Хе,хе,хе,,, Экс-қарағандылық футболшы Баварияны финалға шығарды

Интернет пен газеттегі ұрлық-қарлықты тыюға мына түрмен шамамыз келмейтін сияқты. Журналистерді кінәлап едік, енді сайттар қосылды. Rafaello-ның «Экс-қарағандылық футболшы Баварияны финалға шығарды» деген әңгімесі бар еді ғой, енді соны Қарағанды қаласының vkaragande.kz сайты тұп-тура көшіріп басыпты. Сенсендер де, сенбесеңде де мына жерде тұр. Your text to link... Тіпті, суреттерін де өздерінікі етіп қойыпты. Мына түрмен Керектегі мақаланы бүкіл газет-журнал көшіріп басатын шығар. «Швайнштайгер- жерлесіміз!» деп. Википедияға бір қарай салу да қиын болып бара жатқан тәрізді. Тек, КерекИнфоның ақпаратына сенетін болған ғой жұрт. КерекИнфо үшін жақсы. Ақорданың өзі ресми жаңалықтарын ұсынып қалуы мүмкін. Бірақ, қазақтар әлемдегі ең мықты спортшының, әртістің, саясаткердің, миллярдердің жерлесіміз деп бөсіп кететін шығармыз мына түрмен. Rafaello мысқылмен жазады, ал өзге жұрт оған кәдімгідей сенеді. Қызық ә?!
Бөлісу:

55 пікір

Armanjan
Астапырбудта /сабывалды@/
Marco
Күлейін десем, жылағым келіп отыр.
Abilakim
бля)))))))))))))))))))))))))))))
Abilakim
қазақша жаңалық тек сол ғана ғой деймін)))
sammita
осы беттің сілтемесін салшы ана сайтқа, тіркелген екенсің ғо.
alashaman
Бавария футбол командасының үздік ойыншыларының бірі Бастиан Швайнштайгер жерлесіміз болып шықты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Еділ бойынан Қазақстанға жер аударылған неміс отбасында 1984 жылы дүниеге келген Бастиан туған жерін ұмытпапты. Біздің телеарнаның тілшілері арнайы сюджет дайындау үшін Швайншайтгермен кездесуге Мюньхенге ұшып кетті. Әйгілі футболшымен болған сұхбатты АПТА.кз бағдарламасынан көре аласыздар" деп жазыпты КазТРК.кз сайты
dark_nazgul
уахахахахахахахаах өлдім. вот жындылар.
dark_nazgul
Ерболға позор болды…
alashaman
Ерекең мән-жайды түсініп отырған шығар.
Erbol
Cілтеме қайда?
Marco
Мынау рас па????
Abilakim
бұл өтірік болар
asaubota
Рафаелломен бәрі таныс болмауы мүмкін ғой, Керекинфоны тек оқып кететіндер көп. дегенмен ақпаратты тексеріп алулары керек қой.
timurrr
Үндеме, Аршеке! Дыбысың шықпасын! Керісінше, керектің тұла бойындағы «Рафаелло мысқылмен жазады», «Рафаеллоға сеніп жүрген сен де» деген сияқты барлық жазбаны өшірейік. Көшірсін. Қай жерге дейін барар екен, сыртынан бақылап отырайық. Еееей…
alashaman
Тимеке, онда біздің журналистика қарыштап дамып, казнеттің қазақша контенті ағылшын тілін шаң қаптырып кететін болады
a63a1
дұрыс, бірақ заңмен қудалану жағы қалай болар екен? Деза таратқан үшін деген бапқа ілініп кетпейме? ондай бап барма өзі?
alashaman
ондай бапты білмеймін, ар-намысқа нұсқан келтіру туралы бап бар. Дезаны кім таратты деген сұрақ тағы бар ғой. КерекИнфода ұрыларды сынап айттық, сөктік, болмады, енді қалжымен қағытып жатқан түріміз ғой. Өкініштісі, біздің журналистикада ақпаратты тексермеу көп. Дұрыс ақапарат бермеудің өзі деза. Ең қызығы орыс тіліндегі сайттың өзі Керектің ақпаратын іліп әкетіпті. Демек, бұл КерекИнфо Lente.ru ды наққа жіберуге таяп қалды деген сөз
timurrr
Деза таратқаны үшін жауапты болса, БАҚ ретінде тіркелу керек шығар? Автор шын адам болу керек шығар? Енді бұл мемлекет әзіл-сықақ жазуға да шектеу қоймайтын шығар?
a63a1
қайдан білейн, қыста бәрін тігеміз деп жатқан еді әйтецір (айпиімен бірге)
sammita
жалған ақпарат таратудан бұрын, олар рұқсатсыз жариялағаны үшін жауап берсін. Суреттерді меншіктеп тіпті.
Marco
Рас, көрейік осылай. Тіпті осыған понисалысып, қоштап отырайық)
Armanjan
Швайншайтгермен кездесуге Мюньхенге ұшып кетті.
sammita
позззор, еще суреттерді меншіктеп алыпты шынымен
timurrr
әрі-беріден соң «шешессс» деген эпитеттің өзі эмоцияны сыртқа шығаруға күші келмей жатыр…
vebred

Ухх өлдім))) Бұдан асқан не бедел керек Керекинфоға, жасай бер Аршат бастаған креативтер командасы))))))
asaubota
бұл жәй бір блоггердің жазбасы ғой. ал ана өткенде Барселона бапкері туралы Алашайнасына шыққаны өрт болып еді шынымен
Rafaello


Болды, қойдым. Негізгі нысанам бұрынғы әріптестерім еді, оқ басқаларға да тиіп кетіп жатыр екен. Версткамен айналысамын енді
Abilakim
Қара жорға ойна,"қой" десе де қойма
asaubota
дезамен тек бір адам айналыссын деймін КерекИнфода. ол да сен ]
vebred
Анау тамаққа қатысты сауалнаманың қорытындысын да жазсаншы… соңғы бетіне жазатын жеңіл-желпі ақпарат таппай отырған газет-журналдар жерден жеті қоя тапқандай етіп, тест жасап жариялап жіберсін!!!!!))))
alashaman
Айпақшы, қазззақтар АПТА, кз-тен көресіздер дегеніміз қалжың еді. Болмасаңда ұқсап бақ деп, Rafaello-ға ұқсатып жазып қалып едім, мына жақта телефонға маза болмай жатыр. Қазір корпорацияның бастықтары көрсе әкемді танытар*(*(*(
vebred
Rafaello қоюдың қажеті жоқ, керісінше қаншаға дейін барады екен көрсеңші...)) дәл сен секілді сендіріп жзатындар аз ғой))))
Erbol
alashaman қатаң жазалансын. "Қазақстан" РТРК АҚ Басшылығы.))) Назгүл твиттерге жазыпты, тілшілерің Мюнхенге кеткені рас па деп.Ұқпай жүрсем.Бәленің бәрі мұнда жатыр екен.))) Ондай ақпараттың кетуі мүмкін емес.
a63a1
Ешкімде емес өзіміздің mars1 қой жазып жүрген ол жазбаны
aza
Футбол демекши… Бугин жиналамыз ба, жигиттер, жумада доп тебуши ек кой, ески дастурде. Инциаторлар кайда, откен апта ойынсыз отти. Шалдар кайда екен?!
Daniar-Alan
жеңілуден шаршаған дә
Abilakim
қой, олардың РУХын жеңе алмайсыңдар
asaubota
бүгін де жоқ екен. Бекжан ахи айып етпеңдер деп жатыр.
Marationok
Вкараганде деген ненің сайты өзі? танымал ма?
былайша айтқанда күлгім келді, әй кейін, қолды бір сілтедім.
Zako
Википедияға бір қарай салу да қиын болып бара жатқан тәрізді
Қарау үшін де ми керек. Миы сасыған көлшіктің суындай болған арамтамақтардың қаптаған заманы, атасының.