Хе,хе,хе,,, Экс-қарағандылық футболшы Баварияны финалға шығарды

Интернет пен газеттегі ұрлық-қарлықты тыюға мына түрмен шамамыз келмейтін сияқты. Журналистерді кінәлап едік, енді сайттар қосылды. Rafaello-ның «Экс-қарағандылық футболшы Баварияны финалға шығарды» деген әңгімесі бар еді ғой, енді соны Қарағанды қаласының vkaragande.kz сайты тұп-тура көшіріп басыпты. Сенсендер де, сенбесеңде де мына жерде тұр. Your text to link... Тіпті, суреттерін де өздерінікі етіп қойыпты. Мына түрмен Керектегі мақаланы бүкіл газет-журнал көшіріп басатын шығар. «Швайнштайгер- жерлесіміз!» деп. Википедияға бір қарай салу да қиын болып бара жатқан тәрізді. Тек, КерекИнфоның ақпаратына сенетін болған ғой жұрт. КерекИнфо үшін жақсы. Ақорданың өзі ресми жаңалықтарын ұсынып қалуы мүмкін. Бірақ, қазақтар әлемдегі ең мықты спортшының, әртістің, саясаткердің, миллярдердің жерлесіміз деп бөсіп кететін шығармыз мына түрмен. Rafaello мысқылмен жазады, ал өзге жұрт оған кәдімгідей сенеді. Қызық ә?!

Біртүрлі сөздер

Ауылда, көрші тұрған бір кемпір болып еді. Марқұмның жалғыз баласы бар-тын. Ол тәп-тәуір келіншек алып, үй болды. Алайда, ерке өскен есалаң жиі-жиі «налево» кетіп қалатын. Ақыры, басқа біреуді екіқабат қылып, отбасысы ойран бола жаздады. Әдетте көп сөзі жоқ кемпірдің, сол кезде баласына ұрысқаны есімнен кетпейді. Дәлірек айтсақ бір ғана сөзі. «Желтасақ»! Естідіңіз бе мұндай сөзді бұрын? Меніңше, ең дәл айтылған анықтамалардың бірі.

Жабық қауымдастықтардың біріне салуға да болатын еді. Бірақ, админ шағымданған «Жазғы сылбырлыққа» аз да болса ем болар деген оймен осында қойдым.
Очм, осындай. Тақырыпқа қатысты білетіндерің болса, бөлісе отырыңдар.
Әрі қарай

«Қараңғы көлеңкелердің» жақсысы мен жаманы



Тим Бёртон мен Джонни Депп тандемі қолға алған жобаның ә деп басталғаннан-ақ елдің есін алмаса да, есінде қалып қоятын бір қасиеті бар. Оу бір кездері шыққан «Эдвард Қайшы-қолдардан» бастап, бертіндегі «Қалыңдық мүрдесі» мен «Ғажайыптар әлеміндегі Алисаға» дейін өзге мамандарда жоқ ерекше стильдің, айрықша киноның мысалы ретінде қарастырылады. 10 мамырдан бастап қазақстандық прокатта көрсетіле бастайтын «Қараңғы көлеңкелер» бұл екеудің сегізінші ортақ жобасы екен.
Әрі қарай

Жазғы сылбырлық маусымы басталды



Жаз жақындаған сайын интернеттегі белсенділік те азая бастайды. Осы сылбырлық маусымы енді басталған сияқты. Ешкім ештеңе жазғысы келмейді, пікір жазуға да ерінеді

Күзге дейін осылай енді…
Әрі қарай

Хабдолла атайдың соғыс туралы шытпақтары

Алдымен аз-мұз трагедия. Хабдолла* атай, 1923 жылы туылған, қызыл әскер. Жауынгерлік жолын 1939 жылы бастаған. 1942 жылы неміс тұтқынына түсіп, Рейн-Вестфалия жерінде шошқа бағады. Өмірінің ол кезеңінен айтатын жалғыз естелігі: «Фройлена жақсы кісі еді. Сұлу да еді: емшектері — мынаааааааандай!». 1945 жылы совет әскерлерімен «азат» етіліп, "өз еркімен тұтқынға түскен" деген айыппен 25 жылға бас бостандығынан айырылады. 25 жыл түгел отырып шыққан ол қайтар жолға түк таба алмай, бір топ адаммен дүңгіршекке(«ларек») шабуыл жасап, тағы 10 жылға қамалады. Ол мерзімін өтеп шыққан соң, паспорт режимін бұзды деген айыппен тағы 3 жыл бас бостандығынан айырылған. Бас-аяғы 41 жыл жазықсыз айдауда отырған адамға бәрі де кешіріледі, есі ауысқандығы да соның зардабы болар. Бірақ қанша сыйлағанмен, кейбір өтіріктерінен ұстап алып, қасқа шалды жындандыратын едік.

***
Әрі қарай

Атамыздың кезекті айласы өтпей қалды ! :))


«Шымқала, неткен көрікті қала едің! Өзіңмен талай қызықты шақтарым өтті ғой. Таң атысымен тұрып, түннің бір уағына дейін қаланы тамашалып, алаңсыз жүруші едік!»- деп, ойға шомып отырғанда Шопр ағаның «колостан» түсесіздер ме әлде, «ескі автовакзалданба»?-деген, сұрағынан селт ете қалдым.
Ол жерді неге «колос» -деп аталатынын әлі күнге дейін білмеймін! Кім біледі, айта кетсеңіздер

-Аға «колостан» түсіп қалайын.
-«Тәәк», деп рөлді ақырын ғана бұрып тоқтады.
Жалпы қалаға жұмыстарыммен келген болатынмын. Жұмыстарымды бітіріп. Жаудың басын қайырғандай сезімде, жақсылап тұрып, түстеніп алдым .(әбеткі шәй) Осымен доғарсам болар еді, бірақ анадай жерде су араластырып сатып тұрған «қымыздың» екі шақ кесесін сіміріп алдым! Сонан жан-жағыма қарап, дәретхана іздей бастадым. Жарықтық «дәретхана бизнесі» қымыз сатушылардың арқасында жүріп тұр ғой. Асығып келіп 30 тг бердім де қажетімді өтеуге асықтым. Менімен бірге бір атамыз да асыққыны соншама «шыққан соң тиыныңды беремін»,- деп екпіндеп кіріп кетті. Кассир қыздың қасында байқауымша осы бизнестің «ходжайыны» жасы үлкен апамыз отыр.
Былай деп әңгімесін бастап кетті:
— Әй осындай шалдар көбейіп кетті соңғы кездері. Өткенде бір шал «вайнаға» қатысқанмын деп, тегіннен тегін кіріп кіш еткізіп кеткен. Біз сонда не, қайырымдылықпен айналысып отырмыз ба?! Немесе «вайнаға» дәретханаға тегін кіріп-шығу үшін қатысқан ба ?! Бұл сендерге мемлекеттік дәретхана емес, «частный туалет»!
— Мемлекеттік дәретхана деген не, ондай КСРО кезінде болған беді ?,- деп сұрағым келіп еді, «әй қой апамыздың асқазанынан тірідей бірақ шығармын» -деп, іштей қарқылдап алдым. Сол кезде атамыз да шықты.
— Айналыйын рақатыңа отырдың ба, төле! (ходжайын)
— Қазір, кемпірім келіп төлеп кетеді. (шағала атамыз)
— Сенің кемпіріңді кім таниды төле тез! Шалдарың осындай көргенсіздік көрсетсе жастарың не істемейді аааа. Оңбаған жастарға берген тәрбиең осы ма?!- деп жағасынан ала бергенде атамыз төс қалтасынан 1000 тг суырып алды да «ходжайынға» берді. Атамыздың бұл әрекеті маған қызық көрінді қасына жақындап барсам, жаңағы іс-әрекеттеріне себепші болған, өмірден өткен кімпірін есіне алып, соны төлейді дей салуы, Талдықорғанша айтқанда:
— Атамызды «жылан» шағып алған екен.
— Көркем әдеби тілмен айтқанда:
— Сайтан судан сіміріп алған екен.
С.С: Адамдар қартайған сайын қылығы жас балаша болып кетеді дегенді есітуім бар еді. Рас екен-ау! Жаңағы атамыздың қылығы автобустан ақшасын төлемей қашқан болзбалалардың әрекетіндей көрінді.
Хош, досым былай деуші еді:
— Күлсең, шалмен (кемпір) байға күл. Басыңа келеді.
Досымңың бұл сөзі есіме түскен соң, ауылға жеткенше күлкіден ішегім түйіле жаздады.
Әрі қарай

Оныншы мамыр

Әркімнің жылына бір рет болатын туған күні сол адам үшін ерекше күн болатын шығар мүмкін. Алайда біздің жұмыстағы әріптестеріміз үшін өз туған күнімізбен қоса, тағы бір ерекше атап өтетін “ерекше туған күн” бар.
Әрі қарай

"Мінбер" Қызылжарға келді

Мінберліктер Қызылжарда жүр. 11-12 мамыр М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да семинар-тренингтерін өткізеді. Бүгін дәл қазір дөңгелек үстелде отырмыз. Есенгүл Кәпқызы, Бақытгүл Салықова, Ғалия Әженова баяндама жасап, талқылаулар жүріп жатыр. Сосын сәл кешігіп ортамызға Талғат Байназаров қосылды. )))
Қатысушылар Астана, Көкшетау, Павлодар және Қостанай қалаларынан келді.



ПыСы: Енді екі күннен кейін казжурға тіркелген блоггерлердің саны кем дегенге 15-ке артады деген ниетпен, әрі солар 2013 жылы БлокКампқа келеді ғой деген ниетпен осы қауымдастыққа қостым.
Әрі қарай