымды тақырып!
balzaminka
обшым, монитор артында кім отырғаны түсініксіз, абай болалық]
a63a1
Аяқсыз қалыптығой, аяғында Аршат банға жіберген шығар деп топшылап отсам
a63a1
Өзін қабылдамаған, есуас санаған, анасының өзі жынды санап, төрт қабырғаға қамаған «қатыгез әлеммен» ғаламторда тіл табыса алған Жас «бақытты» күндерін осылай алаңсыз кешуде…
мына
Өзін қабылдамаған, есуас санаған, анасының өзі жынды санап
жеріндегі сөз тіркестері дұрыс емес сияқты ма қалай? 2 рет асықпай қайталап отырып бірақ түсіндім