Шежіреші қарт бір отбасыны ойран қылды


Атырау облысы, Сағыз елдімекенінің тұрғыны шежіреші қарт Ермекбай атаны көпшілік жақсы біледі. Беріш руының шежіресін жазумен танымал бұл кісінің тағы бір қасиеті адамның бетіне қарап, қай рудан екенін анық айтуы. Жақында қарияның осы қасиеті айрандай ұйыған бір отбасыны ойран қылды. Оқиғаның мән-жайын білу үшін оқиға куәларымен хабарласқан едік.

Айбек Ж:
Біз вахтадан қайтып келе жатып, ермек болсын деп Ермекбай атамен әңгімелесіп отырдық пойызда. Бір кезде ру сұраса бастадық. Қарияның өзі бізге руларымызды айтып беріп отырды. Расында да дәл айтып отырды. Біз шалмен әзілдесейік деп қасымыздағы Андрейді көрсетіп, «Мынау ше?» деп едік. Ермекбай ата «Яптываймайттың түрі орыс демесең, көзі де, өзі де тұқымың жайылғыр Есенғұл Беріш қой» деді. Неге боқтайды деп ренжіген Андрейге "Үрмеңдер. Боқтауға қақым бар, мен де Берішпін" деді. Кейін Андрей ДНК тестін жасатқан екен. Расында әкесі орыс болмай шығыпты.

Андрей Г:
Пойыздағы оқиғадан кейін ішімде бір күдік пайда болды. Кішкентайымнан мен басқа орыс балалар сияқты емес, қазақ балалармен асық ойнап, ләңгі теуіп өстім. Құжат бойынша әкемнің мамандығы сантехникаға да ебім жоқ. Қазақша әндерді де сүйіп тыңдайтынмын. Ермекбай атаның сөздерінен кейін тест жасаттым. Биологиялық әкем қазақ болып шықты. Қазір мен шешемнен де кетіп қалдым, туған әкемді тапқым келеді.

Ермекбай Сұлтанғазы:
Бұрын шалдардың үйреткені бар, өзімнің де өмірлік тәжірибем бар. Әйтеуір Кіші Жүз руларын айыра аламын адамның бет-әлпеттеріне қарап. Құдайға шүкір бүгінге дейін қате айтқаным болған емес. Сен сұрап отырған сары бала туралы айтқаным да рас. Өзіміздің Беріш қой, көз жібермейді ғой, көз.
Бөлісу:

54 пікір

Korkem
естімеген елде көп)))
Botik11
а мен шеркешпін мля
AL-ASTER
Менің де сап сары (жарайд қоңырлау сәл) досым бар. Басында орыс деп ойлағам, сөйтем таза қазақ кен. Айтад: өзіме сап сары қыздар найд деп өзім сияқты. Сол досым есіме түскетті.

Былайша, қарттарымыз аман болсын. Қарттардың әңгімесін тыңдаған ұнайды, әсіресе жол-жөнекей әңгіме дүкен құрған кезде.
asaubota
қарттармен де ендігіде байқап сөйлеу керек
Nazar
Уей, онкей зобалдар… Ру тұрал айтпандарш.
Zilola
көз жібермейді ғой, көз
Ген жібермуші еді, тойыс қан ))
Marationok
Андрей деген жігіт дүниенің ең бір бақытты адам шығар?
Nazar
Ана шал өлми тұрып бүкіл орысты алдынан өткізіп алу керек екен.
Zhan
Біздің жұмыста Андрей де қазақ болу керек сірә. Неге десең проста көзі көк та. Содан менде күдіктенуші ем, күдігім жай емес екен. Ермек Сұлтанғазы ата бірдеңе білетін шығар, сұрап көрелік. Логині бар болса сол атаға почта арқылы Андрей әкәні суретін жіберсем деп едім.
Ottegin
Рафаеллоға жіберсеңші, ата инетті қайдан білсін
Aldeken
Баханы да тексерте сал…
Zhan
Оның паспортында қозоқ екені жазылған Алдеке. Көрінбейсің, қайда жүрсің?
Armanjan
Ермек Сұлтанғазы ата бірдеңе білетін шығар, сұрап көрелік. Логині бар болса сол атаға почта арқылы Андрей әкәні суретін жіберсем деп едім.
Жан Rafaello «Жазбаларымнан шындық іздемеңіздер. Кейіпкерлер және оқиғалар ойдан шығарылған.» — деп бадырайтып жазып қойғанын естен шығармағайсың!
Zhan
Уот, уот сол естен шығармағандықтан да Юмор көкеме юморша жауап берген түрім ғо… Жиен інім айтып еді. Бірде дене шынықтыру сабағында ағайы жиен ініме «Пғағиев мағдес» депті жүгіруден озып келгенде.(Пралиев молодец демек болғаны ғо). Сол айтпақшы Ғапаелло жаза бер, жаза түс дегеннен басқа айтарымыз жоқ. А, айтпақшы Ермек ата біздің ауылдың да шалдарының руын жазбай тани алса керек
Ottegin
Расында да, шежіренің ондай кездері бар, нағашымның жазбаларынада, нағашы жұрттың шежірелерінде ағайындас саналатын екі отбасының отағаларын «сыртта келген бала», "іште келген бала" деп бадырайтып жазып қойыпты, енді сол жазбаларды нағышы жұртқа көрсетуге қорқып жүрмін
Rozatai
браво, бис, Рафаэлло!
VKM
хехехе, күлейін десең аянышты.
Есенғұл Беріш
тен керекте кім бар?
a63a1
Қаззақ даласының барлық аймақтарында кездеседі. Ең бірінші ереже: ешқашан, ешқашан шежіре-аңыз біліміңмен ол шалдан асып түсуге тырыспаңыз! Әдетте Марғұлан, Қозыбаевтардың кітаптарына еменнің үлкен бұтағын қойғандары бар. Әңгімелерінің барлығында әйтеуір соның-ақ руына барлығы қарыздар, барлығы кіріптар болып шығады. Мысалы, «е, балғалы руынансың ба, сен білесің бе, аштық кезінде балғалыны біз асырағанымызды?» деуі мүмкін. «Ата, ойбай шешесс — сенікі дұрыс, бабаларымның қарызын ертең карточкаңа аударып жіберем!» деп құтыл. ©satibaldi
Rafaello


Ермекбай да шамамен осындай шал
satvaldo
бұттан кеттім, шынымен. осыдан алдын оқыған болсам да…
19852407
Жаз, Нұреке, жаз!
satibaldi
Хиромантияны қойып, құмалақ ашуға шыққансың ба?
19852407
муаахахахахахаааааа

Өзіміздің Кіші жүз ғой, сөз жібермейді ғой, сөз!
KILYZAMAN
Болашағынан үміті барлар, алдындағыларға күлмес болар  Қарты бар елдің қасиеті болатыны АКСИОМА екенін ескергендерің жөн болар
boztorgai
күлсең үлкенге күл, алдыңа келсін деген де бар
dark_nazgul
Мен тақырыпты оқи сала «шежіреші қарт ерлі зайыптылардың үш атадан қосылатынын дәлелдеп беріп, ойран қылған шығар» деп ойлап қалыппын.
satibaldi
«шежіреші қарт ерлі зайыптылардың үш атадан қосылатынын дәлелдеп беріп, ойран қылған шығар» деп ойлап қалыппын
Қақой реактивный моск однако
dark_nazgul
зигзаг молнии смазанный салом
Gastarbaiter
О Иссуся, и қ тому же қриатибіний
dark_nazgul
Иссуся
Яссуся болмаса болды ғой
Gastarbaiter
Қақ ти придсказуйыма
dark_nazgul
рад, што аправдал тваи ажидания
Gastarbaiter
Лібә, мынаны көрсе орыстың грамнацисттері
dark_nazgul
басқасын қойшы, Надежда Степановнадан ұялып отырмын
asaubota


журналист логикасы ма әлде әйел логикасы ма?
SaryQazaQ
Қазақтар тағы бір сары қазаққа көбейді