Менің сүйкімділерім...

Күнде жұмыстан кейін олармен сөйлеспесем, көрмесем шаршағаным басылмайды. Әсіресе үлкеніммен, неге үлкенің дейсіз ғой, себебі ең биігі, ең әдемісі және өзіне көп внимание требовать ететіні. Қытай раушанын сатып алдым, ол кезде кішкентай болатын. 3 айда 1 рет топырағын ауыстырып отырамын. Барған жерімнен гүл көрсем бір сабағын ұрлап аламын. Қолымның ілмегі жоқ, бірақ ұрланған гүл керемет өседі.
Осындай ұрланғандардың бірі мына гүл
Біреудің үйіне қонаққа барсақ, подъездің терезесінің алдында тұр екен. Неге шығарып қойғанын так и түсінбедім. Тамырланған соң қаушаққа отырғызамын. Жұмыста терезенің алдында екі қаушақ тұрды, бірінде тамырлансын деп қойған болу керек, не то что тамырланған тамыры шіри бастапты, қасындағы қаушақтағы гүлдің қандай гүл екенін түсінбедім, ала кеттім. 20 шақты күннен кейін әлгі гүлім алоэ болып шықты. Күтімсіз қалған сорлы шынашақтай екі жапырақ болатын. қазіргі түрі мынадайқаушақтағы сорға мән бермеңіздер, өзім де ұялып жүрмін, топырақтарын ауыстыратын уақыты келді.   Бір дүкеннің терезесінің алдынан үнемі Денежное деревоны көріп жүретінмін, жоғалып кетті. Бір күні әдейі барып, дүкеншіден гүл қайда деп сұрап едім, складтан 1 литрлік банкіге салынған(суы сарғайып, тамырлары да адам көргісіз болып кетіпті) 5-6 сабақты әкеліп, мынау ма дейді.Аяп кеттім, ырымға 50 теңге тастап (ұрлап алмасаң, ырымға ақша тастап сатып алу керек) үйге тарттым, қазір әп-әдемі болып өсіп қалды.
Туған күніме әпкем мужское счастье деген гүл сыйлады. Ерің бақытты болса, сен де бақыттысың деді. Оның гүлі қызыл болады екен, женское счастьенің гүлі ақ екен, соны өсіру жоспарда жүр (айлығымды күтіп жүрмін) Еденге қоятын үлкеееееен гүлдер өсіргім келеді, бірақ қос тентегім жүгіріп жүріп құлатып кетеді ма деп қорқамын. Бірақ, болашақта Құдай оны да көрсете жатар,мүмкін өсірте жатар Айтпақшы, қытай раушаны өкінішке қарай тек бір күн ғана гүлдейді, сосын солып қалады гүлі. Бірақ, иісі керемет әрі өте әдеміОлармен сөйлессең, мақтасаң жайқалып, тамаша болып өседі. Артық жапырақтарын кесіп, топырақтарын ауыстырғаннан кейін, как будто сені жақтырмағандай әрсіз болып қалады. 3-4 күннен кейін ғана беттері бері қарайды. Әттең олар көп еді, отпускке кеткенде шөлден біразы өліп қалыпты, мен жоқта үйді желдетеміз деп қыста үсіртіп алыпты. Ни шооооо, әлі талай гүлдер жайқалар деп өзімді жұбатамын.Керемет, өз басым демаламын…
Бөлісу:

60 пікір

salta
мені қонаққа шақырар алдында үйдегі гүлдеріңізді тығып қойыңыздар...
ken
не деп сөйлесесің олармен сонда?
salta
көңілді әңгіме айту керек екен, бір күні жылағанымда гүлдерімнің 1-2уі солып қалды, әрең дегенде тыңайтқышпен тірілтіп алдым. Қытай раушаны ваще жағымсыз аураны қабылдай алмайды, сразу биттеп кетеді. 1 аптадай күрескенмін биттермен, үйде бір ауыр жағдай болған ол кезде…
satibaldi
сразу биттеп кетеді.
Шешесс…
satibaldi
Күнде жұмыстан кейін олармен сөйлеспесем, көрмесем шаршағаным басылмайды.
Постановление Правительства от 17.07.2002 N 795
«О ПЕРЕИМЕНОВАНИИ ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ „РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПСИХИАТРИЧЕСКАЯ БОЛЬНИЦА СТРОГОГО НАБЛЮДЕНИЯ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО ДЕЛАМ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ“

Правительство Республики Казахстан постановляет:
1. Переименовать государственное учреждение „Республиканская психиатрическая больница строгого наблюдения Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения“ в государственное учреждение „Республиканская психиатрическая больница специализированного типа с интенсивным наблюдением Министерства здравоохранения Республики Казахстан“ (далее — Учреждение).

2. Министерству здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
1) внести соответствующие изменения и дополнения в устав Учреждения и обеспечить его перерегистрацию в органах юстиции;
2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
3. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
salta
о, қасқааааа...
satibaldi
Соңғы суретте керісінше, гүл сені көріп демалып қалды ма дедім...(бұдан әрі қарай — 500-ге жуық комплименттер мен метафоралар, эпитеттер мен одалардың легі).
salta
одабай оооой ялыватр
satibaldi
До ауырсыну сезімдері знакомый район… Общежитие АО «Карагандауголь»???
ken
осы монитордың алдына кактус қойып қояды біреулер. монитордан шыққан зиянды бірдеңелерді ұстап қалады-мыс. кактустың сондай қасиетінің бары рас па?
salta
біздің жұмыстағы монтажкаға кірсеңіз әсері бар екенін байқайсыз. үйден алып барған кактус, Семейдің полигонына түскендей урод болып кетті… вывод?
satibaldi
Вывод: қызметкерлер — тіпті ұсқынсыз.
Aya
Күнде жұмыстан кейін олармен сөйлеспесем, көрмесем шаршағаным басылмайды. Әсіресе үлкеніммен, неге үлкенің дейсіз ғой, себебі ең биігі, ең әдемісі және өзіне көп внимание требовать ететіні.
балаларыңыз туралы әңгіме деп ойлап қалсам. Гүлдеріңіз әдемі екен.
araika
 Осыларды әдемілеп орналастыра білу де өнер ме дедім. Көрші үйлерге көз салып жүріп, небір өз флорасын қалай болса, солай жасап алғандарды кездестірдім.

Тірі гүлдерді баптай алмаймын, сондықтан интерьер үшін басқа амалын жасау ғана қолымнан келеді.
ademi_alem
Баяу ырғақты, әдемі әуендер қойсаңыз гүлдеріңіз билейтін болады. Иәәә, гүлдермен сөйлескен күшті ғой! ))
salta
балаларымның асыр салып ойнағанына үйренген деп ойлаймын, солардың күлкісімен қуаттанатын секілді
ademi_alem
балаларымның асыр салып ойнағанына үйренген деп ойлаймын, солардың күлкісімен қуаттанатын секілді
«Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес» деген екен Б.Момышұлы. (Сатыбалды ағаның айтуынша:
Ал анау Баукеңнен іліп алғаның тіпті жалпақ ауызекі сөз ғой. Біздің ауылға кел, немерелерін ақұдайлаған кемпір-сампырлар он том фразыға жүкті қылып жіберсін.
) Кім айтса да, кімдер айта алса да көңілге қонымды сөз екен. ))))
satibaldi
«Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?!
Неше балаңыз бар?
ademi_alem
Ары қарай оқымайсыз ба «деген екен Б.Момышұлы» дегенді. ))) Айтқанына қосыламын.
satibaldi
Айтқанына қосыламын.
Неше балаң бар дейм?
ademi_alem
сын сұрақтар мен жын сұрақтарға жауап бермейтінімді айтқанмын. (Апай, кешіріңізші әп-әдемі жазбаңызды бос сөздермен бұзып жібергенім үшін. Болды сөйлемеймін.  )
satibaldi
Апай, кешіріңізші әп-әдемі жазбаңызды бос сөздермен бұзып жібергенім үшін.
Апайыңыз мейірімсіздеу жан негізі, сірә кешіре алмас.
satibaldi
Сатыбалды ағаның айтуынша:
«Аға»,«аға» деп шеттетесің шырағым, «ағаң» жезөкшелерден неге күрт қымбаттап кеткендерін сұрап, телефонмен миларын жеп отыр.
kokbori
Баяу ырғақты, әдемі әуендер қойсаңыз гүлдеріңіз билейтін болады.
Қаражорғаға табиғаты жақын деп естідім
Gastarbaiter
Мен де кеше ғана «озеленение участка», «ландшафтный дизайн» дегендерді қаравалып, қызығып кеттім. Тіпті 4 түп алма, алмұрт, бірнеше гүлдің ұрықтарын алып келдім.
Жаңа ғана көшеттерін отырғызып, кеп отырмын.
salta
жемісті болсын!!! Мадессің ғой өзің
Gastarbaiter
Қауын-қарбыз бахчевая культура болмаса, біздің жерлер қиын ғой бірдеңе өсіруге.
Жел, күн… Баптауы қиын. Қара жұмысқа жоқпын. Тараздан былай қарайғы табиғат жоқ. Алматы мен Шығыс облыстарда тышсаң боғың өсіп шығад, рахат.
xsanatos
мақтаған жағып кетті-ау дейм, а бырат? )))
salta
жақсы істі жақсы деп айту, мақтағанға жатпайды, бауырым
xsanatos
ә, солай екен-ау! қап, қап! кешірші апатай
Gastarbaiter
«Маған жылы сөз жақпайды» деп айтатын адам нағыз мақтаншақ
salta
қойыңыз енді, қойыңыз, мені тым мақтап жібердіңіз деп сызылып па?  мақтанып тұрғанын жасыра алмай…
Gastarbaiter
Енді болады кейде мақтаушы әсіре мақтап жіберсе, өзіңді лайық еместей көріп, біртүрлі боп қаласың, тіпті мақтағаны шындыққа ұйқаспаса, балағаттай боп кетеді. Лесть- Комплимент — екеуі де мақтау деп аударыла ма?
19852407
Гүл өсіргеннен ләззат алуға болатыны ып-ырас , бірақ, уақыт бола бермейді баптайтын
 Біздің үйден осы суреттердегілерден анеееу үшінші алоэні, ер бақыты гүлін және қытай раушангүлін табуға болады. Өскін атаулыға келгенде менің де қолымның «сұғанақтығы» бар
Қытай раушангүлі шыныменде гүлдегенде көзді қуантады, лепестоктары алқызыл мақпал матадай болады, бірақ бутонның түбінен қиылып түсіп қалатыны жаман ертесіне(((, жылма-жыл шығатын гүлдері де көбейіп келеді. Оларды жинап шомылғанда ваннаға саламын.
Бәрінде қоңыр құтыларда өседі екен гүлдер)), соларды яркий, необычный горшоктарға ауыстырғым кеп жүр
Tarazkyzy
Гүлді өсіре алатын жандарға қызығам.
Gulzhanat
Жайнатып қойыпсыз! Менің мамамның гүлдерінен үйде аяқ алып жүре алмайсың. Бір жапырағы орнында болмай шықса — бітті шаруаң. Горшоктарын қойшы, кіп-кішкентай құтылар мен стакандарға салып қойғандарын не возможно не задеть, әсіресе, шаң сүртіп жүргенде. Тіпті бөтелкенің қақпақшалары да бос емес, су құйып, отростоктар салып қойған. Тіс пастасының қақпағына салып қою ойына әлі келген жоқ, шүкір
a63a1
шөп қымбаттап кетті, тұқымдық алып осылай егуге болад екенғой
a63a1
сүйкімдім емес ғашығым деп зарлап отырған барыганың әңгімесі
xsanatos
1000 ваттық прожектор қосып қойып өсіруге болады
a63a1
қалай сонда? шалаларды солай жасайдыма?
xsanatos
күн ыстық болмаса, дұрыс піспейді олар, дичка сияқты ілмейтін болып қалад. үйде өсірсең осылай ауық-ауық прожектор қосып қою керек.
xsanatos
қытай раушаны өкінішке қарай тек бір күн ғана гүлдейді, сосын солып қалады гүлі
енді қытай раушаны емес пе?
мен өмірімде бір гүл өсіріп көрдім, ол ана мужское счатьенің ақ түрі. бірақ, үйде әйел заты болмағасын ба, өліп қалды.
asaubota
қыздар қалай футболға жыны келсе, мен де гүлдерге жыным келеді

бұл әрине тақырыпты минустаймын немесе мұндай жазбаңдар деген сөз емес. тек жәй өз ойымды айтып жатқаным ғой. гүлмен сөйлесу деген енді білмеймін, ұлтшыл қиялилардың қиялилығынан да өткен нәрсе сияқты
Kerekstavka
 Гүлмен, үй жануарларымен адаммен сөйлескендей сөйлесетіндердікі шынымен күдік вызывать етпей қоймайды
Marco
Шу, Шу-әй, қайт, қайт ептібайымайт, маләтәңә — деп па?
salta
мен футболды жақсы көрем  гүлді де. баланс ұстанымдыссссс
Zhan
Келіншегің осы Салта сияқты гүл өсірем деп шықса қалай қарайсың?
Gastarbaiter
Пақаным гүлқұмар болатын, күнде кешке барып, "Қалайсың амиго, ия мен де түсінбеймін ондай адамдарды, қалай су-топырақ жақсы, ал Гүл-сабақ, тамыр жапырағың аман ба?" деп сөйлеспесе де, әр гүлдің гүлдегенін смаковать етіп, мынау мына гүлдің аты «Түнгі Пәленше, күн батқанда ғана ашылады» деп рахаттанып тұрып түсіндіретін. Мен гүлдің әсіре фанаты емеспін, бірақ ауланы сәл де болса көгалдандыру түбегейлі өзгертед көріністі.

Негізі бау бақша туралы бір қауымдастық ашылса екен, аула планировкасын өзгертіп, жақсы демалыс орны қылғым келеді.
Жеңіл-арзан, көп күтімді қажет етпейтін шешімдермен бөлісетін отандас амиголар бар шығар.
Бірақ неден бастарымды білмеймін. Біраз абдырап кеткен ауламыз.Шетелдік сайттардағы решениелерді қарасаң, бәрі амба-а-алдай үлкен усадьбаларға, бай-бақуаттыларға арналған. Дачниктер мен жер үйде тұратындардан аула ісіне қызығушылар болса қауымдастық ашып, сол жерде идеяларымызды бөлісіп тұрсақ қайтеді??
Gastarbaiter
Азды-кем қарапайымдау, орындалуы оңайлау аула дизайндары:






(Суреттің хұқықиелерінушілері кешіре жатар, тек танысу мақсатында қойдым)
Gulistan
Гаста, Атырау, Қызылорда секілді ауасы құрғақ, желді, ыссы аймақтарда жазда петуния еккен күшті.
Жақсы, тұқымнан өсірудің әлегі көп, бірақ жас отросток кезінде сатып алып, ыдыстарға орналастырсаң, не болмаса жерге егіп тастасаң, қазан-қарашаға дейін гүлдеп тұрады екен. Бір ғана минусы — бір жылдық, ал ең үлкен плюсі — ыстыққа керемет төзімді. Біздің Атыраудың орталық алаңдарында осы гүлді көптеп егіп тастаған, жазда жұрттың назарын аударып, көзді арбайды.


Zhan
Мынадай да өнерің бар ма еді? Маладессің ғой ә. Менің апам гүлді жақсы қарайтын. Мен өз үйім болғанын күтіп жүрмін. Қалай үйім болады, сен сияқты гүл өсіруге кірісем…
Gulistan
Гүлвира, гүлдерге қызығушылығыңды көріп қуанып отырмын.
Тұрған жерлері ыңғайды, күтім көрген екені көрініп тұр.
3 айда 1 рет топырағын ауыстырып отырамын.
Менің бір гибискусым бар, олардың тамыры аса үлкен болмағандықтан, 3 ай сайын отырғыза берудің еш қажеті жоқ. Гүлдеріне жылына бір рет қана пересадка жасайды, ал үлкен ыдыстағыларды — екі жылда бір рет.
Пересадка — гүлдер үшін үлкен стресс екенін ескере отырайық.
Саған жазда бальзамин, пеларгонич өсіруды ұсынар едім.
Айтпақшы, гүлдерді жазда балконға шығарасың ба?
Әттең олар көп еді, отпускке кеткенде шөлден біразы өліп қалыпты
Үйде адам жоқта оларды суғарудың бірнеше жолы бар, гидропоника, гидрогель дегенді естіп пе едің?
Менің қолданғаным — кетерде бәрін үлкендеу легенге орталап су толтырып, бәрін сонда салып кету. керегінше су алып, сен келгенше құрғамайды.
satibaldi
Менің бір гибискусым бар
«Мачом бар»? «Жігіт»? «Хахаль»???
Gulistan
Екінші суреттегі гүл кораловая бегония деп аталады.
Былтыр көөп іздеп жүріп, дүкендегі бір орыс апайдан тапқам отростогын. еш күй талғамайды, жазда тыңайтқыш құйып, уақтылы суарып тұрса, былайша гүлдейді екен:

Саған тек қана сәттілік!!!
salta
ой, жаным, рахмет, скоро отпускке кетіп барамыз, жақсы болды ғой айтқаның. 3 айда 1 рет ауыстырып отыруға дағдыланып кетіппін, стресс екені рас, біраз көтерілмей тұрып алады. РАХМЕТ!!!
GulL
 тамаша!!! Осылай гүл өсіретіндерге жаман қызығамын, менде өсіргім келеді, тек үйде болмағанда постоянно өлқала береді  
Гулстан және сізден енді үйренбесем