Астанадан алған әсерлерім (Asaubota-ға арналады)
Сонымен келесі кезек құдіретті де күшті, «патшалардың патшасы» талай басшылардың басшысы, алтыннан ардақты админіз asaubota ағзамның нысанаға ілінген қасиеттеріне ден қоймақпыз. Ол кісімен де сол Zhan бикештің жанында таныстық. Қалың қабақты, қара, өткір көздерінен бастаған ісін аяқсыз тастамайтын, және де жұмыс жасап жатқанда сөйлегісі келмейтін адамның кейпін аңдадым. Жақын таныспаған адамымен шүйіркелесе алатын, әйтсе де танымайтын жандардың қасында үндемегенді жөн көретіндердің (еркінен тыс болуы да ммкін) қатарынан секілді. Есесіне ағайын десе ішкен асын жерге қойып, қонақты жақсы көретін мінезі бар ма деп қалдым. Өйткені көздері өткір болса да жанындағыларға қуанышпен көз тастайтыны сондай ойға жетеледі. Бір рет кездескен жанға кішігірім құпиясын ашуы оның меймандос екенінің көрнісін білдіретін сықылды. Содан соң тағы айтарым, балаларын қатты жақсы көрсе де, ыссылау қарайды- ау! Тағы бір айтарым амбиция жағынан минусы бар деген де диагноз қойғым келеді. Ал сөйлесе келіп, оның жан жағындағыларына көмек беріп, артынан «ой тыныш жүрсем қайтем-ай» дейтіні бар секілді ме, қалай, Асеке?!
Ал, енді қалғанын енді бір кездескенде толтырармын деп ойлаймын. Келесі кезек Aldeken де. Қол тисе ертең жазармын.
Пы.сы. Құрметтіменің табынушыларым керектіктер, сіздер мынау «бояшы бояушы дегенде сақалын бояды ғой» деп сөге жамандамаңдар. Мен Zhan ға арнаған постымда айтып кеткенмін. Кездескен керектіктердің бәріне мінездеме беріп, сіздермен бөліскім келді. Ал, кейіпкерлер, сіздер өз мінез құлықтарыңыз жөніндегі пікірлерім қате болса, жазсаңыздар екен. Біліп жүрейін, ия ма?
Ал, енді қалғанын енді бір кездескенде толтырармын деп ойлаймын. Келесі кезек Aldeken де. Қол тисе ертең жазармын.
Пы.сы. Құрметті
Сосын дөп тиген ақпарат аз. Ох лібә, мынау шынымен АРшат ғой дейтін, оны оқып Аршаттың өзі риза болып, не керісінше көтіне дейін ұялып ақтала кетпесе түк қызық мес.
Мен Солай.деде бұрын жазғанмын мінездемелерді. Бірақ дәлдік үшін емес, трольдық үшін.
Өзі туралы оқыған кез келген адамға қызық, бұл тұрғыда сәтті таңдадың тақырыпты, бірақ жалпылама: Иманжүзді екен типті жазулар іш пыстырад.