ММ Жалғасы

Махаббат, жігітті айтам, Оралда туып өскен. Анасы жүкті кезінде шаранасы қыз болса екен деп армандапты. Содан, жынысқа тәуелді емес Махаббат деген ат қоюды ұйғарады. Айы-күні келгенде дүниеге шекесі торсықтай ұл әкеліп, атын өздеріңіз байқап отырғандай, Махаббат деп қояды. Қазір ол Астанада тұрады. Құрылыс фирмаларының бірінде жұмыс істейді. Осыдан бір жылдай уақыт бұрын, жұмыстың ретімен бәсекелес компаниялардың біріне жолы түседі. Мұндағылар, өздерінде де бір Махаббатың бар екенін айтады. Бірақ, бұл күні танысудың сәті түспей, бірнеше күн өткен соң ол аттасымен танысу үшін қайтып барады. Таныса келе Махаббат та, қызды айтам, Оралдық болып шығады. Тағдыр Астанада жолықтырған екі жас содан бері бірге. Маған жолыққанда туған жерлеріне үйлену тойын жасауға бара жатыр екен. Бұйырса 14-қаңтарда Оралда Махаббат пен Махаббаттың тойы! Очм, нағыз Махаббат станциясы.)))

Әсіресе жігіт Махаббат мәз, «Анама барып, міне отыз жылдан соң Махаббат деген қызды болдың деп айтам», дейді! Бақыт тілейік оларға!
bk
Бөлісу:

50 пікір

Marco
Лібә, дым айып етпеңдер!!! Бір инет кафеге кіріп жазып кетіп-ем, асығып отырып, шынымен cut деп қиын кетіппін))). Историяның дым интригасы қалмады-ау дейм уже)))
muro
иа түк интиа түк интиа түк инт
salta
ужссссс, Махаббат — Махаббат, балалары мамаңның аты кім десе де Махаббат, папаңның аты кім десе де — Махаббат деп тұрады екен ғой. Құдай аясын, обалдағаааай…
Marco
қойш, қайта күшті ғой. Кімнің баласысың десе Махаббаттың дейді, болды.)))
qwenchi
Рақышевқа сатсаң болады екен
Erke
той Орал қаласында болады екен,19852407 тойға барып келіп мына жерге үшінші бөлімін жаз сен!!!
Aizhantabyn
Тағдыр))) Керемет)
АЛЛА берем десе, осылай ақ қыз берген ғой әлгі анаға)
balzaminka
керемет қандай?! Шын жүректен бақыт тілеймін ол кісілерге
satibaldi
Сәйкесінше — есімдері әр түрлі жұптар Сізден мұндай тілек ести алмай ма?
balzaminka
бүгін әлжуазиммен страдаттап отырм, бәріне бақыт тілеймін, Сізге де, маған да
Zilola
Сұрақ: неге осы «шекесі торсықтай» деп айтады?
сосын «алтын асықтай» деген де бар, ал қыз бала туылса «ай десе abibas-ы, күн десе кросовкасы» деп неге айтады? просты туылды дей салса ше?
ken
просто сөйлем неғұрлым ұзын болса, соғұрлым әдемі болады деп ойлайды да, осындай тіркетерді қыстыра береді
ken
мысалы, «екі ай болды» — «екі айдың жүзі болды»
Gastarbaiter
Қыркүйектің он үшінде — Қыркүйек айының он үшінші жұлдызы туғанда
Marco
Мені де ОЕҚЖ қатарына қосып отырсың ба? ))) Дәл осыны әдемі болсын деп жазғаным шамалы, қалай ойға келді, солай жазылды! Инет кафеде отырып әдемілікті ойлады дейсің бе?!
ken
ол нақты саған қатысты жазылмады. жалпы жазғанмын.))
MickThatsMyNick
Махаббат Махаббатын тапты деген осы!
Marco
Оралдағы ТДК-42 каналында кімнің таныстары бар? Сюжет жасап жіберуге болады ғой, а?
Marco
Жазбаның атын өзгертіп тастадым…
araika
Бақыт тілеймін Ержанбаев сияқты

«Случайности не случайны» деген бар ғой, мен осыған сенемін.
Gastarbaiter
Кунгфу Панда есіме түсіп кетті.
Adiletshu
Лібә, анда-санда осыны мен де айтушы едім
Marco
Тақырыппен Астана каналының Оралдағы тілшісі айналысқалы жатыр)))
manfan
Махаббаттың құдырет күші әлдилеп!!! дееепп әндетіп кетсем…
manfan
қалай қарайсыңддар?)
Marco
көздің астымен, сүзіп қарап… дауысы әдемі екен дейміз))))
manfan
шапалақ, шапалақ)))))))))))))
manfan
ду қол шапалақ!
VKM
гүд лақтырып… бравоооо, бииис деп айқайлаватрмын
manfan
ащы тұщыы айтпаймыз ба?))))))))))))))
Adiletshu
Атам қазақ қыздармен сүйіспеген,
Атам қазақ қыздарға тиіспеген.
Маңдайынан жай ғана иіскеген
Gastarbaiter
Атам қазақ қыздармен сүйіспеген,
Атам қазақ қыздарға тиіспеген.
Маңдайынан жай ғана иіскеген
Сол ғой 10 ақ миллион боп отырғанымыз.
Tarazkyzy
Тағдыр ғой. Маған таңсық емес. Куйеуім екеуміздің тегіміз бір, атымыз ұқсамаса да.Курстастарым:«Күйеуіңді қалай өз фамилияңа ауыстырып алғансың? Әлде туыла сап өз фамилияңды беріп па ең?» деп қалжыңдайды.
Бақытты болсын! Түрлері ұқсай ма? Әдетте жұбайлар бір-біріне ұқсас келеді дейді ғоой
Marco
Фамилияның бірдей болғаны күшті ғой))) Құжат өзгертіп әуре болудың керегі жоқ)))
Ал, екі Махаббат бір-біріне ұқсамайды. Сары жігіт пен қара қыз. Жақынырақ танысқанда ұқсастықтарын табуға болатын шығар)
ErNur
Суреттері қайда Marco? Суреттері болғанда жақсы болар еді.
Marco
Сурет өкінішке орай жоқ. (((
Zhan
«Баланың тту туралы құжатында әкесі Махаббат, анасы Махаббат дегенді де мына көз көрді» деп жыр қылатын болыпты ғой көргендер.
FaraOn1
Сағыныш қарындасым, Сағыныш деген жігітке тұрмысқа шыққан. Басында бірүрлі болды. Қазір үйреніп қалдық. тойда Сағыныш пен Сағыныш, Сағыныштар, Сағыныш квадрат деп неше түрлі тосттар арналған оларға
Armanjan
Бақыт деген аттас адамдар бар отбасылы. Сосын балалары Жанбақыт, Ербақыт және Елбақыт.
Gulistan
Нағашымның қызы бар Астанада, аты — Жаннат. Күйеуі де Жаннат
QazaqQyzy
Махаббаттар бакытты болсын)))
aza
ММ деген басқаша мағына береді маған…
Aldeken
МЖМ, ЖМЖ деген аббревиатураларды жаныңа жақын көретін шығарсың…
aza
Цүнбедім, на))) қойшиш, ас үйлік әңгімелер ғо, қызартып адамды елдің көзінше, брооо…
kaspi_meruerti
Осыған дейін де естігем бұл әңгімені. Өте қызық жағдай. Не дейміз, бақыт тілейміз