Бір түнде үш блогшы соққыға жығылды

"Алматы қаласының Қостандық ауданында ақпанның 21-нен 22-не қараған түні үш блоггер соққыға жығылды. Ғаламторда көкейтесті тақырыпта мақала жазатын блоггерлерге жұдырық жұмсағандар әлі күнге дейін табылмай жатыр. Зардап шеккендердің бірі ғаламтордан рұқсатсыз мақала ұрлағандарды әшкерелеп жүрген Аңсар Аяпов алған соққыларынан уақытша блог жүргізуін тоқтатуға мәжбүр.


Кешелі бері Керектің бетінде «авторлық құқық… мақала ұрлығы, ұры журналистер» деп шулап кеттім. Демалысымды демалуға бөлем деп, айқай-шуға бөліп жібердім. Қарап отырсам, ұрланған мақалалардың бір бөлігіне ғана менің авторлығым жарайды екен. Бірақ басқа блогшылар мен авторлардың еңбектерін ұрлап, сол арқылы пайда тауып отырған арамтамақтардың әрекеттерін көріп, қалайша тыныш, үнсіз қалуға болатынын ұқпадым. Біреу біреудің (мысалы, біреу көршімнің үйін тонап жатыр делік) меншігіне қол салып жатыр. Айту керек қой ондайды. Айтсаң қуғындалып кететін үлкен саяси деңгейдегі мәселе емес, сіз бен біз секілді адамдардың заңсыз әрекеттері.





