ББ

ББ-Бауыржанға базына

Кәдімгі Бауыржан Ибрагимов ағамызға ренішім скавородкадай. Жаңа жылдың демалыс күндерінің бірінде еліміздің арналарының бірінен осы кісінің есеп беру кешін берді. Шығармашылық кеші. Алдында біздің қаламызға да машинасының капотын тіреп кеткен.Цирк ғимаратына. Бармағаным жақсы болыпты.
«Бауыржан шоу» болып «Тамашадан» бөлініп шыққан кезінде тап-тамаша қойылымдар қойылушы еді. Бұл жолы да сондай бір нәрселер күттім. Езуіме жымиыс әкелген әзіл болмады.Әлде екі баланың әкесі болғалы мен «серйозныймын» ба? Баяғы бір тізесі шығып кеткен трико тақырып. Құдағи мен татар құда жайлы. Оған да не қосарларын білмей қалса керек.Ақырында құдағидың аузына «Менің аяғым ауыр» деген сөзді салыпты. Басқа-басқа Бауыржан ағамызға бұндай әзілдер жараспайды екен. Кезіндегі «Тамашаның тарландарын» көрген Бәкеңнің бұл қай сасқаны дедім де қойдым. Ішім ашыды. Әзілдеріне емес, көрермендердің босқа кеткен уақытына. Билеттерінің құыны екі мың теңге ме, бес мың теңге ме маған белгісіз. Белгілісі, екі жүз теңгеге де татымайтындығында.

Айтпақшы, Бауыржан ағамыздан алынған «Сахна- сайқымазақтардың төрі емес» деген тақырыптағы сұхбатты «Астана ақшамы» газетінен оқи аласыздар
Суреттің алынған жері
Әрі қарай

Қыздар сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді

Осында қыздарға, әйелдерге тән әрекеттер мен мегапразыларын жаза отырайық.
Қуаныш білдіру:
— Уряяя! Күчтт (Клаааассс!, Суууупер!, Керемеееет!)
***
Кез келген жеке сұраққа:
— (Көзі айналып) Оны қайтесің?
***
-Жаным, ертең бізде мүмкіндік болғанда ше...
***
— Блиин, арықтау керек еді...
***
Әрі қарай

"Вампирдің күнделігі" сериялы қайта оралды

Таңертеңнен осы сайтқа тіркеліп, ұйқыдан енді тұрған қолданушылар қауымына иіліп салем салайын десем, әлі кім старший қайнатам, кім қайнапам (дальше по такому порядку қайнаға и все такое) екен білмей тұрмынXDDDD)) Но это не особо важно!

А теперь, ближе к делу: егер қолданушылар арасында «дневники вампира» сериялдың жанкүйерлерлі болса, олар бұл сериялдың кеше 7 қаңтар, ұзақ уақыт бойы демалыстан қайта телеэкранға шыққаны жайлы білетін болар. Егер ондайлар жоқ болса, төменде бұл «аджайыб» фильмді тамашалап, онымен таныса алады 
P.S. Сонымен тамашалаңыздар, егер басқа серияларын іздесеңіздер vkontakte.ru вам в помощь!

Дневники Вампира:1-сезон 1-серия
Дневники Вампира:1-сезон 2-серия
Дневники Вампира:1-сезон 3-серия
Дневники Вампира:1-сезон 4-серия
Дневники Вампира:1-сезон 5-серия
Әрі қарай

Қош бол,балалық

Балалық.Сол шаққа қайта оралғым келеді.Кіп-кішкентай қыз болып, уайым-қайғысыз өмір сүру қандай бақыт! Кішкентай кезімде «тезірек үлкен қыз болайыншы» деп армандайтынмын.Балалық шақ, бір қызық кезеңдер ғой!
Кітаптарды қарап отырып, Ділдәр Мамырбаеваның "Қош бол, балалық" деген шығармасын тауып алып, оқыдым.Бұл хикаятта үш бала.Олар Кәрім, Бөкен, Мұрат. Кәрім аздап мақтаншақтау.Бөкен қорқақ.Мұрат… Мұрат жөнінде сөз басқа.Шығармада ол жөнінде біршама жазылады.Оның әкесі жоқ еді.Көп қиналатын.Олар сондай ақылды, ересек балдар.Үлкендерге көмектеседі.Жын-пері болып,өзі ешкіммен сыйыспайтын Тұрдыбекті қорқытқаны да бар.Даладан әр түрлі заттарды тауып алып,өздеріне мұражай ашып алды.Оқыған адамға қызықты.Ішіне кіріп кетесін.Қазіргі кішкентай балалар сондай ма? Далаға шыға беріп, көрші үйдің терезесін сындырып дегендей әр түрлі тентектік жасайды.Осы үш балаға қызығып, балалық шаққа оралғандай болдым.
Әрі қарай

Келмей қойдың... (Реалистік поэзияның алтын қорынан)

Кездесуге келем деп келмей қойдың?
Неге сен солай еттің айтшы маған?
Телефоның кейде-кейде, байланыстан тыс бір жерде!

Мына өлеңді алқаш тойыс алғаш рет оқыған адам автордың шегіп алғанына 100% сенімді болады.
Әрі қарай

ММ Жалғасы

Махаббат, жігітті айтам, Оралда туып өскен. Анасы жүкті кезінде шаранасы қыз болса екен деп армандапты. Содан, жынысқа тәуелді емес Махаббат деген ат қоюды ұйғарады. Айы-күні келгенде дүниеге шекесі торсықтай ұл әкеліп, атын өздеріңіз байқап отырғандай, Махаббат деп қояды. Қазір ол Астанада тұрады. Құрылыс фирмаларының бірінде жұмыс істейді. Осыдан бір жылдай уақыт бұрын, жұмыстың ретімен бәсекелес компаниялардың біріне жолы түседі. Мұндағылар, өздерінде де бір Махаббатың бар екенін айтады. Бірақ, бұл күні танысудың сәті түспей, бірнеше күн өткен соң ол аттасымен танысу үшін қайтып барады. Таныса келе Махаббат та, қызды айтам, Оралдық болып шығады. Тағдыр Астанада жолықтырған екі жас содан бері бірге. Маған жолыққанда туған жерлеріне үйлену тойын жасауға бара жатыр екен. Бұйырса 14-қаңтарда Оралда Махаббат пен Махаббаттың тойы! Очм, нағыз Махаббат станциясы.)))

Әсіресе жігіт Махаббат мәз, «Анама барып, міне отыз жылдан соң Махаббат деген қызды болдың деп айтам», дейді! Бақыт тілейік оларға!
Әрі қарай

лыс-мыс, лылық-лылылық, ық-ық...

«Кейігім келіп тұрғасын кейіп тұрмын!» — деп тағы кейіді Ол сонда" © Евангелие от Амандық, псалом "Құрыған адамдарға", стих 81:44.

Мейірімі аз Шиваның атымен бастаймын!

Уа жама'ат! Уа, храм мен шіркеудің арасында жаны қыдырған исажар болғыр амиголар! Уа, ғақылия уәсасуа мұғжыза мүкәммал мүүміндер!
Я пақаның емеспін, физиологиялық тұрғыдан мақаның болуым — екібастан мүмкін емес. Әйтсе де, жанашыр айтты дейсің бе, көлденең гей атты айтты дейсің бе, өзің біл, бірақ ақылым: 1989 жылдан кейін қазақшаға аударылған ғылыми кітаптармен оқымаңдар! Қолдарыңа түсе сала пешке лақтырыңдар, имаматқа жіберіп, тиым салынған әдебиет қатарына енгізуді сұрап, бақырып жылаңдар; тек оқымаңдар!
Лібә, аудару деген өзі конвейерге қойылған шаруа екен. Материалды өңменінен өткізу, сезіну сияқты тәржімашы этикасы баяғыда қоқысқа тасалған екен. Жолма-жол аударып отырып, жаңа сөздерді туындата береді екен, шешесстер! міне біразы:

нарушение — бұзылыс (ом манэ падме хуум!);
ясность — ұғынықтылық (Минне тиккел юпарсиин!);
отсутствие четкости — ұғынықтылылық жоқтығы;
методичное уничтожение — әдістемелік нұсқау бойынша құртып отыру (ммуах-ха-ха-ха-хааа).

Очм, еңбектерді түпнұсқа тілінде оқу үшін тіл үйреніңдер. Қорқыңдар, қорқыңдар мына үрдістен, мына мына қайғы-тәржіматорлардан, мына мына ақшасоққыр албастылардан!

Мейірімнен жұрдай Мейіргүлдің фамилиясымен аяқтаймын: Оңғарова.
Әрі қарай

Доп ойнаған тозар...


Бүгін спорт жаңалықтарын ақтарып отырып мына «кереметті» көзім шалды! Біз өліп-талып айына 50-60 мың жалақы аламыз, ал мынау төмендегі
Әрі қарай

Бағлан

Өмір қиындықсыз болмайды.Басыңа түскен қайғыны жеңе білуің керек.Сені қолдайтын,қорғайтын жандардың арқашанда жадымызда болатынын есте сақтау қажет.Сондай шығармалардың бірі Дулат Шалқарбаевтың «Бағлан» атты хикаяты.Бұл хикаят әке-шешеден бірдей айырылған кішкентай Жекен жөнінде.Жекенді әкесі Байсалдың немере інісі Бақтыбайға табыстады.Артына қалған мал-жанға қарайласты.Әйелінің аты Боранкүл.Мінезі де боран секілді.Төрт балалары бар.Осы үйдегі төрт баланың үлкені-қыз.Аты Гүлсім.Гүлсім ержеткен, байсалды қыз.Анасы Жекенді күні-түні жұмысқа салып қояды.Сол кезде қорғап қалатын Гүлсім еді.Жекен Гүлсімнің барына қуанады.Бұл шығарманының бір қызығы адам мен жануар арасындағы достық.Жекеннің жақсы көретін қозысы Бағлан.Бірде Бағланды үй-іші тамаққа айырбастамақ болады.Сол кезде екеуінің көз жанарларынан моншақтап жас үйірілді.Адам таңғаларлық.Жануар мен адам қалай дос болады? Кішкентай қозыда анасынан айырылған.Сондықтан да болар екеуі бір-біріне бауыр басып кеткен.Әрі қарай не болғанын оқып көріңіздер.Өте керемет шығарма.2009 жылы «Бағлан»хикаяты дәстүрлі «Дарабоз» бәйгесінде бірінші орынды алған.
Әрі қарай