Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа

Жаңа жылды Маңғыстау облысында қарсы алдым. Халқы қонақжай, қазақы екен, барғаннан қонақ болу.
Содан қай жерге барсаңда әңгімесіз шай ішілмейді дегендей, -„Бізде, Атырауда, былай„- сериясынан кетед. Оларда да жынды-жынды әдет-ғұрыптар бар екен. Бір жағы дұрыс сияқты болса бір жағынан „Онысы несі„- деп отырамыз. Айтайындаеп отырғаным, әкелген дорбаның ішін ауыстырып беретін салттары бар екен. Ия, сол үйге падаркіңізді пакетке салып ала барсаң, ішіндегісін ауыстырып қайта беред сол пакетіңді (сондағысы метр жарым мата).
Әңгімеден әңгіме шыға бір апамыз қонаққа келіпті дейді. Шай ішілген, ас желінген, шығар уақыт болыпты.
-Ал балдар сау болың, аман болың, — деп апамыз есіктің алдын тұр. Шықпайды.
-Ал балдар сау болың, — дей береді екен. Сөйтсе пакеті ауыспай қалыпты. „Ауыстырып бер„- демейді, бар айтатыны -Ал балдар сау болың, аман болың, — өзі шықпайды бірақ.
Бір кезде әлгі үй иелері түсініп, пакетін ауыстырып береіп жатырса — Қыдай-ай, соны не қылайын деп жүрсіңдер! — деп апамыз кетіп баратыр дейді.

43 пікір

asaubota
әр адамға өзінің туған жерінің салттары ең дұрыс болып көрінетін шығар. мысалы мен ойлап отырмын, бізде бәрі дұрыс сияқты, оғаш ештеңе жоқ сияқты.

ана маңғыстаулықтардікі біртүрлі екен негізі.
salta
баяғыда менің ағам үйленгенде бір жеңгеміз сөмкесін толтырып огурцы алып келіпті, тойға сый екен… әжемнің ашуланғанын көрсеңіздер… қожаның қызыңдыссс деп тұрып…
aza
Салтты, калыптаскан дастурди сынау уятка калдырады,,, Мангыстауда тук те кулкили емес пакет ауыстыру, жай гана куйки тирлик тудырган пендеуи нарсе, оган танданатын тук те жок, маселен, мен Атырауга тойга барсам, домбырамен ан айткан балага арким атын атап, кезекке турып акша бергенди уят санауым мумкин!
TERISKEY
Пакет ауыстыру бізде де бар Пакет ауыстыруға да машықтанған біреу болмаса, кей сәттері өткен тойдағы берген матаң өзіңе қайта келіп қалуы әбден мүмкін
manshukn
Ондай пакет ауыстыру бізде де бар. Мен мамаларға айтам: «соны апармасаңдар не болад?» деп, мама: «енді өткенде өздері әкелді ғой, ұят болад» дид.
asaubota
міндетті түрде ауыстыру деген жоқ қой. апаруын апарар, бірақ орнына бірдеме бер деп сұрап алғандай болу біртүрлі.
aza
Апаруын апардым,,, Епти катын болса отанасы пакетти сол заматта ауыстрады, етегине суринген бейбак болса кутемин да мамалсыз, а то келеси уйге пакет апару ушин кайта уйге барып журем ба)))
Тунде 'О чем еще говорят мужчины' деген фильм кордим,,,
Таласпайык, достар, сыйлык ауыстыру орыстарда да кен етек жайган)))))
TERISKEY
Апаруын апардым,,,
стоп, сонда ерлер де пакет апара ма?
aza
Қума, Теріскеү! Жалпылық туралы айтылып жатыр!
Nurgisa
TERISKEY кума дей ме, не дейди, кудай-ау
madlen
Тунде 'О чем еще говорят мужчины' деген фильм кордим,,,

кеше мен де қарап, көңіл-күйім ужс болд
aza
Менің қызыма да қатты ұнаған жоқ… Түсінікті, әрине)))
Aldeken
ол ештеңе емес, Маңғыстау жақта бір үлкен той-томалақ болғанда 1-2 келін сол келген қонақты қарсы алып, пакеттерін қабылдап тұрады. Сосын үйге кірсең, бір бөлмеде 1 кекселеу, тәжірибелі әйел отырады, келген пакеттердің ішіндегісін ауыстырып. Қабылдап жүрген келіндер өздерінің жақындары келгенде, олардың паекттерін арнайы табыстайды үйдегі диспетчерге «Апа, мынау біздің пәлен жеңешенікі еді, жақсысынан саларсыз» деп, сыбайлас жемқорлығыңдыссс…
balzaminka
ондай кісілер арнайы сайланады ғо, памятысы мықты кісі өтер, анау-мынау емес
balzaminka
дорба ауыстыру қазақтың ежелден келе жатқан тірлігі ғо  Мойынға қарыз болмасын деп жасайды оны. Көршіден алған қысқа жіптің өзін кісі қайтқанда туыстары тарататынды содан да таратады емес пе, еш қарызсыз болсын деп ана жақта
Gulistan
2008 жылы нағашым қайтыс болып, сол жақта өткен жерлеуге қатысқам. Айтайын дегенім, дорба ауыстыруды сонда бірінші рет көрдім.Табалдырықтан аттар адамның қолында қызылды-жасылды пакет болады, оны үй иесі, болмаса есік алдында тұрған келінге ұстата салады, ол өз кезегінде қуыс бөлмеге барып, ішіндегісін шығарады да, оның алдында келгендердікінен бір ер адам көйлегі мен екі метр жыртпаны кері салып, дайындап қояды. Қысқасы, шатыспау керек.
Тойын білмедім, бірақ садақасында бір адам блокнотпен отырады, жұмысы — келіп-кеткен адамдардан көмек ақша қабылдау.
balzaminka
Гүлеке, кім қанща бергенін жазып отыратын болар, кейін сол блокнот сақталып тұрады. Оны да қайтарады
araika
Хехе, осыдан біршама уақыт бұрын бұрын үйден сондай тізімделген дәптер тауып алған болатынбыз. Әрбір есімнен соңғы ставка 500 теңге Дөкейлердің өзі 1000-2000-нан әрі асырмаған.
Ех, ақшаның құны-ай
FaraOn1
Ресейдегі қандастарымыз той жасағанда қонақтарының қанша не әкелгенін тізіп жазады. Орыстар сияқты. сосын өздеріне сонша апарады. Ақша үшін есептескенді ұнатпайтыным
satibaldi
Шымкент жақта нан сатып алсаң, «ыздашыға жівашкі ала сал» дейді, сондай ақжарқын халық.
satibaldi
Екібастұзда үйді әкпен ақтап, бейітті көмірмен қаралайды.
Armanjan
бұл енді өтірік болып кетті!
Erkekyz
Ондай салт бізде де бар). Оңтүстікте.
asaubota
сонда да мұндай сый-сыяпаттың есепке алынып, берілуі біртүрлі нәрсе. бізде біреуге барсаң ештеңе апармасаң да ренжімейді. кетерде өздері салып бермесе кетуші ештеңе сұрамайды да.

ал, былай қонаққа немесе шәйға бара жатсаң үйінде кішкентай балалар болса немесе балаемізер әйел болса емшегі ісіп кетпесін деп құр қол бармайды.
Marco
Рас, Марконың үйіне барсақ, амал жоқ табақ пен стақан ала барамыз деп, қосып қой
salta
оооо, Маралбек келді!!!
Marco
профилактика))) жұмысқа тек тоғызына қосылам)))
asaubota
қой, ондай енді анда-санда болады ғой аздап бойдақ өмір сүргесін. келесіде барсақ согымыз бен шикалад, алма, банандарымызды алып барамыз ғо
Aldeken
Айхоооооу, Ырғызға да мегалайн барған екен ғо… оптоволкноңдыссс…
Marco
кети, епті! Ырғызда не өшің бар осы сенің? ))) скорость 4,7 а так!!!
Economist
Админ, өздері салып бермесе емес, өздері салып алмайды емес пе той-томалақтарда.
Мына жерде Сигма үлкенді-кішілі той-томалақты айтып отыр, жай қонақтықты емес. Жай кездегі қонақтықта қай облыста болмасын қолың құр бармайды. ЖАзылмаған заң
asaubota
sigma қонақтықты айтып отыр ғой. тойда екі бастан салып алады немесе келіндер салып береді ғой өздері.
qusbegi
«Аңқыма» деген тамақ бар дейді ғой сол жақтарда
Economist
Секе, сіздердегі орамай мен жемегеніңді салып алуды қайда қоясыз?
Пакет ауыстыру тек Маңғыстауға тән емес. Оны әңгіме қылу ер адамға артықтау секілді.
satibaldi
Үндістанда рикшаны артынан видеоға түсіріп отырсаң, экстазға түсед.
Simona
Ондaй бiзде де бaр. Тойлaрдa бiрiнiкiн-бiрiне aлмaстырып қaйтaрып бередi. Кiмнiң пaкетi қaндaй түстi екенiн ұмытпaу керек. Мәселен бiр құрметтi құдaғи тaзa мaтa әкелсе, оғaн нaшaр мaтaдaн қaйтaрғaн ұят болaды.
Aртынaн соң aпaшкaлaр мaтaның aстындa отырaды, әрқaйсысың бiр ұстaп: "… мынa мaтa кiмнен түстi, күштi екен, қaзiр модa, бaзaрдa метрi пәленбaй теңге!" деп
Zilola
Баягыда жездем апкеме уйленгенде бiздiн алыс-берiс салтымызды «обмен ненужных вещей» деп едi. Казiр уйiне барсан кур шыгармайды, ойткенi ол болмашы заттан кедей болып, не байып кетпейтiнiн тусiндi. Ен бастысы КОНIЛ!
Zilola
Апкелерiме куда тусiп келгенде, (бiзде жезде/куйеудiн калтасын карау салты бар) калтасынан шыккан болмай калган быкыбай-шыкыбайга да таласканбыз, жетпей калгандар ренжiп. Адам конiлi бiр атым насыбай/бiр шаугiм шай демекшi, бастысы конiл.
muro
дорбадан бұрын мал беретіндерді айтсай, аша тұяқты мен жұмыр тұяқтыны жарыса жаудырып байытып кетеді.