Блог құрылтай`12 жаңалығы: Баяндамалар жинағы
«Блогқұрылтай – 2012» шарасының нәтижелік есебі ретінде блогкемпте жасалатын презентациялардың мәтіндік баяндамаларының жинағын шығару қолға алынып отыр. Осыған байланысты кейбір мәселелерді аша кетсек.
Жинақты не үшін шығарамыз?
* Блогкемпке қатыса алмағандар немесе әлдеқандай себеппен қандай да бір презентацияны тыңдай алмағандар үшін, презентацияның жалпы идеясын нақтырақ түсіну үшін қажет. Себебі көпшіліктің айтуы бойынша, сайтқа қойылған презентациядағы ақпаратты түсіну қиындық тудырады;
* Келесі жылдарда болатын блогкемптің концепциясын жасау барысында демеушілерге көрсететін көрнекі материал, дәлел ретінде қажет;
* Әр жылғы блогкемпте өткен жылды қорытындылап, анализ жасауға септігін тигізеді.
Презентация баяндамасы деген не?
Презентация баяндамасы – блогкемпте жасалатын презентацияның мәтіндік қысқаша түсіндірмесі.
Презентация баяндамасы – ғылыми немесе публицистік мақала емес, сондықтан оны жазудан қорықпаңыз.
Баяндама мәтінін сәлемдесуден бастамай, бірден мәселенің қойылуына көшіңіз.
Презентацияда айтуға тиіс идеяңызды мейлінше қарапайым тілмен толықтай жеткізуге тырысыңыз.
Мәтінді көркемдеу мақсатында қиын да түсініксіз сөз иірімдерін, пафосты үндеулерді қолданудан аулақ болыңыз.
Презентация баяндамасын info@blogcamp.kz адресіне Баяндама деген тақырыппен жіберіңіз.
Презентация баяндамасын қабылдау 10.03.2012ж. сағ. 23:59-да аяқталады.
Ескерту: Презентация баяндамасын бізге жібермеген адам, құрылтайға қатыса алмайды дегенді білдірмейді.
Тек қана баяндамалар жинағына енбей қалады. Бұл жинақ құрылтайға әр келген адамға беріледі. Осы жинақтағы баяндамалардың арасында сіздің де ойыңыз белді орын алып тұрса жақсы емес пе?
Егер презентация тақырыбын ойластырып қойған болсаңыз, жаймендеп баяндамаға кірісе беруіңізді сұраймыз.
Форматы бойынша толық ақпарат мына жерде.
Былтыр бір уақытта бірнеше аудиторияда қызықты презентациялар жасалған. Қайсына барарын білмей жүргеніміз де болды.
Кейін сайтқа презентациялардың слайд түрінде жарияланғанын байқадым да, оларды қарап шықтым. Бірақ слайдтардан түсінгенім шамалы еді. Өйткені,
1-Слайдтарда сөз аз, көбінесе суреттер болады.
2-Презентацияның сөйлеушісі жоқ.
Сол үшін биылғы блогкемпке екі жаңалық қосуды жөн көрдік:
1-Барлық презентацияларды видеоға түсіріп инетке шығару.
2-Презентациялардың қысқаша сипаттамасын бір бетке сыйғызып, бәрін жинақтап, кітапша ретінде шығару.
Файл атына өз есімдеріңізді жазсаңыздар және жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтасаңыздар