Бастысы - Репутация. (Hodejegerne - Охотник за головами фильміне рецензия)

Адамды тұлға қылатын не екенін білесіз бе? Тәрбие, ақша, білім, сыртқы түрі, тіпті дәрежесі емес. Бастысы — РЕПУТАЦИЯ. Роджер Браун мұны жақсы біледі. Оның өмірінің бәрі өз репутациясын түсіріп алмаумен өтуде. Керемет үй, дәрежесіне сай көлік, тіпті әйелді де өзіне таңдағанда ең кереметін, ең сұлуын алып еді. Сұлу әйел — шығын көзі екенін жақсы түсінген ол, қаржылық мәселелерді жұмыстан қолы бос кезде, ауқатты үміткерлердің үйін тонаумен шешеді. Жоқ, ол кәдімгі ұры емес, ол ерекше өнер туындылары — қымбат картиналарды ұрлап, сатумен айналысады. Соның арқасында, өзінің сүйікті Дианасына Ослоның бай ауданында сурет көрмесін ашып береді.
Көрмеде голландиялық Клас Грааф мырзаны кездестірген ол, өміріндегі ең үлкен және маңызды, келесі күндерін еңбексіз ақ, бейнетінің зейнетін көріп өтуге мүмкіндік беретін сәт келгенін сезді…
Фильм көрерменге мінсіз «алаяқтың» хикаясы жайлы баяндайды деп ойлап қалуға болады. Алайда, бұл тек бастама ғана. Турасында, шытырман оқиға, триллер мен криминал элементтері ұштасқан норвегиялық режиссер туындысы көп көрерменге ұнайтыны сөзсіз.

Еуропалық фильмдер көп емес, болғанның өзінде әр уақыт «дәмді» бола бермейді. Өзіндік «иісі мен дәмі» өзіне ғана тән фактурасы бар ол фильмдер көпшіліктің көңілінен шықпайды. Голливудтың «тәтті» мувилері біздің талғамды біраз өзгертті. Бірақ, мына кино расында сәтті шықты деп айта аламын.

З.Ы. Бір сөзбен, рекомендеймін)))))
Бөлісу:

7 пікір

omarbirat
Соңғы кездері скандинавиялықтардың кинематографына тәнті болып жүрген жайым бар. Фильм ұнады, бірақ әсер қалдырмады
Aizhantabyn
маған керемет әсер қалдырды. Әсіресе, кейбір «фууу» дейтін моменттері жанымды түршіктірді. Сосын, басты рөлдегі жігіт сондай харизматичный)))) Бойы кішкентай болса да, өзіне сенімділігі керемет әсер қалдырады екен)))
Gastarbaiter
Бойы кішкентай болса да, өзіне сенімділігі керемет әсер қалдырады екен)))
Қызықтыра алмадың
Aizhantabyn
саған енді ер адамға (кішкентай бойлы тем более) қызығу ғана қалып еді))))
satibaldi
Иран синематографымен таныстар бар ма? Өткен жылы Иран киносы апталығы бойынша көрсетілген ффильмдерді үзбей, жұтынып қарадым, керемет әсер қалдырды, кейбір тұстарда — орыстардың қазіргі кино өнерін шаң қаптыра ма деп қалдым.
Лібәәә, бас қирап отыр, мен не деп отырм епті…
Abilakim
Жолы болғыш жігіт екен.Боққа батса да, көлікпен аударылса да тірі қалады.