ӨМІРІҢНІҢ ҚҰНЫ БІР ТИЫН...
Еленамен Алматыдағы саяси семинарлардың бірінде таныстым. Ұзын бойлы, көңілді, ақсары қыз күні ұзақ дәріс тыңдап, шаршап шыққан журналистердің барлығына сыңғыр күлкісімен көңіл күй сыйлап, шүйіркелесе қалған жандарды күлкіге бөлеп жүрді. Еліміздің әр тарапынан жиналған әріптестер тобымызбен түскі асқа барғанда алты адамға жайылған дастархан басында екеуіміз алғашқы күннен көрші болып алдық. Танысып, әңімелесе келе Елена өзінің СПИД жұқтырғанын, қазір осы диагнозбен жүргеніне 8 ай болғанын айтқанда стол басында онымен қатар Қызылорданың қызы екеуіміз ғана қалдық. Талай рет ВИЧ жұқтырған жандар жайлы мақала жазып, тіпті осы тақырыпта мемлекеттік сыйлық алып жүрген әріптестеріміз түрлері бұзылып, теріс айналып кететін болды. 25-ке жетер-жетпесте басына бәле жинап алған бойжеткеннен суыртпақтап сыр тартқанымда Елена үнсіз бір уыс қағазды ұстата берді. СПИД жұқтырған жанның жазған сырларын бұзбай, қаз-қалпында жеткізуге тырыстым...
… Бұл аурудағы ең қорқынышты нәрсе не екенін білесіз бе? Жаңа ғана саған диагнозыңды айтып, көзін төмен салған медбике бір жапырақ анықтаманы қолыңа ұстатқанда ішіңнен бір нәрсе үзіліп түскендей болады. Ішіңнен осы уақытқа дейінгі жоспарларың, армандарың, мақсаттарыңды орындап үлгермеймін бе, қалған өмірім жетеді ме деген үрей билейді. Неменемен салыстырсам екен?.. Сен келе жатып көшенің қиылысынан көлік қағып кеткен адамды көресің. Бетін ақ жаймамен жауып қойған, маңайынынң барлығы қан. Ол адам таңертең үйінен шыққанда дәл осылай боларын жоспарлаған жоқ қой? Ешкім де өзін өлемін деп жоспарламайды. Міне дәл осы көрініс кезіндегі пайда болатын қорқыныш, диагнозды алғаш естігенде бойыңды мұздатып, жан-дүниеңді жаулап алады. Ойың бір жерге тұрақтамайды, өз-өзіңді ұстау мүмкін емес… Ең бастысы осындай жағдайдан шыға білу керек. Егер өз үрейіңді жеңе білесең — демек сен қоғамға қайтып келдің, ал жеңе алмайтын боркемік болып шықсаң… Жоқ, сен жеңіп шығуың керек! Қоғамда да, сенің өміріңде де ЕШТЕҢЕ өзгермегенін түсіне білсең болды! Барлығы өз орынында тұр. Ия, біз өлімге бір табан жақын тұрмыз. Бірақ еш адам қай уақытта өзімен не болатынын білмейді ғой? Бізге «өзекті жанға бір өлім» екенін ертерек ескертіп қойды. Сен осы инфекцияны жұқтырсаң, күні ертең талқаның таусылады деген сөз емес! Бұл айғақталған нәрсе. Мен де осы жетеме жетіп түсінген соң ғана жарық әлемге деген құштарлығым қайта оянып, қалыпты өміріме қайтып келдім…
… Ең ауыры жақын-жуықтарыма жеткізу болды. Жоқ, шешем менен соң 5 минуттан біліп, басымнан сүйеді, ал достарым, таныстарым — әрқайсына СПИД жұқтырғаныңды айта отырып іштей қоштасып аласың. Олардың осы кеткеннен қайтып оралмайтынына іштей дайындаласың. Менің өз тәжірибемде адамдар 3 түрлі әрекет жасайды: 1) түрлері бұзылып кетеді, саған деген жиіркенішті көзбен қарап, ауыр сөздермен балағаттап тайып отырады; 2) саған ештеңе өзгерген жоқ деп сендіріп, дос көңілін барынша танытуға тырысады. Бірақ уақыт өте келе қолы тимей кетеді, сирек кездесетін боласыңдар, соңында ондай танысыңның болғанын естен шығарып аласың. Байқаусызда кездесе қалсаң қолыңды алуға қорқып, сенен қашқақтап тұрады. Үшіншілері жеткізген жаңалығыңа ешқандай мән бермейді. Әрине басында «Қалай? Неғып? Енді не істейсің?» деген стандартты сұрақтар, кішкене аяушылық сезім білдіреді, сосын ұмытып кетеді. Сенің диагнозыңды да, сырқат екеніңді де, бәрін, бәрін. Менің жолым болды. Шын достығын сақтап қалған адамдар менің өмірімде көптеп кездесті, әлде мен қорқып, балағат сөз айтып кеткендерді ұмытып кеттім бе…
… Соңғы уақытта өз диагнозымды басқаларға жасырмай айтатын болдым. Мүмкін жан-дүнием орынына түскен болар, бірақ ішкі ойым — дені-қарны сау адамдарға өз қателігім туралы жеткізіп, оларды қауіптен сақтандырғым келді. Жас қыз-жігіттердің осы сұрақ бойынша сауатсыздығы қорқыныш ұялатады. «Мен нашақор немесе жезөкше емеспін ғой, маған қандай қатысы бар?» — міне олардың айтатын сылтауы. Сақтанудың қарапайым жолдарын білмегені былай тұрсын, естігісі де келмейді. Құрбыңның денсаулығы қандай екенін сен қайдан білесің? Ешкімнің маңдайында ештеңе жазылып тұрған жоқ қой? Қаланың қақ ортасына үлкен әріптермен СПИДті жұқтырған адамдардың статистикасын жазып қойғың келеді, нашаға да, жезөкшелікке де қатысы жоқ жандардың қанша екенін көрсе бәлкім естері кірер…
… Шынын айтсам дәрігерлердің бізге деген көзқарасы шошытады. Жоқ, СПИД орталығындағы маманданған дәрігерлердің біліктілігі жоғары, олар біз сияқтылармен күнделікті кездеседі ғой. Ал жұқпалы аурулар емханасындағы дәрігерлер ВИЧ жұқтырған жандармен сөйлесу мәдениетінен жұрдай. Олар саған өміріңнің бір тиындық құны жоқ екенін дәлелдеп береді, онсыз да еңсең түсіп барғанда өмірден мүлде түңіліп кетесің. Ондай адамдарды қалай ауруларды емдеуге жібереді? Сырқаты асқынған жанға үміт сыйлайтын солар емес пе? Біреудің жоғын біреу күліп іздейді деген шын шығар…
… Менің бала сүйгім келеді. Әлі жасым 23 те ғана, егер дұрыстап жоспарласа дені сау баланы дүниеге әкелу мүмкіндігі бар көрінеді. Бірақ… Күдік көңілге маза бермейді, дегенмен болашақта мен де ұрпақ тәрбиелеп, ана атанарыма сенемін…
… Міне, Еленаның қағаз бетіне түсірген үзік сырлары осындай. Газет бетіне ықшамдап, нобайын келтіргенім болмаса негізгі ойына еш қиянат жасаған жоқпын. Осындай батылдыққа барған жандар аз, мен Еленаға осы мақаланы көрсетіп, жариялауға рұхсат сұрағанымда өзі тұратын қаланың атын алып тастауын ғана өтінді. Қоғамда аяғымен нық тұрған жанның өзін танытқысы келмегеніне қарағанда, Сіз бен біздің көзқарасымыз әлі де дұрыс емес сияқты...

Өзі жұқтырған болса, оған серт десей, кім өз өміріне балта шапқысы келер дейсің?!
Көзеке, катты пайдалансай, айып етпесең
Пы.СЫ. Елена күйеуінен жұқтырыпты
www.halyksozi.kz/news/view/id/1216
жазба әсерлі екен
Сол аурудан жазылып кеткен сәбилер туралы білсеңіздер жазыңыздаршы.Ал қатты қиналып жүргендерге, оқып көрмесе егер, Валерий Синельниковтің Тайны подсознания деген кітабын оқуға кеңес берер едім.
Әжей кетіп барады кеңес сатып,
Өзіне да кеңес керек, басы қатып.
Өзің емес,өзгелердің қиналғаны,
Қиын екен көз алдыңда мұңға батып.
Әжей кетіп барады деген өлең бар.Авторы кім еді?
келес берем,Бір әже жүріп келеді
Тық тық ұрып таяғын,
Алдында арық жатқандай
Аттап басад аяғын ееехааау
Біреу қылық көрсетіп қоқаңдана,
Біреу оны деп ұқты Отанға ана.
Әжей кетіп барады сағыз сатып
Сағыздай боп созылған отарбада.
Қалмағандай фәнидің астар-мәні,
Сөгілгендей бақыттың баспалдағы
Әжей сатып барады ыстық бөлке,
Кеміргені − қытырлақ қатқан наны.
Елжірейді-ау есіне ері түсіп,
Сығырайтып тастапты көзін ісік.
Әжей кетіп барады сусын сатып,
Шөл басарға сор-сорпа терін ішіп.
Болмаса да ойының мұңмен ісі,
Мұңның оны басыпты мүлде мысы.
Әжей кетіп барады шұлық сатып,
Аяғында сүйреткен құр кебісі.
Нұрын шашып тұрса да жасаулы аспан,
Адасқан соң қызық жоқ қатар-достан.
Әжей кетіп барады тәтті сатып,
Тәтті дәмін тірліктің тата алмастан.
Көзден көлшік, маңдайдан көл бөлініп,
Жоқты бар ғып, тиынды теңге қылып,
Әжей кетіп барады арқаланып,
Арқасына өмірдің өңгеріліп.
Тұрса да «Ие» бақиға бағдар беріп
Арсыз емес, ақшасыз жаннан жеріп,
Әжей кетіп барады сатушы боп,
Алтын уақытын ғасырға арзан беріп.