Газет-журнал шығару арқылы пайдаға кенеліп, аяқтарын аспанға іліп қойғысы келетіндерге кеңес


Коммерциялық жоба болғандықтан ұсақтанып ЖК (жеке кәсіпкерлік) болмай, бірден ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) болып құрылу керек. Егер ЖШС құра алмайды екенсіз, олай болса, тақырыптағыдай қиялдан арылыңыз. Интелектуалды қабілетті қажет етпейтін іске (ЖШС ашу ісі) шамаңыз жетпесе, газет-журнал шығарып, елді де өзіңізді де риза қыла алмайсыз. Өйткені баспа ісңмен айналысу зор еңбекті қажет етеді. ЖШС ашу оның жанында баланың шаптырғанындай бірсәттік күшену болып қалады.

Сенімді де іскер адамдардан тұратын команда керек. Бірлік болмай, тірлік болмайды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл…

Тиімді жоспар құру. Қиялдан гөрі амалға жақын жоспар құрыңыздар. Жоспарсыз бастаған істің болашағы күмәнді. Болуы мүмкін қатерлер мен рисктерді ойлап, аздап пессимист болудың артықтығы жоқ.

Өзіңізге деген аса жоғары сенімділік сезімінен арылыңыз. Газет-журналдыңсапалыда табысты болуы үшін бір адамның мүмкіндігі жетпейді. Солай екен деп, түк білмес арзанқол жұмысшыларды жалдамаңыз.

Шығын шықпай, кіріс жоқ. Баспа ісін ұйымдастыру үшін алғашқы кезде біраз шығындалуыңыз мүмкін. Егер жақсы жұмыс істесеңіз, шығын ретінде жұмсалған қаржы бірнеше айдан соң еселеніп қайтады. Мұндайда қалталы адамдарды инвестор ретінде бірге жұмыс бастауға шақыруға болады.

Жарнама тартуға көңіл бөліңіз. Біздің қазекем газет-журналын шығарып барып, таралымын өтірік көбейтіп жазып барып демеуші немесе жарнама беруші іздейді. Олай еткендері аз десеңіз, ЖШС ретінде емес, жеке кәсіпкер ретінде ірі компанияларға барып, Бізге жарнама беріңіздер(ші) деп өтінеді. Бұл уақытта пайданы көксеген бас редактор газет-журналдың бірнеше санын шығарып, қарызданып қалған болады. Жарнама берушілер өтінішін орындамайды, сөйтіп газетін немесе журналын қарызданған күйінде жабуға тура келеді.
Газет-журналды шығармастан бұрын жарнама берушілерді немесе демеушілерді тауып алыңыз. Олай ету үшін ЖШС ретінде тіркелген заңды тұлғалардың көптеген артықшылықтары бар.

Жарнама арқылы табуға болатын табыстың газет-журнал сатудан түсетін табыстан да көп болуы мүмкін екендігін ұмытпаңыз. Мысалы, ай сайын 15 мың данамен шығатын журнал арқылы миллион теңгелеп пайда табуға болады.

Алма піс, аузыма түс деуге болмайды. Еңбек етіп, тер төкпей, баспа ісін жолға қоймай, тұрақты табыс болмайды. Жатып, аяқты аспанға атып, табысты күтіп отырмаңыз.

Ерекшелік пен қайталанбас қасиет керек. Шығаратын өніміңіз басқалалардан бір жағынан болса да ерекшеленіп тұру керек. Егер қайталайтын болсаңыз, тәуекелі көп іске барудыңқажеті шамалы.

Жаңа заман технологияларына бейімделу қажет. Технология дегенде шикі мұнайдан парафин айыру технологиясы деп ұқпаңыз. БАҚ-тағы баспа саласында да өзіне тән технологиялары болады. Сол жағын меңгеріп алуға тура келеді.

Көрнекілік сурет: famousbloggers.net

Мен кіммін сіздерге ақыл айтатын? Крутойсың ба не? десеңізші
Жоға, мен БАҚ-тыңбаспа ісінде ешкім емеспін. Бірақ газет-журнал шығарымыз деп жүріп, опық жеген жолы болмайтындар мен қазақтарды жалдап, сол арқылы ақша тауып отырған қазақша білмейтін орыстардың компанияларын көргендіктен жазып отырмын.
Бөлісу:

3 пікір

sammita
cut қоймағаның дұрыс болды, бірден оқып аламыз
satibaldi
Жалпы, өндіріп тастап жазудың қажеті шамалы. Мына кеңестерің өзінен өзі сұранып тұрған, табиғаттан «Ана» аптекасындағы жасанды сүтпен берілген қағидалар сияқТ. Дачым болмаса да айтайын.
Сенімді де іскер адамдардан тұратын команда керек. Мұндай сенімді ұжым вагон тонайтын банды құруға да, футболға да керек.
Тиімді жоспар құру. А вот и жоқ!!! Мен қазір аламын да — қасақана алдын ала көк шығын әкелетін жоспар құрамын да, әдейі банкрот болам! Жарасың лібә
Gastarbaiter
Көк шығын әкелетін жоспарлар көп дегенмен, артын ойламай, атаққұмарлыққа беріліп, елге қажет емес, өзін ғана мадақтайтын дүниелерге ақшасын сарп етіп, ақша да жоқ, атақ та жоқ, кешірерсіздер қо*ақ та жоқ боп қалып жатқандар бар деп ойлаймын.