Құран Кәрім арнайы iPad, Android және iPhone үшін!
Ассалаумағалейкум, құрметті оқырман!
Өткенде сіздердің назарларыңызға Абайдың “Қара сөздерін” epub форматында жасап, ұсынған болатынмын. Енді, Алланың қалауымен қасиетті кітабымызды қуана ұсынамын. Бұл да Аndroid және iOS телефон және планшеттері және кез-келген EPUB форматын оқитын құрылғылар үшін жасалынды.
Қолдарыңыздағы Құран Кәрімнің қазақша аудармасы Халифа Алтай атамыздың (Аллаһ күнәларын кешірсін) нұсқасымен жасалды.
Бұл электрондық Құранның барлық мәтіні толығымен http://kuran.kz сайтынан алынды. Сол үшін осы сайттың басы-қасында еңбек етіп жүрген азаматтарға шын-жүректен алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, Кітапты қағаз күйінен электронды күйге ерінбей-жалықпай аударған бауырларыма еңбектеріңіз Алладан қайтсын демекпін! Әмин!
Өткенде Абайдың “Қара сөздерін” жариялаған кезде көп адамдар менен оны қалай ашуды сұрап, өздерінің телефондары оқи алмай жатқанын айтып еді. Сөйтсем, олар көшіруін көшіріп алып, бұл кітапты оқитын бағдарламаны қондырмаған екен. Оны мен де айтпаппын.
АйПад немесе АйФоны барлар, еш қиналмастан, жүктеп алып бірден оқи береді. Өйткені, АйПадта iBooks деген стандарт бағдарлама бар. Сол ашады. Ал Андройд үшін АндройдМаркеттен FBReader деп аталатын бағдарламаны қондырып алып оқисыздар.
Құран-Кәрімнің өзін мына жерден аласыздар.
Кітаптың ішіндегі өздеріңіз байқаған қателер туралы ескертпені поштама timur@bektur.kz жіберулеріңізді сұраймын.
Құран Кәрім Андройдта
Құран Кәрім АйПадта

E-pub жайлы мәлімет алдым. сұрақ, Ридерден не айырмашылық бар?(мүмкін қазақ әрпі оқылмағандықтан E-pubқа шықтыңыз ба?) менің тансым сұрап жатыр. pdf. файл сияқты сақталып, электрон. кітап жасауға болад па деп?
көп рахмет