Иіс суды қалай дұрыс таңдап алу қажет?



Үйіңізде қанша иіссу бар? Барлығын пайдаланасыз ба? Әрине жоқ. Өйкені, әрбір бойжеткен жылына кем дегенде 2-3 әтірсуды туған күні мен мереке күндері жақындарынан сыйлыққа алады. Маркетологтар нәзік жандардың тек 15 пайызы ғана бір иіс суды тұрақты пайдаланады-дейді.

«Аромат таңдау, жігіт таңдағанмен тең дейді»,- профессор-парфюмер Роже Дов.

Дүкенге барғанда сатушы ұсынған әтірлердің әрбірін иіскеп басыңыз ауырып кететін жағдай жиі болатын шығар. Үстіңізге сепкен әтір иісін таңдаған сайын, одан да жағымды, жұпар иіс табуға тырысасыз. Алайда, өзіңізге лайықты суды тапсаңыз жақсы. Егер ешқайсысы ұнамаса, дүкеншінің үгіттегеніне қарамастан, үйге жол тартқан жөн.

Кез-келген судың 3 түрлі иіс беретінін білетін боларсыз. Алғашқысы 1-2 минутта, ортаңғы шендегі иісті 2-4 сағаттан кейін сезесіз. Кейін иіс біртіндеп әлсірей бастайды.

Парфюмер дүкеніне түстен кейін барыңыз. Бармастан бұрын дәл қандай иіссу керектігін анықтап алыңыз. Өйткені, ол жерден тек 2-3 қана әтірсуды таңдай аласыз. Түрлі иістерден басыңыз ауырып, шаршап қалмау үшін дүкеншіге қандай ароматты қалайтыныңызды алдын ала ескертіп қойыңыз.

Әтірсу адамның мінезімен үйлесу керек. Мәселен, салауатты өмір салтын ұстанып, роликте сырғанап, шаңғы тепкенді ұнатсаңыз немесе спорттық киім кигенді жақсы көрсеңіз онда өткір шөптің, теңіздің иісіне жақын әтір таңдағаныңыз дұрыс. Мәселен төмендегідей:



Lacoste — Touch Of Pink Woman
Ralph — Lauren blue
Lanvin — Oxygene
Mexx — Mexx For Woman
Sergio Tacchini — Stile Donna
Kenzo — L'eau Par Kenzo

Егер әрқашан көтеріңкі көңіл-күймен жүретін еркеқыз болсаңыз сізге мыналар жағады.


Dolce & Gabbana — Light Blue
Roberto Verino — VV
Escada — Pacific Paradise
Carolina Herrera — 212 Sexy
Christian Lacroix — Tumulte Femme
Moschino — I Love Love

Арманшыл, сезімтал жандарға нәзік гүлзардың иісін беретін мынадай иіс сулар сәйкес келеді.


Nina Ricci — Nina New
Estee Lauder — Pleasures
Clinique Happy For Women
Davidoff — Echo Woman
Ghost — Cherish
Cacharel — Promesse
Escada — Escada

Ешқашан қар жаумайтын елде тұрғыңыз келсе, экзотикалық жемістерден жасалған коктейлді және өте сирек кездесетін гүлдерді жақсы көрсеңіз:


Yves Saint Laurent — Opium Fleur Imperiale
Estee Lauder — Pleasures Exotic
Christian Dior — Pure Poison
Estee Lauder — Beyond Paradise
Gucci — Eau De Parfum 2
Giorgio Armani — Emporio Night For Her

Өкшесі биік туфли мен ашық түсті помада қолданып, ер азаматтардың көзіне бірден түскенді қалайтындарға шығыстық ароматтар лайық:


Agent Provocateur — Agent Provocateur
Versace — Bright Crystal
Chanel — Allure Sensuelle
Prada — Prada
Hugo Boss — Boss Intense
Versace — Crystal Noir

Қызыл шарап түрлерін еркін ажыратындарға миндал, ваниль, шоколод әсерін беретін мынадай әтірсу қолдану керек деп кеңес
береміз:



Hugo Boss — Hugo Pure Purple
J. Del Pozo — Pozo In Black
Bvlgari — Omnia
Lolita Lempicka Summer

Қытайдың танымал «фэн-шуй» иіс суынан хабардар шығарсыз. Әрбір қалбырдағы түрлі гүлдердің тұнбаларының жеке сипаты бар.

Көк түстес фен-шуй өзен-көлдер сынды қанық. Бұлар карьера мен қаржы мәселесін шешер кезде интуицияңызға тікелей әсер етеді.




Davidoff — Cool Water Woman
Bvlgari — Blv
Givenchy — Into The Blue
Mexx — Pure Life

Жасыл түс-бұл бойыңызға ерекше үйлесім мен табиғи қуат береді. Жасыл түстен жасалған қалбырдағы парфюм жағымды көңіл күй мен ерекше серпін сыйлайды.


Isabella Rossellini — Manifesto
Elizabeth Arden — Green Tea
Hermes — Un Jardin sur le Nil

Алтын сынды сары түс-қымбат металдарға ұқсас. Бұндай ароматтарды күш-жігерді бағындырып, күшті әрі ақылды қадам жасайтын кезде қолдану керек.



Lancome — Attraction
Elizabeth Arden — 5Th Avenue after five
Louis Feraud — Feraud Paris
Givenchy — Organza
Yves Saint Laurent — Cinema

Қызыл түс-от тектес. Ол ынта мен құмартудан хабар беріп тұрады. Осындай парфюмерді қолданғанда әрдайым өзіңізді әр кештің ханшайымындай сезінесіз.


Cacharel — Amor Amor
Hugo Boss — Deep Red
Giorgio Armani — Emporio Night For Her
Azzaro — Visit For Women
Қызғылт- әйелге тән сезім мен жарасымды әсер беріп тұрады. Бұны арнайы кездесуге барарда немесе сізге қымбат адамдар үшін пайдаланған абзал.



Lacoste — Touch Of Pink Woman
Cacharel — Noa Fleur
Christian Dior — Diorissimo
Escada — Magnetic Beat
Gucci — Envy Me

Ақ түс пәктікті білдіреді. Бұл шығармашылық жұмыс барысында таптырмас ой береді.


Angel Schlesser — Femme
Hugo Boss — Boss Woman
Chanel — Coco Mademoiselle
Dupont — Essence Pure Femme

Қара түсті парфюмерді әлдебір шешім қабылдар алдында сеуіп алыңыз. Шашырап жүрген ойларыңызды бір арнаға тоғыстырады.


Gucci Eau De Parfum
Chanel — Chanel Coco
Dupont — Pour Femme
J. Del Pozo — Black
Versace — Crystal Noir

Енді әлемге танымал француз қыздарының иісcуға қатысты кеңестеріне құлақ асайық.

«Сән қууға әуестенбеңіз. Мен өмірімді өзгертетін кезде ғана иіссуды ауыстырамын. Әр 5-10 жылда»-дейді Инес де ла Фрессанж. (Ол 1994 жылы Франция – Марианнада сәнгерлердің белсендісі болған.)
Әйгілі әртіс Одри Тоту: «Аромат-өзің туралы сыр шертетін иіс. Ол көңіл- күйді әр күн сайын ғана емес, сағат сайын ауыстырып отырады. Егер бір күнгі көңіліңіздің әсерлі болғанын қаласаңыз өкшесі биік әдемі туфли киіп, помаданың түрін өзгертіңіз. Бүгінгі әлемге қатты танымал ароматтардың түрі-шоколод пен ваниль де айтар едім»,-деп кеңес береді.

«Нағыз әтірсуда ешқандай логика болмау керек, ол тек қана рух беруі тиіс. Аромат-бұл жыныстық құмарлық емес, бұл жағымды көңіл-күй. Жарнамаларға құлақ асқан сайын, түрлі әтірлер туралы ақпарат аламын. Алайда, олардың барлығы маған жақсы әсер бермейді. Ең бастысы өзіңе ұнаған иіссу әйел бойына сенімділік беріп, оны нәзік етіп көрсетеді деп білемін»,-дейді Инес де ла Фрессанж.

Мақала бұрынғы Арулар сайтының мұрағатынан алынды. Авторы Лола.
Бөлісу:

140 пікір

dark_nazgul
Өзім өз болып, қыз болғанда пайдаланған алғашқы әтірім Ultraviolet, Paco Rabban болатын. Содан кейін Givenshi, Hot Couture,WhiteCollection болды. Кейін перманентный декретке кетіп қалып, бір қол босағанда күйеуім Chanel Chance пен Love in Paris, NinaRicci алып берген. Шанс жақсы, бірақ ауыр, кешке, күн салқында болмаса, басты ауыртып жібереді.
Нина Риччи ұнайтын, соңғы кезде ұнамай жүр.
Бізде, шын айтса, нағыз әтір жоқ. Желтоқсанда MonAmie дүкенінде косметика сатып алғанда қыздар Givenshi AngeOurDemon пробнигін берген. Сұмдық ұнады. Бірақ, сатып алайын деп барсам, дүкендегі әтірдің исі пробниктен мүлде бөлек. Және, әр дүкендегі бір әтірдің исі басқа дүкендегіден тағы бөлек. Енді жақын біреу шетелге шықса, Дютифриден алдырам деп күтіп жүрмін. қазір сол АнжОДемон арманым.
Marationok
Өзім өз болып, қыз болғанда
Marationok
сіздің әтірлеріңіздің, құрамында іспирт қаншай пайыз?
dark_nazgul
мен негізінен eau de parfum қолданам, сондықтан спирт по максимуму.
kozildirik
иіссуды да, иіссу сепкен адамды да онша жақтыра бермеймін. Мұрным бітіп жаман болып қалам  ауылда таза ауада, жусан иіскеп өскендікі шығар
Marationok
Иіс су деп, ол анау 30-40 мың теңгенің айналасындағы нәрсе ғой
kozildirik
Қандайы болса да бас айналады әйтеуір. бала кезімізде газиктің артынан қуып жүріп иіскейтін бензиннің иісіне жетпейді
Marationok
бензиннің иісі денсаулыққа зиян ғой
kozildirik
Оны білдік пе? Әйтеуір жақын тұрады)))
Abilakim
мен де сөйтетінмін.Трактордың, к-700дің түтінінің исін ұнататынмын.сосын темекінің… бірақ темекі тартып кеткенім жоқ
konvict
Бензин емес, керосин ұнайды маған
dark_nazgul
қолтығынан қолаңса мүңкіп тұрған қыздар мен жігіттерге етіңіз үйреніп кеткен ғой.
kozildirik
Мұрынды жара қолаңса емес, табиғи иіске, таза иіске не жетсін)))))))
Abilakim
жалаңаш келіншектің(қыздың) табиғи исі баланың исінен кейінгі екінші орында мен үшін
dark_nazgul
а маған ер адамның үстінен цжақсы парфюм исі шығып тұрғаны ұнайды.
aikarakoz
Miss Dior Cherie неге жоқ? Өзімді қай санатқа жатқызам сонда
Marationok
көңіл-күймен жүретін еркеқыз
Erkekyz
Мен де білмей тұрм, менікі құтысы қоңыр))
asaubota
бұл мақала 5 жыл бұрын жазылған мақала. сондықтан түсіністікпен қарап, өздерің пікір жазып толықтырып отырыңдар.
Aizhantabyn
тамаша))) Бірақ, иіс судың түсі оның иісіне қаншалықты қатысты??? сосын, көбінесе парфюмның өзі емес, құтысы ғана түрлі түсті ғой)
Marationok
менің ойымша, иіс судан гөрі, құтысы әлде қайда қымбат сияқты
dark_nazgul
түрлі түсті әтірлер де бар ғой. мысалы, Лавинпари сары түсті, ал соның Пионы қызғылт.
Simona
Егер әрқашан көтеріңкі көңіл-күймен жүретін еркеқыз болсаңыз сізге мыналар жағады.

Dolce & Gabbana — Light Blue
Carolina Herrera — 212 Sexy

Dior-J'adore
ZEN
L'eau d'issey fleur қaйдa жaтқызaмыз?
Erkekyz
Пост керемет!
asaubota
барлығы да сендер, керектің қыздары үшін!
madlen
Аршат, мамаааа* )))) Рахмет
dark_nazgul
Әтірді сатып алғаннан кейін оның жасанды емес екенін тексерудің жақсы әдісі бар екен: тоңазытқышқа салып қою. Егер әтір мөлдір болып қала берсе, онда ол оригинал дегег сөз. Ал егер лайланып шыға келсе, апарып қайта өткізіп жіберген дұрыс.
Жалпы, әтір ұзақ сақталсын десе, тоңазытқышта ұстау керек дейді, білетіндер.
satibaldi
Қойнақ, мынау арақты тексерудің әдісі ғой.
dark_nazgul
енді, арақтың ар жақ — бер жағы ғой, әтір де.
satibaldi
Соны жұрт түсінбейді ғой: почти әтір ішіп барсаң да сасып тұрсың деп, садақаға кіргізбейд.
Gulistan
Өзіме соңғы ашқан «жаңалығым» —

Одан басқа ішінара МК Джорни, Селин Дионның белоңы бар.
Ал арманым мына парфюм:

одан қалса:

Ең бірінші иіссуым — Айсберг болатын. Қазір қолданбас едім, себебі иісі тым ауыр.
Өзімді қандай да бір тұрақты иіске тәуелді еткім келмейді. Жыл маусымы мен көңіл-күйім өзгеріне байланысты, олар да өзгеріп отырғанын қалаймын.
satibaldi
Қазір қолданбас едім, себебі иісі тым ауыр
О кездерде өмірден түңіліп жүріп пе еің?
Gulistan
Ол кезде талғамым жетілмеген болар.
satibaldi
Қазіргі талғамың туралы 58-ге келгенде осылай айтпасыңа кім гарант (осы банктен жалақы алатын боуы керек)?
Gulistan
Сатик, қойшы! Одан да өз парфюмдеріңді немесе өзіңе ұнайтындарын айта отыр…
satibaldi
Әбіләкім айтып кетті: қыздың өз иісіне сірә ештеңе жетпес. Әрине, шомылғаннан кейінгі екенін түсініп отырсыз.
Marationok
дұрыс айтасыз, қыздың табиғи иісіне ештеңе жетпейді
VKM
Маған сол Victoria`s Secret-тің парфюмдер жинағы ұнайды.Әр уақытқа әр түрлі парфюм.

Gulistan
Осы Викторияс Секреттің иіссу, лосьондарына қызығам, бірақ иісін сезе алмағандықтан, тапсырыс бергенде қателесем бе деп қорқам.
ВКМ, сенің ұсынған жинағың туралы білмеппін, рахмет. Қалай, өзің қолдандың ба??
Екінші коллекцияда гүлдер иісі басымдау сияқты.
VKM
маған алғашқыда сыйға әкелген Америкадан, парфюм набор, сосын лосьон, крем для тела, молочко.Ал қазір бітіп бара жатса, тапсырыс жасаймын.Иісі де, сапасы да супер.Осы суреттегілерді смело тапсыра бер.Өкінбейсің
Aizhantabyn
Екінші набор болған. Жалпы ВС керемет әдемі іш киім ғана емес, косметика мен парфюмды жақсы жасайды. Аса қымбат та емес.
satibaldi
Маған сол Victoria`s Secret-тің парфюмдер жинағы ұнайды.Әр уақытқа әр түрлі парфюм.
41 разъездегі жігіттер жасап жүрген бұрын юниверсал вазелиндерді құйып. Ең қиыны — шынымен әжімі жазылып кеткен адамдар болады дейді, қайталағысы келсе — әттең, формуласын ұмытып қалған!!!
aikarakoz

Қазіргі сеуіп жүрген дохыйым, бір жылдан астам стажы бар . Иісі керемет ұнайды өзіме.  Өткенде осыған ұқсас дохыйдың иісін ұнатып, алған болатынмын. Мұның иісі де ерекше. Екеуінің қайсысына тоқталарымды білмей жүрмін
satibaldi
Фейктің жоқ қарағым, ерте-кеші…
aikarakoz
жо-жоқ! «Французский дом» фейк сатады дегенге сенбеймін
satibaldi
 адамзатқа деген қалған сеніміңіз үшін қойылатын ескерткіштің мәрмар тасын өз мойныма алайын
aikarakoz
Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да… ©
Gulistan
Осы жерде шағын жарнама!!!
www.vot.kz сайты Қазақстан бойынша парфюмдарды сатумен айналысады.Бағалары да қымбат емес. Қателеспесем, Бьютимания қоймасынан тікелей жеткізеді.
satibaldi
Пробник беруге уәде беріп пе ед?
dark_nazgul
Бьютимания мен Монамиге апарып фейк өткізетін адамды білемін.
satibaldi
Епті, екеуміздің адамымыз бір шығар сол.
Gulistan
Елде екінің бірі дюти фриден алуға жағдайлары жоқ, амалсыздан Бьютимания, Мон Ами мен Француз үйін айналмай ма?
satibaldi
Сатушының р-ды ғ-мен ауыстырып сөйлеу қабілеті әлі де француздық дегенді білдірмейді.
dark_nazgul
ол дүкендерде аралас келеді, оригинал мен фейк. Таңдай білу қажет. Раз на раз не приходится.
madlen
Сонгы рет дютифридан 5-6 турли духи котерип келдим  Кыздардын заказдарымен )))

А так 5 жылдай болды Эклат Ланвинге  Ауыстыргым келмейди.
Erkekyz
Осындан 3-4 жыл бұрын алғам осы сайттан. Maxmara-Silk touch дегенді. Бірақ ол кезде тариф арзан еді ма, доставка үшін 200 бірдеңе ақ теңге алған болатын. Кейін тариф көтеріліп кеткең соң заказ бере алмай қалдым. Келген әтірдің иісі де, сапасы да қуантты. 8 күнде жеткізіп берді.
ErNur
Өткен жазда Алматыдан келе жатқанда Түркістанның саудагер қызы жүр пойызда парфюм сатып. Парфюмдері тиын тұраД кен. Қандай фирманың өнімдері деп сұрап едім чистый фирменный эйвондыкы деп қояд Сосын ол қаяқтыкы деп едім, айта алмай қалД
dark_nazgul
тараздың базарынан көргем: бес жүз теңгелік «духилар» сатып тұр бір жігіт. Бір қыз келіп бірдеме сұрады. Жігіт: жоқ, шанель менде жоқ деп жауап берді.
a63a1
иіс су деген абизөк алып қоям, Казір живанши поур хом деген иіс су сеуіп жүрм, бас ауыратын болды, ептеп ашшылау ма сондай.
satibaldi
живанши поур хом деген
Сені қай құлақтан теуіп кетті?
a63a1
Жоғи бырат сыртында солай жазылған, фотаға түсірейін бе ол қолдан келед, фаттапаратым бар Кәз мен саған проффесионалды сурет түсіріп әкелем
satibaldi
Әкел, ішін де түсіре сал қорапты, астымен қоса.
a63a1
ққорабын білмим нақ қайда қалғанын
a63a1
a63a1
джинс қалтасында жүргендіктен қажалып қалған шешесс…
satibaldi
Гуанчжоу провинциясы, Ағайынды Мыңдердің мемлекет үлесі бар кооперативі, Доңхы кентінен үш шақырым
a63a1
иісі жақсы ұзағынан болса баладта, Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылындағы Сашканың сиыр қорасында істелседе
satibaldi
Есімде, Родосқа барып демалып келген бір қатын әтір әкелгені. Епті, қақпағын ашып жапқаннан-ақ бөлмені арома алып кетіп, кетіп болмайтын сосын. Байқағаным, аригинал әтірлерде — спирттің иісі тіптен болмайтын сияқты.
Zhan

Пламенеющий красный – обжигающий, выразительный, дерзкий. Цвет ночи, цвет страсти, цвет головокружительного аромата Armand Basi In Red.
Парфюм от известного испанского модного дома Арманд Баси – воплощение мятежного духа Женщины в Красном. Несомненно, смелый неординарный аромат подходит не всем. Но его по достоинству оценит женщина с сильным характером, уверенная в себе, эмоциональная, сексуальная. Обладая собственным неповторимым стилем, она не боится выделиться из толпы и с достоинством королевы умеет носить красное — в том числе и Armand Basi In Red.

Туған күніме құрбым сыйлаған иіссу осындай екен. Өзім де қандай екенін енді біліп отырмын. Алдыңғы Шанельдің иіссуын да құрбым туған күніме сыйға тартқан.
sammita
барлық иіссуды қатырып тұрып сипаттайды ғо))
Zhan
Мұның алдында керемет бір иіссуға ұмтылмаппын да. «Орифлейм» мен «Эйвонның» каталогынан заказ беріп алып жүре беретінмін. Көбіне морской запахты таңдайтынмын. Бір иіссуға қатып қалған емеспін. Тек тым тәтті, иісі өткірлерінен аулақ жүремін.
Gulistan
Жақсы көрем осыны!!! Рахмет еске салғаныңа.
Erkekyz
Armand Basi In Red
Иісі джынды ғо.
sammita
жақында Монамиден мына Диорды алып көңіл-күйіме келмей жатыр тегі

негізі мына Эликсирі ұнайтын, айырбастайтын адам бар ма
Zhan
Менде «Эйвоннан» алған иіссуым таусылғанша шыдамым жетпей, басқасын сатып алдым. Сен айтпақшы, көңіл-күйіме дұрыс келмеді.
sammita
дәл қазіргім мынау деп қоймайт дит келіп алып
satibaldi
Менде «Эйвоннан» алған иіссуым
«Вся контрабанда делается в Одессе, на Малой Арнаутской» ©
sammita
осы сіз неге барлығы подделка иіссу қолданады деп ойлайсыз а? Жылына тым құрыса 1 нағыз иіссу алуға болады ғой)
satibaldi
осы сіз неге барлығы подделка иіссу қолданады деп ойлайсыз а?
Барлығы емес. Жасаған лаборанттарға нағыз иіссуды сеуіп көру бақыты бұйыратын сияқты, дегенмен.
sammita
Эйвонда свежий иістер бар, ал Мэри кейдікі өте ауыр(((
Zhan
Қасымдағы қыздар Мэри Кейдің кумирі. Бұрқыратып сепкен кезде басыңды ауыртып жіберетіні рас. Иісі ұзақ сақталады еще.
Gulistan
Дұрыс айтасыңдар, МериКейдегі иіссулардың көбі орта жастағыларға арналған. Жастарға тек Велосити келеді, одан қалса — Джорни.
Erkekyz
Ох Джорниді жек көрем.
Marationok
иіссу дегенді өмірімде еш қолданбадым...
Zhan
Қыздар сендерде қалай? Мен ер адамның бойынан иіссуының иісі жағымсыз, өткір болса иіссуымен қоса әлгі себініп алған еркекті жек көріп кететінім бар. Азар да безер болып, сол иіссуының иісі мұрныма кеп қалмаса екен деп қашып жүрем.
satibaldi
«Шуаш №3» от сарая моды Қараман
Zhan
"Қолтық№4" от сарая моды Аппақман да қарсы парфюм ойластырып жатыр.
satibaldi
«Сіз бүгіндері ұмтылуға қараған қи мен жүндес адамның тері аралас күлімсі иістің фейерверкіне куә боласыз».
Zhan
Кетч бар.
satibaldi
Сен жалғыз жүргенді жақсы көресің ғой, жұрттың иісі бәрібір емес пе?
Zhan
Кім айтты мені жалғыз жүреді деп… Көкбөрі шөпті көп жеп қойған да проста. Если што менің жігітімнің иісі керемет.
VKM
Жақсы парфюмды 1 км-дан сеземін.Жалпы таза жүрмесе, ешбір парфюм көмектеспейді… брррр...қоғамдық транспортта неше түрлі иістер болады ғой. Әсіресе жазда… мамммааа
satibaldi
Жақсы парфюмды 1 км-дан сеземін.
Ең мықты деген иісшіл пудельдер мен таксалар бұрышта қызғаныштан тұмсықтары дірілдеп, Педи Гри жеп тұр.
VKM
уа-ча)))әсерлеп жіберіппін бе?
satibaldi
Чел стоит возле подъезда и усиленно размахивает флаконом. Мент интересуется:
— Что за занятие?
— Выкуриваю VKM
VKM
Осы тақырыптағы сатыпалды фантазиялары кетті
satibaldi
— Останови, надухарится надо! Останови я говорю, надухарится надо!
— Ну что с тобой, еще целый километр до дома!
— Все, поздно! Возвращаемся! Она уже почуяла, что я работаю в отделе стерилизации бродячих животных.
Zhan
Қайран ВКМ қор болды-ау,
Багратионның САТына!
VKM
Жан, за то менің қандай иісшіл екенімді білді.
satibaldi
— Алло жаным, мен сені трезеден көріп тұрмын: бірақ неге үстіңнен помидордың иісі шығады? Сомельемін деп едің ғой?
— Иә, Малика, әңгіменің ашығын айтайын деп келе жатыр едім өзім де… Мен… актермін...
VKM
қайдағыны, ерінбееей шығарып отырған ағаның парфюмі қандай екен, а?
satibaldi
Аға, аға деп шеттетесің қарағым, ағаң да кейде порндоткомдарға байқамай кіріп кетіп, тура мониторға бітіріп алад
Gulistan
Ол енді бөлек әңгіме
Gulistan
Ондай бар, әрине!1 флаконды үстіне ақтарып алғандай жүретіндер де бар ғой.
sammita
Классные духи… а вам обязательно надо в них мариноваться?
Adiletshu
Еркектің 3 жерінен иіс шығу керек: аяғынан, қолтығынан және аузынан
Gulistan
қандай иіс туралы айтылмап па?
TOTY
«Арманшыл, сезімтал жандарға нәзік гүлзардың иісін беретін мынадай иіс сулар сәйкес келеді» дегеннің ішінде «Estee Lauder — Pleasures» бар екен… дәл қазір мен қолданып жүрген иіс су…
Gazizkizi
Тоты соны бір көру керек екен! Менікі — эмвейдікі
dark_nazgul
Өмірімде жек көретін бір әтір бар: Oriflame, Eclat for men.
Жек көргенде де енді, гендік деңгейде жек көремін.
KILYZAMAN
Шіркііін жусанның иісіне не жетеді… Сондай иіс суларың болса қалағандарың шетінен жусар еді.
dark_nazgul
ой, аға, жусан сыпыртқымен үй сыпырып, освежитель воздуха пайдаланбай ақ қойсаң болады десеңіз бір жөн…
KILYZAMAN
Сен қыз күлме, пығанцуздардың беделді парпиумшігінің жылап жіберері анық… Тек, майын алудың жолы көмескі сияқтыма өзі сол шіркіннің :-)
dark_nazgul
Жусаннан сыпыртқы жасап, сонымен еденді, кілемді сыпырып, сосын сол сыпырылған жерге аунап алу керек. Оның майын алып әуре болудың қажеті қанша?
zholantai
dark_nazgul ді реалда көрмесем де, суреттеріне қарап, тұлғасын жасап алдым да, жусанмен сыпырылған жерде аунап жатқанын елестеттім,
dark_nazgul
былай шығар:
zholantai
иә, жусан иісі мұрнын қыттықтаған сайын, күлкісі үдеп, кілем үсті шалғынға айналып, сықылықтаған дауыстар өзіне елітіп барады
Blogshy
Гумилев университетінің қызметкері, осы жусан, т.б. дала шөптерінің эфирлік майларын алумен айналысып жүрген Ерлан Сүлейменовке хабарласқам, ол лабораториямда жусан майының үлгісі бар, келіп көруге болады деді, барып сұрап қараңыз. Астанада.
bizbike
ESTEE LAUDER-дікінің бесеуін алдым дюти фриден, үшеуін таратып, екеуі үйде жатыр. Көңілім болғанда сеуіп аламын үйде. Acqua Di Gio иісі өте жақсы, ол да жатыр үйде, кезінде менеджеріміз сыйлаған.
zholantai
таңдаулыларға қосып қою керек мұны