Жыл үздіктері

Елдің бәрі жылды қорытындылап жатыр. Бізде сол үрдісті бастап кетейік. Ендеше,
2013 жылы футбол әлемінде әлем, Еуропа чемпионаты секілді ірі додалар өткен жоқ. Есесіне, «Конфедерация – 2013» турнирі Бразилия халқын той-думанға бөледі. Шілде айындағы турнирде алаң иелері қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті. «Пентекампеондар» ақтық сында әлем және Еуропа чемпионы Испания құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

«Конфедерация» кубогының үздік ойыншысы – Неймар
Блог - Bek-enu: Жыл үздіктері
Жас болса да, аз уақыт ішінде Бразилия құрамасының көшбасшысы болып үлгерген Неймар осы турнир барысында өзін барлық қырынан таңытты. 21 жастағы шабуылшы төрт рет мергендігімен көзге түсті. Оның Жапония қақпасына соққан голы турнирдегі ең әдемі голдардың бірі болды. Алдағы жылы өз елдеріңде өтетін әлем біріншілігінде Неймар Бразилия құрамасының басты сенім артар серкесі.

Франция үздігі – Рибери
Блог - Bek-enu: Жыл үздіктері
Францияның жыл футболшысын әлем әйгілі «France Football» журналы анықтайды. 1958 жылдан бері үш жолақты өздерінің үздіктерін анықтап келеді. Биылғы жыл бұл жүлдеге Мюнхеннің «Бавария» командасының жартылай қорғаушысы Франк Рибери лайық деп таңылды. Осы жылы неміс командасы сапында барлық жүлдеге қол жеткізген Франк ұлттық құрамасының Бразилиядағы әлем біріншілігіне жолдама алуына өз үлесін қосты. Негізі Рибери 2007,2008жылдары екі рет қатарынан жыл үздігі аттанған болатын.
Рибериден бөлек, үміткерлер қатарында Поль Погба мен Блез Матюди де болды.

Германия үздігі –Бастиан Швайнштайгер
Блог - Bek-enu: Жыл үздіктері
Германия өз үздіктерін 1960 жылдан бері анықтап келеді. Жыл футболшысын Германия спорт журналистер ассоциациясы мен футбол журналистері және «Kicker» журналының қызметкерлері анықтайды. Жыл футболшысына Германия футболшыларынан бөлек, Бундеслигада өнер көрсететін шетел футболшылары да таласа алады. 2004 жылы бразилиялық Аилтон Германияның үздік футболшысы болған алғашқы шетелдік ойыншы атанды. Одан кейін Рибери мен Роббен де Германияның жыл ойыншысы атанған болатын.
Биылғы жыл немістер мюнхендік «Бавария» клубының жартылай қорғаушысы Бастиан Швайнштайгерді үздік деп таңыды. Былтыр бұл мәртебелі жүлдеге Марк Ройс қол жеткізген еді.

Англия үздігі – Гарет Бэйл

АнглБлог - Bek-enu: Жыл үздіктеріияда жылдың үздік ойыншысын елдегі футбол журналистер ассоциациясы (Football Writers' Association Footballer of the Yea) анықтайды. Ағылшындар өздерінің үздіктерін 1947/48 жылғы маусымнан бері анықтап келеді. Алғаш «Блэкпул» клубының жартылай қорғаушысы Стэнли Мэтьюз осы сыйлыққа ие болған. Бұл сыйлыққа Мэтьюз, Кенни Далглиш, Тьерри Анри, Криштиану Роналду секілді футболшылар екі реттен қол жеткізген.
Ал биылғы 2012/2013 маусымның үздігі болып «Тоттенхэм» сапында жасындай жарқыраған уэльстік Гарет Бэйл таңылды. Бэйл маусым аяқталған соң, «Реал» сапына ауысып кетті.
Швеция үздігі – Златан Ибрагимович
Швеция өз үздіктерін 1946 жылдан бері анықтап келеді. Жыл футболшысын «Aftonbladet» газеті мен Швеция футбол одағы таңдайды. Алғаш бұл жүлдеге Гуннар Грен ие болған. Ал биыл осымен сегізінші рет Швецияның жыл футболшысы, ПСЖ клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович болды. Златан ПСЖ-ның ғана емес, ұлттық құрамасының да капитаны әрі көшбасшысы. Ибрагимович қазіргі кезде әлемдегі үздік ойыншылардың алғашқы бестігінің қатарында. Сонымен қатар, жыл футболшысы атану жөнінен Златан өзіндік рекорд орнатты. Осы уақытта Швецияда екіден көп ешкім жыл футболшысы атанбаған екен.

Австрия үздігі – Давид Алаба
Блог - Bek-enu: Жыл үздіктері
Австрия 21 жастағы жас футболшыны Давид Алабаны жыл футболшысы әрі жыл спортшысы ретінде таңдады. «Баварияның» сол қапталдағы негізгі қорғаушысы ұлттық құрама сапында да өзін жақсы қырынан көрсетіп жүр. Алаба Австрияның осымен үшінші мәрте үздік футболшысы атанып отыр. Давид бұл жөнінен тек төрт мәрте үздік атанған Ивица Бастичке ғана жол беріп тұр.

Нидерланды үздігі – Вильфрид Бони
Блог - Bek-enu: Жыл үздіктері
Қызғалдақ гүлінің отаны өздерінің үздік футболшыларын 1984 жылдан бері анықтап келеді. Жыл футболшысын Жоғары лига мен екінші дивизионда өнер көрсететін футболшылардың дауыс беруі арқылы таңдалады. Алғаш бұл жүлдеге «Фейеноорд» клубында өнер көрсеткен Еуропа чемпионы Руд Гулит жеңіп алған болатын. Ал биыл жыл футболшысы атағы «Кот-дꞌ Ивуар құрамасының шабуылшысы Вильфрид Бониге бұйырды. «Витесс» клубында өнер көрсеткен Бони 2012/2013 жылғы маусымда 30 ойында 31 гол соқты.
жалғасы бар…
Әрі қарай

Хе,хе,хе,,, Экс-қарағандылық футболшы Баварияны финалға шығарды

Интернет пен газеттегі ұрлық-қарлықты тыюға мына түрмен шамамыз келмейтін сияқты. Журналистерді кінәлап едік, енді сайттар қосылды. Rafaello-ның «Экс-қарағандылық футболшы Баварияны финалға шығарды» деген әңгімесі бар еді ғой, енді соны Қарағанды қаласының vkaragande.kz сайты тұп-тура көшіріп басыпты. Сенсендер де, сенбесеңде де мына жерде тұр. Your text to link... Тіпті, суреттерін де өздерінікі етіп қойыпты. Мына түрмен Керектегі мақаланы бүкіл газет-журнал көшіріп басатын шығар. «Швайнштайгер- жерлесіміз!» деп. Википедияға бір қарай салу да қиын болып бара жатқан тәрізді. Тек, КерекИнфоның ақпаратына сенетін болған ғой жұрт. КерекИнфо үшін жақсы. Ақорданың өзі ресми жаңалықтарын ұсынып қалуы мүмкін. Бірақ, қазақтар әлемдегі ең мықты спортшының, әртістің, саясаткердің, миллярдердің жерлесіміз деп бөсіп кететін шығармыз мына түрмен. Rafaello мысқылмен жазады, ал өзге жұрт оған кәдімгідей сенеді. Қызық ә?!