Не сыйласам екен?
Сәлембердік! Көктемнің төл мерекесі 8-наурыз келе жатыр ғой. Бәріміздің ойымызда: кімге не сыйласам екен? Айлық берсе, бірден Мегаға жол тарту керек? Мағрипашқа сағат әперсем, Сәулепашқа дохи алуға жетпей қалады… Гүл беріп құтылайын ба? Мама мен апаға ше?! Осы іспеттес сұрақтар әсіресе жігіттердің, қыздардың да миын қатырып жүргенін сезіп тұрмын. Сезгеннен кейін бірден, көмек бермесем болмайды деп шештім. Сонымен…
Апаларға немесе әжелерге сыйлық таңдап көрелік… Апалар мінезімен де, жасымен де, тіпті менталитетімен де әр түрлі болады ғой. Біреулері нағыз үй «бикештері» болса, екіншілері «современный» әжешкалар. Үйде, таңнан кешке дейін немерелерін иіскеп, оларға ертегі оқып беріп отыратын әжеге ас үй гаджеттерінің бірін сыйласаңыз, мәз болады. Мысалы, шырын сыққыш (соковыжималка). Рақат қой, күн сайын натуральный делінген, сырты қорап емес, өзі қолдан сығып алған сок, тойыс шырынды ішіп отырады. Ал «современный әжекаға» косметикалық құрал не болмаса әдемі айна мен орамал берсеңіз жарап жатыр.
Анаға ше? Мама сыйлықтың қай түріне де қуанып, жылап жібере жаздайды ғой?! Шын көңілмен берсек… Но, бір но бар. Мамаға бұл күні ас үйіне немесе сарсаңға салатын құрал (мысалы техника) бермеңіз! Көктемде оның құлпыра түсуіне, жүзі жайнай түсуіне лайық әтір, гүл, опа далап, сақина немесе әдемі көйлекті сыйға тартыңыз! Егер анаңыздың әдемі портретін суретшіге салдыртып, табыс етсеңіз, әдемі естелік болып қалады.
Әпкеге, апайға, апаға немесе құрбыға (диалектіні таңдап аласыз ғой)
Әпкегеғ құрбыға сувенир немесе қол сағаты, ұялы телефон аксессуары яки болмаса кітап!
Сеніңіз, олар кез келген сыйға разы болады. Бет орамалдың өзі де оны әрдайым есіңізде сақтап жүретініңіздің белгісі ретінде қабылдап, мәз болады.
Бастыққа?
Хммм… Осы жерде абай болыңыз! Бастығыңызбен әдемі қарым қатынас орнатқыңыз келсе, дәл осы мерекеде оны ұмыт қалдырмаңыз… Әрине, бастығыңыз әйел болса… Оған шоқ гүлін, қымбат әмиян, оқуға тұрарлық кітап немесе қымбат бөлме статуэткасын табыстаңыз. Косметикалық құрал, әтір немесе «нәшинөшкі» беріп жүрмеңіз. Бұл басшыға беруге арналмаған, тым жеке сый…
Сүйіктіге… Жігіттер жағы сүйікті қыздарына не сыйлайды екен? Қандай план бар, жігіттер?!(төменге жазыңыз, құпия болмаса)
Қызға әдемі, романтикалық кешкі ас, шамдардың арасындағы, керемет әсер сыйлайды. Оған қалтадағы қаражат жетпесе, гүл және жұмсақ қонжық әперіңіз. Қонжықтың сүмірейіп қалғанын емес, қақшиған, жұп-жұмсақ, әппағын таңдаңыз. Қыз оны құшақтап, сізді еске алып жатады. Әтір, сақина, сырға, косметикалық жинаққа да аруыңыз мәз болады. Қыздардың жаны сондай нәзік… Олар күтпеген тосын сыйды зор бақытпен қабыл алады.
Сондықтан, балдар, қыздар, дайындала берейік!!!
Қыздар, мерекелеріңізбен келе жатқан! Жайнай түсейік!!! Жігіттер, сіздерге де! Жайната түсіңіздер!!!

Мынаған қосылмас ем, керісінше олар қуанады. Бұл сақтандыруды жұбайларға арнаған дұрысырақ, меніңше.
Заказ беріп үлгермесем де, білдім. Очым, алдыңғы постын қарашы