Ресейді күлдіріп жүрген қазақ - Вячеслав Дусмухаметов


Вячеслав Зарлықанұлы Дусмухаметов — ресейлік сценарист, продюсер. Лақап аты — Казах. Бізге танымал көптеген ресейлік әзіл бағдарламаларының, сериалдардың авторы.

Челябілік қазақ, туған жері Челябі облысы, Черниговский селосы. 1978 жылы 27 сәуірде туған. Негізгі мамандығы дәрігер. Студент кезінде КВН ойнаған, «Уездный город», «Лица Уральской НАциональности» командаларында автор болған. «Папины дочки», «6 кадровтың» алғашқы маусымдарының авторы. Танымал «Интерны» сериалының авторы және продюсері. «Comedy Woman» шоуының авторы, «Comedy Баттл» жарысынң жюри мүшесі.
Әрі қарай

Қаражорға феноменінің құпиясы ашылды


Қытай қазақтарының «Сен қазақ» сайтында Ділмән атты қолданушы өзінің жеке бұрышында қызық мәлімдеме жасады. Дәлмән өз жазбасында қазір танымал болып үлгерген Қаражорға биінің құпиясын ашқан. Ділмән Жақайұлының айтуынша бұл би негізінде қазақтың ұлттық биі емес. Көптеген халықтарда бар би элементтерін досы Алтайбек екеуі біріктіріп, Құмыл қаласындағы тойларда билеп жүрген екен. Кейін қытайлардың Ютюбы саналатын Youku сайтына осы бидің видеосын салып жіберіпті. Қаражорға биі осылайша біздің елімізге де жетіпті.
Әрі қарай

Шыңғыс хан – АДАЙ!

Қазақтың маңдайына біткен қадірлі көп Мұхтардың ішінде, көзі тірі екі Мұхтар бар. Бірақ бірімен бірі керілдесіп-ырылдасып жүреді. Себеп? Білмедім. Бірақ білетіндердің айтуынша Шыңғыс хан үшін. Мағауин Шыңғыс хан мен қазақты туыс етіп шығарса, Шаханов Шыңғыс ханды қазақтан әрмен, яғни бөлек етеді. Осы тақырып төңірегінде және екеуі қырық-пышақ. Білмеймін. Түсінбеймін. Исі мұрныма бармайды, сондықтан қыстырылмаймын. Айтпағым бұл емес. Айтпағым, біздің ауылдың бір жазушысы (шығар) Шыңғыс ханды қазақ етпек түгілі, Адай руының өкілі етіп,
Әрі қарай

Не сыйласам екен?

Сәлембердік! Көктемнің төл мерекесі 8-наурыз келе жатыр ғой. Бәріміздің ойымызда: кімге не сыйласам екен? Айлық берсе, бірден Мегаға жол тарту керек? Мағрипашқа сағат әперсем, Сәулепашқа дохи алуға жетпей қалады… Гүл беріп құтылайын ба? Мама мен апаға ше?! Осы іспеттес сұрақтар әсіресе жігіттердің, қыздардың да миын қатырып жүргенін сезіп тұрмын. Сезгеннен кейін бірден, көмек бермесем болмайды деп шештім. Сонымен…

Апаларға немесе әжелерге сыйлық таңдап көрелік… Апалар мінезімен де, жасымен де, тіпті
Әрі қарай

татарлар. эляш.

Қамыр:
-су 1 кесе
-тұз шәй қасық
-7 ас қасық сұйық май
— сүт 1 кесе
— 1 шәй қасық ашытқы
— 1 жұмыртқа
— ұн (жұмсақ қамыр болғанша)

Қоспа:
— ет (жылқы еті, сиыр еті) — 0,5 кг
— құйрық май — 200 гр
— пияз — 300 гр
— картоп — 300 гр
— тұз, қара үгітілген бұрыш (талғамға сай)

Қамырды илеп, ашытамыз. Сосын, одан кәдімгі биляш жасаған ұқсап майда зуала қып, жаямыз. Ішіне қоспаны салып, бүгеміз. Бетіне қақпаша жасаймыз.
180 гр ыстық пешке 15 минутқа саламыз, сосын шығып қақпағын кесіп әр бір эляш ішіне 1 ас қасық сорпа (немесе су) құямыз. Қақпағын жауып тағы 30 минут пісіреміз.

З.Ы. Бетіне дайын болған соң май жағамыз. Жұмыртқаның сарысын жақпаудың амалы)))



Әрі қарай

Астанадан алған әсерлерім (Zhan-ға арналады)

Құрметті керекшілер, мен баяяяяяяяяғда айтам деген постымды бастағалы жатырмын. КВН нің «Маусымашарына» барып, онда Астаналық керекшілермен кездесіп қайтқанымды алдыңғы постымда жазғанмын. Өкінішке орай ол пост «Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» дегендей өшіріліп қалды. Оқып үлгірсеңіздер онда қалай кездескенімді жазған болатымын. Енді сол кездесуде танысқан Керекинфо тұрғындары туралы түйгенімді баяндаймын.
Әлқисса, мен кезінде психологияға қатты қызығып соңынан түскенім бар. Кейін қартайғасын тастадық. Соның әсері ме, кез келген адаммен кездескенде оның қандай адам екен деп ойланып, ойша саралаймын. Керекшілермен кездескенде де сол әдетімнен жазбай, әрқайсысына өзімше баға бердім. Соны сіздерге айтқым келіп отыр.
Әрі қарай