Сөзінен айну хит-парады


Қазақ — бесжүзді халық: өздері үш жүзден құралған және әрқайсысы — екіжүзді. © Мастұр батыр

Қаззақтардың лақтырғанынан талай зардап шегіп келдік, шегіп те жүрміз. Жалпы бұ халық сөзінен тез айнудың шебері екенін айқын дәлелдерімен көрсетіп келеді. Менің өмірімде соңғы кездері кездескен сөзінен айну мысалдарын сараптай келе, үздік үштікті анықтағым келді.

3 орында: Бастық.
Шартты түрде Бастық деп аталсын. Кейде өзі жұмысқа шықпай қалса, мені өзінің орнына шығаратын. Менің жұмыс күнім келісімшарт бойынша бейсенбі, жұма, сенбі еді. Ол мысалы дүйсенбі күні түнде 11-12-лерде (түннің бір уағында хабарласқаны бөлек әңгіме) звондайды:
— Ертең менің орныма шыға қойшы.
Жұмыстың таңғы 7-де басталатанын ескерсек, тез арада келісім беріп шешім қабылдау мен үшін қиын нәрсе, өйткені мен демалыс күндерімде басқа шаруаларымды тындырамын, өз жоспарларым бар дегендей. Бастық болған соң амал жоқ келісіп, таңертең 6-да тұрып жұмысқа барасың. Барсаң… Оп-па! Бастық өз орнында:
— Кеше басым ауырып, шыға алмай қалам ба деп ойлағам (Осы жерде аянышты түрмен мұрнын тартып қояды). Сен келдің ба? Аааа… Бекер келдің, өзім шығып істей беретін едім ғой.
Не айтарыңды білмей кері қайтасың. Кешке бастық кешегідей өтінішпен тағы хабарласады…
Әрі қарай

Ақтөбеден Аддис-Абебаға дейін жыныстық қатынас (инфографика)


Жоғарыдағы пәлені әкеліп тұр өткенде. Тянь-Шаньның жень-шенінен доктор Пең Хең жасаған бір хрен екен. Кез-келген аурудан ем, жанға дауа дейд. "Құлағымның мүкісі бар ед..." — «Ойбай, локатордан бетер саққұлақ боласың!». «Бел қуаты да баяғыға ұқсамай жүр...» — «Ойбай, бір батальон қатын-қалашты болдырып жіберетін боласың!». Очм, түсінгенім: мына жетпегірлер ғаламның құпиясын тауыпты да, универсал пормуламен әмбебап әрі жасап шығарыпТ. Кейбір уәделерін өздеріңмен бөлісуді жүн көріп отырмын.
Әрі қарай

Высоцкийді сомдаған актер белгілі болды


Ресейдің танымал актері Сергей Безруков "Высоцкий. Спасибо, что живой" фильмінде басты рөлді сомдағанын мойындады. Бұл оқиға 16-сәуірде Бірінші арнада «Вечерний Ургант» бағдарламасының бірінші шығарылымында орын алды.
Әрі қарай

Ағайын

Шалт басып шатасып, сорлаған соң
Қара түнек басыңа орнаған соң
Қандарыңның бірлігі неге керек
Жандарыңның бірлігі болмаған соң

Ақша тапсам Адамдық арым сатып
Маңдайақы біреудің малын сатып
Жиылар ең бәріңде маңайыма
Бір тамшы бойыңдағы қаның сатып

Бойымызда оянып жалған намыс
Болмашыға бұлданып арланамыз
Қылыш болып шабатын кездер болған
Бықсығанбыз, біріміз жанбағанбыз

Жақын жетер түбіңе талайыңның
Сүрінуін туыстың қалайды кім?!
Ағайынның барлығын көріп келем
Жоқ болғаны жақсы ма ед ағайынның?!
Әрі қарай

ҚАЛДЫРМА...



Бітіп бермес сансыз сұрақ санамда,
Күтер мені әлі атпаған таң алда.
Екі көзім парақта, жаным менің
Тым алыста, білмеймін қай ғаламда…

Әрі қарай

Менің сүйкімділерім...

Күнде жұмыстан кейін олармен сөйлеспесем, көрмесем шаршағаным басылмайды. Әсіресе үлкеніммен, неге үлкенің дейсіз ғой, себебі ең биігі, ең әдемісі және өзіне көп внимание требовать ететіні.
Әрі қарай

Үштікке іліккендер...

Музыка – это следы, по которым можно вернутся в разное время жизни. ©

1. «Тағдыр тәлкегі» фильмінде Алла Пугачеваның орындаған «Мне нравится»-сы.
Сөзін жазған: М. Цветаева
Музыкасын жазған: М.Таривердиев
Әрі қарай

Дала.Қала.Мен.

Сағынғанмен даланы алабөтен
Мен үшін болып кеткен қала мекен
Өткен жолы түсімде күрең мініп
Күн батысты бетке алып барады екем…

Бөктердегі су ішпей бұлақтардан
Телміремін кранға жылап қалған
Кейде өзімді қозыдай сезінемін
Енесінен адасып жырақ қалған

Қабылдамай қаланы түсінігім
Мен даланың адами пішінімін
Қан-жынымен қалаға тастап кеткен
Мен даланың жасанды түсігімін.

Сынаңдар, ұрсыңдар, ұрыңдар." Қалада не істеп жүрсің, кет ауылға" десеңдер жауабым міне
«Күн көру керек». Артыңдағы бауырларыңды ойлайсың дегендей…
Әрі қарай