Ұстаз, оқушы, ата-ана

Кеше баламды мектепке алып барып, әншейінде істемейтінді істеп, сыныбына дейін апарып, кіргізіп жібердім. Сонда мынадай көріністің үстінен түстім. Тура сынып есігінің алдында бір ата-ана практикант қыздың жер-жебіріне жетіп ұрсып жатыр. Мәселенің төркіні неде екен деп, құлақ түрдім (ұяттымын). Сөйтсем, практикант қыз баланың бағасын төмендетіп қойған сыңайлы. Үш қойды ма екен, сондай бірдемесі бар. Себебін былай түсіндірді: «балаңыз сабақ айт дегенде орнынан тұрмай, қырсығып, бедірейіп алды» дейді. Соған әлгі мамаша: «сонда сен, баланың тәртібіне қарап, оның бағасын төмендеттің бе?» деп таңқалып тұр.
Қой, өсек бітті, енді істің мәнісіне көшейік.

кішкене кезде жаздық каникулда Балхашқа түсіп, Қарағанды/Жезқазған жақтарда болып едім. Сонда бір кішкене қызға соншалықты таңқалған едім. Анасы екінші рет тұрмыс құрған, ауылда апасы қалған, біраз жасқа дейін әлгі қызды өсірген апасы, кейін қызы мен күйеу баласының қолына барады. әлгі апа марқұрм жер барып хабарламасын, ішкенді жақсы көруші еді, причем ұятты түрде, жастықтың басына қойып қоятын, ақшасына соны алады. Былай мас болып жатпайды, тек ішкенді жаны сүйетін…