Ердақын Ырсаечтың агенті мен әйелі
Ердақын Ырсаеч жұмыс көлігін тұраққа қойып, алынғанына екі-ақ ай болған Toyota Camry-дың есігінен гүрсілдеп, әрең түсті де, кеңсеге беттеді. Жуан қарын сары портфелі салп-салп етіп аяғын ұрып қоймаған соң, көтеріп, қарнына қойып, қапсыра құшақтап алды.
«Саламатсыз ба, Эрдакын Ырсаеч», «Ердақын аға, ассаумүким». Офис-менеджер болып істейтін құдасының кіші қызы мен күзетші қылып алған ауылдағы жамағайынының баласы орындарын қатар тұрып, жамырай сәлем берді. Бұл әдеттегідей қабағын қарс түйіп, сәлем алудың ырымын жасады. Жасады да түкпірдегі өзінің бөлмесіне беттеді. «Тұрдыбатқұлов Ердақын Ырсайұлы» деген жазуы бар есіктің ар жағында кішігірім сақтандыру компаниясының директорын ертегі әлем күтіп тұрған болатын…
Интернет дейтін ит-әуресі көп дүниемен Ердақынның танысқанына екі-ақ ай болған. Онда да жоламас еді, мұның компаниясы кіретін бизнес-құрылымының басшылары есеп-қисапты поштамен жібер деген бәле қылған соң меңгеруге тура келді. Алғашында, «поштасы нес» деп «Қазпошта» жағалағаны бар-ды. Қазір онысы есіне түссе, көлемді қарнын селкілдетіп күліп алады. Күліп алады да «Әй, сауатсыздық-ай, әй, қараңғылық-ай» деп басын шайқайды.
Он үштегі қыздай таза жаңа компьютеріне орнатылған алғашқы бағдарламалардың бірі агент болды. Офис-менеджері тық-тық етіп бұған жеке электронды пошта ашты, агентіне өзін, күні-түні ұялы телефонынан көзін алмайтын күзетші жігітті, мұның әйелін (ол қайдан біледі десеңші агентті!), бала-шағасын, жұмыстағы басқа қызметкерлерді топырлатып қосып берді.
Сол-ақ екен, Ырсайдың ортаншы ұлының құдайы берді. Күні бойы кабинетінен шықпайды, телефонды да тек қажетті жағдайда көтереді. Жұмыстағыларға агентпен «выышть» деп бұйрық беріп қойып отырады. «Әй, осы орыстардың таппайтыны жоқ қой» дейді ара-тұра, қатты риза болғанда.
* * *
«Еркек қырыққа келгенде құтырады» деген рас-ау, соңғы кезде Ырсаеч өткен-кеткен ұзын сирақтарға көз тастайтынды шығарған. Бұрын біресе қалтасы көтермей, біресе жұмыстан босамай басқа етекті ашуға шамасы келмеуші еді, қазір мойны жуандап, жағасы қыса бастағалы бері, жиырма жыл бірге тұрған әйелінің дәмі кеткен сияқты көрінетін болды.
Әуелі, қызып алғанда «ажырасамын» дейтінді шығарды. Бір қарағандағы «сыры кетсе де, сыны кетпеген» әйеліне соңғы кезде жиі ашуланатын болды. Осы уақытқа дейін басқа «сұлуларға» тек сол ғана кінәлі сияқты болып көрінді де тұрды. Оның сөздерін жүрдім-бардым тыңдауға көшті, бар я жоқ екенін елемеді.
Достарымен саунаға барып, «футбол көруді» жиілетті. Шіміркпейтін болды. Анау бір жолы қонақүйде үстінен түскен әйелін «Кешірім дейді ғой! Атаңның басы кешірім сұраймын! Мен болмаса кімсің сен! Көтіңді қысып жүр» деп соққыға жықты.
Қайбір отырыстан араққа тойып алып шыққан Ердақын жолай аяқ астынан офиске келген. Кірсе «Күзет» формасын шешіп тастаған күзетші майка-трусиі ағараңдап дәретханадан келе жатыр екен. Бұл шарт кетті. Айқайлады. «Қуам» деді. «Кет, жинал» деді. Көзі алақтап «Аға, аға, көке, көке, тыныш, ойбай, тыныш, көке» деп күзетші бала тыпыршып кетті. Денесімен ішкі бөлмелерге, дәретханаға өтетін есікті жауып алды.
Кенет Ырсаечтың көзіне ресепшнның үстелінде жатқан әйел адамның іш киімі түсті. Біртүрлі таныс сияқты. Бірақ қайдан, қашан көргенін жөпелдемеде есіне түсіре алмады.
«Ыңқ» етіп ықылықтады да көзін сығырайтып інісіне қарады. Сұқ саусағын шошайтып «Әй, әй, бала, уақытты тек өткізбейсің, ә» деді. «Агенттің арқасы ғой, аға, агент» деді сасқанынан басқа не айтарын білмеген күзетші.
Бұл кезде іштей қызу қанды жас жігітпен таныстырған «майылруға» алғыс айтып, Ердақынды бір сәтке ұмытқан Ырсаечтың әйелі «Кім ол?» деп дәретханадан шығып келе жатқан болатын.

48 пікір