Аналарға, сүйікті қыздарға бізден аздаған сыйлық түрлері

Админнің бөлмесінен жазбасын оқи сала, бізде 8- наурызға жасаған магнит сыйлықтарымызды ұсынайық деп едік. Қабыл алыңыздар:


Анашым, мейрамыңмен!


Анашым мейрамыңмен!

Гүл қыздарға кішкентай гүлге оранған 8- наурыз. 

Сүйкімді де сүйікті жандарымызға!

Ал мынау, біздің атымыздан аздаған гүл шоғы :

Біз сіздерді жақсы көреміз  Әрқашан гүлдей құлпырып, мына әлемге аналық мейірімдеріңіз бен махаббатыңызды шашып жүре беріңіздер!
Бізді іздесеңіздер: Алматы қаласы, Абылай хан көшесімен Шевченко көшесінің қилсында орналасқан "Ғаламарт" дүкенінен таба аласыздар  !
Бөлісу:

48 пікір

Marationok
Бағалары шамамен неше?
Galamart
бағалары: аналарға арналғаны: 500 теңге, қалғаны: 400 теңге
Marationok
алуға болады екен
Gastarbaiter
Идея жақсы. Қалғанын айтсам ренжисіңдер.
Galamart
айта беріңіз, ренжімейміз. Қайта бізге ой-пікір өте қажет.
Gastarbaiter
Сәл «нәзіктеу» жұмысты қажет ететін сияқты, әлде әдейі сондай стиль ме, әйтеуір маған «шебер» қолына биалай киіп жасағандай көрінді. Бояғаны да өрескелдеу, жақтауларынан шығып, баттасып жатқан бояулары телескоп-микроскопсыз ақ, тіпті суретіне қарағанның өзінде көзге ұрып тұр.
Аналарымыз бұған да болса риза болады ғой, бірақ сонда да…
Galamart
рахмет, ескереміз пікіріңізді
katipash
ал өзіңіз жасап көріңізші осы заттарды. Осы сіз маған дым ұнамайсыз. Дым ренжімеңіз. Сыйлықтар маған ұнап тұр!
Marationok
сосын осы суреттегі бұйымдар неден жасалды? Гипс секілді ғой
Galamart
полиэфирный смола
Kipshakkyzy
Маған екінші суреттегі магнит ұнады!
Marationok
үшінші сурет ше?
aikarakoz
неге төрт емес деген сұрақ өзінен өзі туындайды осындайда
aikarakoz
Маған бұл магниттерді қолыма ұстап көру бақыты бұйырған
Marationok
кім сыйлады?
aikarakoz
әбійзәтілні сыйлау керек па біреу? пыросты қолыма ұстап көрдім де, қайттан орнына қойып қойдым
Marationok
 қайдан білейік, өзіміз қолымызды әр жерге суға бермегендіктен шығар
aikarakoz
өләәәәәәәәә!  мен ол магниттерді қолымды ешжерге сұқпай-ақ ұстап көрдім ғо
Marationok
өләәәәәәәәә!
 негізі біреудің затын ұстауға дәтім бармайды
Kipshakkyzy
Оооу! Мен де ұстап көріп, бақытқа кенелмесем!
Marationok
төртінші суреттегіні ме?
Kipshakkyzy
Жоқ, алтыншы сурет!
Marationok
иә, онда не бар?
Kipshakkyzy
Не көріп тұрсың?
Marationok
қызғалдақтарды көріп тұрмын
Galamart
иа, сіз бірінші көрген кісілердің қатарынансыз
Gulzhanat
Критикаға начихатьБізге ұнады Рахмет!
Galamart
сізге де рахмет!
aza
Барлығы да ұнады!!! Астанадан қай жерден таба аламыз, мынадай бұйымдарды?! ҚЗ бойынша жеткізу жүзеге аса ма?! Маған қаттты ұнап отыр!
aza
Әу, жауап беретін адам бар ма?!
Galamart
Мен блогкэмпке барам, сол кезде ала барайын . Қазірше, тек алматыдамыз. Рахмет.
aza
Қукеттің ғо нақ, блогкімп деген сәуірге жақын болады ғой, сенің мынау заттарың 8 наурыз ға арналған, ептібайымайт ау!
Aikona
мда, қыздармен солай сөйлесесіз бе?  Сізге онда наурызға арналғанын алып барып берсін.
satibaldi
Сіңлім, қыздарды боқтауға мұнда тиым салынған.
Gulistan
Гаста айтқандай, идея жақсы, бірақ суреттер «грубый» екен. Бірінші суретте бесікте жатқан сәби емес, бір алпауыт қой. Соның формасын қайта қашаса, қалай болар еді?
Galamart
мүмкін, суретке түсіргенде сондай болып қалған шығар. Рахмет, қарап көреміз
araika
Соңғы екеуі ұнады Ал алдыңғылардың ұнамауының бірден-бір себебі — «мейрам» сөзі кірме сөздердің қатарына жатады, сондықтан «мереке»-ні қолдана берген жөн, оған қоса «сыпайы формада» емес (мейрамыңмен)

Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, істеріңіз алға баса берсін!