Гете орыс па, немесе Құран аяттарын қазақтарға орысша жеткізу керек пе?
Атақты Гете (Гоете,Goethe) былай айтыпты:
Манеры человека — это зеркало, в котором отражается его портрет.
десе біреу, Аа, орыстардың данышпаны дұрыс айтыпты дей салады Гетені танымайтындар. Шырағым-ау, қайдан орыс болсын Гете?
Гетенің айтқан сөзі мынау: Das Betragen ist ein Spiegel, in welchem jeder sein Bild zeigt. Қазақшаласақ, Тәртіп дегеніміз адамның бейнесін көрсететін айна. Басқаша түрде де аударуға болады. Нұсқалары көп қой.
Немісше білмеу себебінен тікелей аудара алмауды былай қойғанда, орысшасын қазақшаға аударып жазса да болады. Бірақ бодандықтың табы ма, мәңгүрттіктің табы ма, ол жағы маған нақты түсінікті емес. Түсініктісі: орысша әрең шүлдірлейтін қазақ қандастарымыздың неміс ақынының сөзін орысша жеткізетіндігі. Манеры человека — это зеркало, в котором отражается его портрет дегенді Адамның өзін өзі ұстауы — оның портретін көрсететін айна дей салса не болады? Құдайға шүкір, 11 жыл мектеп оқып, қазақша хат танығандардың сол сөздерді орысшадан аударуға мүмкіндіктері бар деп ойлаймын. Егер даналық сөздің мағынасын түсінбесе, аудара алмаса, онда орысша нұсқасын понты үшін жаза ма?
Білгіштер бар Құран аяттарын орысша жазатын
Діни тақырыпта айтысатын адамдардың қызу тартысына қарасаңыз, кейде қазақша жазып келіп, бір жерінде дәлел ретінде Құран аяттары мен хадистерді орыс тіліндегі ислами сайттардан копи-пейст қылып, үлкен іс тындырғандай болады. Менің ойымша, ондай әрекеттер діни сауатсыздық және жалпылама сауатсыздық болады. Шамаң жетпесе, Құран мен хадисті өз ана тіліңде білмесең, қаны қазақ қандастарыңа орысша нұсқасын көшіріп бере салғаныңды қайтемін, ұрыс қуған ахи (Ahi емес)?
Маған бәрібір
Егер таразылап қарасам, маған қаны қазақы қандастардың қай сөзді қай тілде айтқаны бәрібір. Олардың жазғандары мен келтірген цитаталарына мұқтаждық жоқ. Болмашы данышпансып қалғандардың көшірмелеріне мұқтаж адам бар ма? деп ойлаймын
Біреу келіп дәл осы Керекте білгішсініп, орысша немесе арабша бірдемелер жазса, адамдар жүретін жолға сиырдың тышып кеткеніндей «не в тему» болады. Қазақ тілін білетін қазақтардың бір бірене жөн сілтегенсіп, орысша әңгіме айтулары да сол сияқты ғой. Сиыр үшін (білгіштердің орысша жазғанына) емес жүретін жолдың тазалығы үшін алаңдаймын

"Құрайыштарға". Олар кім, не ішіп-жеген, неге кельттерге емес? Ал BıbleBase-пен Інжілді орысша оқысаң рақат нақ, әрбір атауға түсініктеме берілген, Филистимлянам деген аятының олар кімдер, тұяғыма аттары аталды ма — барлығы түсіндірілген.
Қaзaқтa небiр жырaулaрдың, билердiң, дaнышпaндaрдың aрттa қaлдырғaн сөздерi, термелерi я өсиеттерi көп қой. Бәрi жaлпaқ қaзaқ тiлде. Соны оқып, тaлдaп, түсiнiп aлсaқ бiрiншi.
Көп aрaпшa aудaрмaның кiтaптaрдың, я ол хaдис болсын, я aят болсын жaрты терминдерi aрaбшa. Ол сөздiң не контексте мән-мaғынaсы не aудaрмaсы жоқ. Оқуғa зaуқың қaшaды.
«Уа Израильдің ұлдары, біздер қыз алып шығуды ұмытып кетіппіз ғой!»-деп кейіді Ол сонда" (Евангелие от Амандық, стих 64:13). Мұнда кітаптың төменгі жағында немесе соңғы беттердегі анықтамаларда барлық есімдіктерге түсініктеме беріледі, тарихи панорамасы да келтіріледі, жөйіт тайпаларының арақатынасы, перғауынның пидараздығы тәптіштеп баяндалады, рақат.
Ал Құранды қазақшаға аударған дүмшелер арабша түпнұсқаны тек өздері түсінген. Бастарын ауыртып не істесін, өздері түсінсе болды да.
— Тұра тұршы, папа, интернетте әділет орнатып болайын.
:-)))))
Жеткізу формасы өте әлсіз. Менің сондай әдетім болса, мынаны оқыған соң, одан әрі қырсығып солай жасар едім.
Неліктен орысша жазудың, немесе түпнұсқа емес, орыстардан аударудың харам тірлік екеніне сендіре алмады, амиго.