Шетелдіктер қандай қазақи теле арна көруде

Әрине, «caspionet» деген қазақ арнасы бар екендігі рас. Алайда, ондағы көрсетілімдерге қарасаң, анда санда Аллаһқа шүкірлігімізді айттырып қоятын қазақша көрсетілімдер болмаса, ол қазақ арнасы екендігін мойындаудың өзі қиынырақ.
Әрі қарай

Қызым, қырыққа келдің!

Шәй ішіп отырған шешесі қызына қарап:

-Қызым, неге қашып келдің?-деп сұрады.

-Нет, мен қашып келген жоқпын. Мен кетіп қалдым.

-Қашып келмесең, бес күн болды үйде жатқаныңа, үйіңе қайт.

-Мам, не хочу…
Әрі қарай

Өте-мөте жиі қойылатын сұрақтарға жалпылама жауаптар

(Мой мир, Бетібоқ, Твиттердегі сілтемелерга жауап ретінде келетін сұрақтарға жауап)

Q.Бұл сайттың мақсаты не?
A. Бұл сайттың мақсаты — Максты өлтіру; мақсатсыз өмір салтын насихаттау.

Q.Бұл сайт кімдер үшін?
A. Егер айналаңдағылар сен үшін қалыптастырған жалған сыйластықтан; көрген сайын үш мәрте реверанс жасап сәлемдесуден; па жасап қоштасудан; өтірік қимай жылайтын
Әрі қарай

Құран Кәрім арнайы iPad, Android және iPhone үшін!

Ассалаумағалейкум, құрметті оқырман!
Өткенде сіздердің назарларыңызға Абайдың “Қара сөздерін” epub форматында жасап, ұсынған болатынмын. Енді, Алланың қалауымен қасиетті кітабымызды қуана ұсынамын. Бұл да Аndroid және iOS телефон және планшеттері және кез-келген EPUB форматын оқитын құрылғылар үшін жасалынды.
Қолдарыңыздағы Құран Кәрімнің қазақша аудармасы Халифа Алтай атамыздың (Аллаһ күнәларын кешірсін) нұсқасымен жасалды.
Әрі қарай

Газет-журнал шығару арқылы пайдаға кенеліп, аяқтарын аспанға іліп қойғысы келетіндерге кеңес


Коммерциялық жоба болғандықтан ұсақтанып ЖК (жеке кәсіпкерлік) болмай, бірден ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) болып құрылу керек. Егер ЖШС құра алмайды екенсіз, олай болса, тақырыптағыдай қиялдан арылыңыз. Интелектуалды қабілетті қажет етпейтін іске (ЖШС ашу ісі) шамаңыз жетпесе, газет-журнал шығарып, елді де өзіңізді де риза қыла алмайсыз. Өйткені баспа ісңмен айналысу зор еңбекті қажет етеді. ЖШС ашу оның жанында баланың шаптырғанындай бірсәттік күшену болып қалады.
Әрі қарай

Гете орыс па, немесе Құран аяттарын қазақтарға орысша жеткізу керек пе?

Атақты Гете (Гоете,Goethe) былай айтыпты:
Манеры человека — это зеркало, в котором отражается его портрет.
десе біреу, Аа, орыстардың данышпаны дұрыс айтыпты дей салады Гетені танымайтындар. Шырағым-ау, қайдан орыс болсын Гете?

Гетенің айтқан сөзі мынау: Das Betragen ist ein Spiegel, in welchem jeder sein Bild zeigt. Қазақшаласақ, Тәртіп дегеніміз адамның бейнесін көрсететін айна.
Әрі қарай

Похиганның соңғы бұтағы немесе әлем әдебиеті қазақ тілінде

Могиканның соңғы тұяғы дегенің не, Похиганның соңғы бұтағы дегенің не, қалай айтсаңыз да еукеуінің мағынасы бір екен. Неге дейсіз ғой. Ол былай болған.

Ертеде сонау алыс Америка жерінде Мохикандар (Mohicans) тайпасы болыпты. Олар тұқымдарын тұздай құртып, бұтақтарына балта шауып жатқан отаршылдарға қарсы күресіп, азаттықты аңсапты. Тақырыптағы бұтақ сөзі енді түсінікті болды ма? Түсінікті болса, Похигандарға тоқталайық.
Әрі қарай