Есім еске түсіп...

meirzhan ның блогынан Ғарифолла Есімнің «Адам Зат» кітабы туралы рекомендациясын оқып, ол кісі туралы ағамның естелігімен бөліскім келіп кетті.
Теледидардан не газет бетінен көріп қалса, ағам ол кісі туралы: «Нағыз азамат Ғарифолладай-ақ болар», — деп отырады үнемі.Олай дейтіні, Мәскеу билеген 70-80 жылдарда ауылдан көздері бақырайып үлкен қалаға оқуға келген қазақ балаларының шын жанашыры мен қорғаушысы осы кісі болыпты. Ағам Семейдегі пединституттың худграфында оқып жүрген жылдары Ғарифолла Есім факультет деканы болған екен. «Қазақ балаларын түтіп тастауға дайын тұрған орыс оқытушылардың ешбірінің аузын аштырмайтын еді – дейді ағам.-Бір қазақ жігітін қорғағаны есімде. «Вы видели как он рисует?! Он же талант!!! Историю КПСС не знает! И что? Профильный предмет какой? Рисование.Пятерка же? Вон сидит ваш лучший стдент.Одни пятерки, а рисует – ноль.И кем он будет?»- деп жүріп стипендиясын алып берген болатын. Ол кісі барда қазақ студенттер стипендиясыз қалмайтын».
Енді бірде, тіпті бір студенттің диплом жұмысын өзі қорғап беріпті. Диплом жұмысын жазғанда әлгі студент суреттегі адамның бір саусағын дұрыс салмаса керек.Дүрсе қоя берген комиссия мүшелерінің алдына Ғарифолла ағамыз өзі шығып алып суретті майын тамызып мақтай жөнелген екен.Әбден мақтауын жеткізіп, азуы алты қарыс сыншыларды иландырып болған соң: «Осындай кереметті қалайша жаман деуге болады? Бар кемшілігі бір саусақ қана ма? Әкелші бері бояуды, қазір өзім-ақ түзей салайын!» — депті.
«Ол ол ма! Жатақхананы тексеріп жүріп, удай мас болып, кескен теректей сұлап жатқан менің үстімнен түскен ол кісі «Вы не видите, у него жар! Не тревожьте» деп жатақхана комендантын маңайлатпай қойыпты.Есімді жиғанда бөлмелес жігіттер айтты», — деп ағам қарқ-қарқ күледі.
Содан бері отыз жылдай уақыт өтсе де, ағам айта берсе таусылмайтын студенттік жылдары туралы әңгімелерінде Ғарифолла Есім деген адамның аты ерекше бір құрмет пен мақтаныш аралас интонациямен айтылады.Сол кезде факультетте қанша студент оқыды екен? Оның қаншасы осы күнге дейін «Ғарифолла — нағыз азамат!»деп еске алып отыр екен?
Егер қазір билік басында отырған ағалардың әрқайсысы дәл осы адамдай жақсылық жасап жүрген болса, еліміз үшін еш алаңдамауға болатын шығар) (солай ойлаймын есьжы).
Әрі қарай

Қазақша-ағылшынша онлайн сөздік

Қазір онлайн сөздіктердің ішінде қазақша-ағылшынша сөздік lugat.kz/ сайты бар. Сайтты жасаушы, идея авторы Ұлыбританияда оқитын қазақстандық жігіт Айбек Өжкенов. «Лұғат» сөзі орта ғасырлық түркі тілінше «сөздік» дегенді білдіреді.
Әрі қарай

Қырсықтым

Әңгіме былай, жер лай емес. Очм, әшкиім сынып қалғанына біраз уақыт болған. Қайта барып тапсырыс беруге қол тимеді.(Өтірік, мойын жар бермеді). Сонымен бүгін түскен таман жаңасын алмақшы болдым. Алдымен 4 шағын ауданда орналасқан «Оптика»-ға бас сұқтым. Негізі бұрын да келіп тұратынмын бұнда әшкиді жөндету үшін. Сондағы орыс қатынға қояр притензиям жоқ. Қазақша сөйлей алмаса да айтқаныңды түсінеді. Бұл жақтан өзіме ұнайтын әшки таба алмадым. Бәрі бір сарынды. Кейбірі қымбат, өз бағасына татымайды да. Жақсы болса мейлі ғой бағалысының. ГарриПоттеріңдіссс.
Әрі қарай

Алақай, ауылға газ келді!

Жаңа жылды біздің ауыл жақсы көңіл күймен қарсы алды! Тура 31 желтоқсан күні ауылдағы 60 үйге газ кірді. Тура сол күні ақ түтек боранмен арпалысып аудан әкімі жаңа демалыс паркінің есігін ашты. Сол күні ауылдағы тұңғыш сауна да тұрғындарды тегін суға түсірді. Бұл жаңалықтардың бәріне де қуандым. Өйткені, от жағып, отын сатып алу оңай шаруа емес. Оның үстіне біздің жақтың бораны ғаламат. Қазір аудан орталығындағы құрылыс дүкенінде сауда қызып тұр. от жағудан мезі болған тұрғындар қардың қалыңдығына, қыстың ызғарына қарамастан, газ кіргізуді бастап кетті. Кеше үйге қонаққа келген апамдар босағадан аттай бере "Үй Ташкент, ночноймен жүрміз" деп қырып салды. Осылайша, бәріміз қуанып жатырмыз. Тек қи сататын бір әже «газ келіп, боқтың астында қалатын болдық қой» деп өкпелеп жатыр дейді.
Әрі қарай

Қазақ карикатурашы коррупция тақырыбындағы конкурста үздіктер қатарында

Ресейлік «Новая Известия» газеті ұйымдастырған Коррупция тақырыбындағы карикатуралар конкурсында астаналық танымал карикатурашы Айдарбек Ғазизовтың шығармасы үздіктер қатарына еніп, арнайы грамотымен марапатталды.

Жарысқа 43 елден 600-ге жуық карикатура қатысты. Айдарбек Ғазизовтың мына карикатурасы жюрилер таңдаған 14 үздік карикатуралар қатарына кірді:

Антикоррупция: Қазақ карикатурашы коррупция тақырыбындағы конкурста үздіктер қатарында
Әрі қарай

Барлық керектіктерге жалынды сәлем!! Берен Саат 31 арна эфирінде


Жаңа жылдың алғашқы күндерінде «31 арна» өз көрермендерін бірнеше жобалармен қуантпақ. 4 қаңтардан бастап – «Әуе. Жер.Ғашық.» және «Мезгілсіз сезім» хикаялары эфирге жол тартады. Алғашқы телетоптамада бас рөлдерді әр жылдарда Түркия Аруы атағын алған Cелен Сойдер мен Бирче Ақалай сомдаса, екінші хикаяда қазақстандық көрермендермен жақсы таныс Берен Саат пен Кыванч Татлытугтың өнеріне куә боласыздар.
Әрі қарай

Адам не үшін мақтанады?


Расында, адам не үшін мақтанады?
1. Сенің ішіңді күйдіру үшін, қызғанып, өзін бишара, елдің қоры сезінгенін көріп рахат алу үшін бе?
2. Әдейі мақтанып, сенің реакцияңды біліп, мақтанып жатқан кезінде сені өзіңді қалай ұстайтыныңды қызықтағысы келу үшін бе немесе мені көре алмайды екен деп көзіңді жеткізіп алу үшін бе?
3. Мақтанбаса тұра алмайтын және сол мақтануына орай естігісі келетін сөздерді естімесе ауырып қалатын ауру болғандығы үшін бе?
4. Өзінің артықшылығын сезіну үшін, жеткен жетістігін, мал-дүниесін өзгемен салыстырмалы түрде қарастырып, көңілін жайландыру үшін бе?
5. Реті келсе, мақтанып жатқан елмен бірге қоса мақтанып, өзінің де «ниче» екенін еске алу үшін бе әлде. Сосын ешкім ештеңе сұрамаса да өзін өзі мақтап, қандай қымбат киім алғанын, қандай атақты адамдармен кездескенін, қай елге барғанын, қандай заты барын айтатындарға құсқым келеді.
Мен де бір кісідей мақтанамын. Айтамын, ішім босап, жеңілдеп қалам. Тіпті, қуаныштан жүзімнің алаулап кететінін қайтерсің. Соған қарағанда, мақтану адамға жақсы энергия беретін позитиві мол бірнәрсе болса керек. Бірақ, мақтанған кезде мүмкіндігінше біреудің іштей жәбірленіп қалмауына, психологиялық тұрғыдан оның реніші мен наласын арқаламай айтуға тырысады екем. Сонда бұл да ауру ма?
Әрі қарай

Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа

Жаңа жылды Маңғыстау облысында қарсы алдым. Халқы қонақжай, қазақы екен, барғаннан қонақ болу.
Содан қай жерге барсаңда әңгімесіз шай ішілмейді дегендей, -„Бізде, Атырауда, былай„- сериясынан кетед. Оларда да жынды-жынды әдет-ғұрыптар бар екен. Бір жағы дұрыс сияқты болса бір жағынан „Онысы несі„- деп отырамыз. Айтайындаеп отырғаным, әкелген дорбаның ішін ауыстырып беретін салттары бар екен.
Әрі қарай

Ех, Рүстем, Рүстем



Менен "Қазақстандағы екі жас талантты режиссерді ата" деп сұраса, мен ойланбастан: Олар — Рүстем Әбдірашев пен Ақан Сатаев дер едім. Бірақ «Балалық шағымның аспаны» фильмінен кейін Рүстемге деген жоғары көзқарасым түсіп кетті. Бұл жолы Рүстемнің тым ұсақталып кеткенін, тым төмендеп кеткенін көрдім. Бұл фильм — оның кәсібилігіне сын.
Әрі қарай