Бағлан

Өмір қиындықсыз болмайды.Басыңа түскен қайғыны жеңе білуің керек.Сені қолдайтын,қорғайтын жандардың арқашанда жадымызда болатынын есте сақтау қажет.Сондай шығармалардың бірі Дулат Шалқарбаевтың «Бағлан» атты хикаяты.Бұл хикаят әке-шешеден бірдей айырылған кішкентай Жекен жөнінде.Жекенді әкесі Байсалдың немере інісі Бақтыбайға табыстады.Артына қалған мал-жанға қарайласты.Әйелінің аты Боранкүл.Мінезі де боран секілді.Төрт балалары бар.Осы үйдегі төрт баланың үлкені-қыз.Аты Гүлсім.Гүлсім ержеткен, байсалды қыз.Анасы Жекенді күні-түні жұмысқа салып қояды.Сол кезде қорғап қалатын Гүлсім еді.Жекен Гүлсімнің барына қуанады.Бұл шығарманының бір қызығы адам мен жануар арасындағы достық.Жекеннің жақсы көретін қозысы Бағлан.Бірде Бағланды үй-іші тамаққа айырбастамақ болады.Сол кезде екеуінің көз жанарларынан моншақтап жас үйірілді.Адам таңғаларлық.Жануар мен адам қалай дос болады? Кішкентай қозыда анасынан айырылған.Сондықтан да болар екеуі бір-біріне бауыр басып кеткен.Әрі қарай не болғанын оқып көріңіздер.Өте керемет шығарма.2009 жылы «Бағлан»хикаяты дәстүрлі «Дарабоз» бәйгесінде бірінші орынды алған.
Бөлісу:

3 пікір

satibaldi
Бұл хикаят әке-шешеден бірдей айырылған кішкентай Жекен жөнінде.
Түсінікті, тоқ ішек аурулары клиникасына 15 данасын қайдан алуға болады? Клиникалық әлеуетін дәлелдеп жатса, 100 данасын алудан да аянып қалмаспыз.
Onlasyn
Пробел қолдансаң дұрыстау болар ед. Ато көзге әсер етібатр
satibaldi
Заманымыздың көзі ашық, көкірегі ояу қыздарының біі тіпті бірегейі* — balzaminka бұ кітапқа не дейді?



* — мақтап қойған дұрыс па дейм осы кісіні, билік басына келуі мүмкін.