Жыл үздіктері

Елдің бәрі жылды қорытындылап жатыр. Бізде сол үрдісті бастап кетейік. Ендеше,
2013 жылы футбол әлемінде әлем, Еуропа чемпионаты секілді ірі додалар өткен жоқ. Есесіне, «Конфедерация – 2013» турнирі Бразилия халқын той-думанға бөледі. Шілде айындағы турнирде алаң иелері қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті. «Пентекампеондар» ақтық сында әлем және Еуропа чемпионы Испания құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

«Конфедерация» кубогының үздік ойыншысы – Неймар
Блог - Bek-enu: Жыл үздіктері
Жас болса да, аз уақыт ішінде Бразилия құрамасының көшбасшысы болып үлгерген Неймар осы турнир барысында өзін барлық қырынан таңытты. 21 жастағы шабуылшы төрт рет мергендігімен көзге түсті. Оның Жапония қақпасына соққан голы турнирдегі ең әдемі голдардың бірі болды. Алдағы жылы өз елдеріңде өтетін әлем біріншілігінде Неймар Бразилия құрамасының басты сенім артар серкесі.

Франция үздігі – Рибери
Блог - Bek-enu: Жыл үздіктері
Францияның жыл футболшысын әлем әйгілі «France Football» журналы анықтайды. 1958 жылдан бері үш жолақты өздерінің үздіктерін анықтап келеді. Биылғы жыл бұл жүлдеге Мюнхеннің «Бавария» командасының жартылай қорғаушысы Франк Рибери лайық деп таңылды. Осы жылы неміс командасы сапында барлық жүлдеге қол жеткізген Франк ұлттық құрамасының Бразилиядағы әлем біріншілігіне жолдама алуына өз үлесін қосты. Негізі Рибери 2007,2008жылдары екі рет қатарынан жыл үздігі аттанған болатын.
Рибериден бөлек, үміткерлер қатарында Поль Погба мен Блез Матюди де болды.

Германия үздігі –Бастиан Швайнштайгер
Блог - Bek-enu: Жыл үздіктері
Германия өз үздіктерін 1960 жылдан бері анықтап келеді. Жыл футболшысын Германия спорт журналистер ассоциациясы мен футбол журналистері және «Kicker» журналының қызметкерлері анықтайды. Жыл футболшысына Германия футболшыларынан бөлек, Бундеслигада өнер көрсететін шетел футболшылары да таласа алады. 2004 жылы бразилиялық Аилтон Германияның үздік футболшысы болған алғашқы шетелдік ойыншы атанды. Одан кейін Рибери мен Роббен де Германияның жыл ойыншысы атанған болатын.
Биылғы жыл немістер мюнхендік «Бавария» клубының жартылай қорғаушысы Бастиан Швайнштайгерді үздік деп таңыды. Былтыр бұл мәртебелі жүлдеге Марк Ройс қол жеткізген еді.

Англия үздігі – Гарет Бэйл

АнглБлог - Bek-enu: Жыл үздіктеріияда жылдың үздік ойыншысын елдегі футбол журналистер ассоциациясы (Football Writers' Association Footballer of the Yea) анықтайды. Ағылшындар өздерінің үздіктерін 1947/48 жылғы маусымнан бері анықтап келеді. Алғаш «Блэкпул» клубының жартылай қорғаушысы Стэнли Мэтьюз осы сыйлыққа ие болған. Бұл сыйлыққа Мэтьюз, Кенни Далглиш, Тьерри Анри, Криштиану Роналду секілді футболшылар екі реттен қол жеткізген.
Ал биылғы 2012/2013 маусымның үздігі болып «Тоттенхэм» сапында жасындай жарқыраған уэльстік Гарет Бэйл таңылды. Бэйл маусым аяқталған соң, «Реал» сапына ауысып кетті.
Швеция үздігі – Златан Ибрагимович
Швеция өз үздіктерін 1946 жылдан бері анықтап келеді. Жыл футболшысын «Aftonbladet» газеті мен Швеция футбол одағы таңдайды. Алғаш бұл жүлдеге Гуннар Грен ие болған. Ал биыл осымен сегізінші рет Швецияның жыл футболшысы, ПСЖ клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович болды. Златан ПСЖ-ның ғана емес, ұлттық құрамасының да капитаны әрі көшбасшысы. Ибрагимович қазіргі кезде әлемдегі үздік ойыншылардың алғашқы бестігінің қатарында. Сонымен қатар, жыл футболшысы атану жөнінен Златан өзіндік рекорд орнатты. Осы уақытта Швецияда екіден көп ешкім жыл футболшысы атанбаған екен.

Австрия үздігі – Давид Алаба
Блог - Bek-enu: Жыл үздіктері
Австрия 21 жастағы жас футболшыны Давид Алабаны жыл футболшысы әрі жыл спортшысы ретінде таңдады. «Баварияның» сол қапталдағы негізгі қорғаушысы ұлттық құрама сапында да өзін жақсы қырынан көрсетіп жүр. Алаба Австрияның осымен үшінші мәрте үздік футболшысы атанып отыр. Давид бұл жөнінен тек төрт мәрте үздік атанған Ивица Бастичке ғана жол беріп тұр.

Нидерланды үздігі – Вильфрид Бони
Блог - Bek-enu: Жыл үздіктері
Қызғалдақ гүлінің отаны өздерінің үздік футболшыларын 1984 жылдан бері анықтап келеді. Жыл футболшысын Жоғары лига мен екінші дивизионда өнер көрсететін футболшылардың дауыс беруі арқылы таңдалады. Алғаш бұл жүлдеге «Фейеноорд» клубында өнер көрсеткен Еуропа чемпионы Руд Гулит жеңіп алған болатын. Ал биыл жыл футболшысы атағы «Кот-дꞌ Ивуар құрамасының шабуылшысы Вильфрид Бониге бұйырды. «Витесс» клубында өнер көрсеткен Бони 2012/2013 жылғы маусымда 30 ойында 31 гол соқты.
жалғасы бар…
Бөлісу:

18 пікір

Ispek92
Өз ойымды айта кетейін, ішіме сыймай барады:
1.
«Конфедрация»
емес
2.
Франк ұлттық құрамасының Бразилиядағы әлем біріншілігіне жолдама алуына өз үлесін қосты.
мынауыңыз дәлелсіз секілді, ұлттық құраманы алға сүйрей алмады меніңше…
3.
лайық деп таңылды

4.
деп таңыды

5.
деп таңыды

6.
Руд Гулит
Гөгіл сізге на пөміщЪ
7.
Кот-дꞌ Ивуар
6 графаны қараңыз
8.
Вильфрид Бони
Қазір бұл қара маржан Суонсидің жейдесімен алаңға шығып жүр…
Bek-enu
Ispek92 «Конфедерация» кубогының үздік ойыншысы – Неймар бұның несі қате? әлде ондай турнир естімегенсің бе?
Вильфрид Бони қазір Суонсиде бірақ 2012/2013 жылғы маусымда жыл үздігі атанғанын білмейсің бе? Суонси оның Витесстегі ойынына қарап шақырған болатын. Рууд Гуллиттің ортасында бір «У» түсіп қалған. Грамматикалық қате үшін жазғырудың қажеті жоқ. Бұл БАҚ құралы емес. асығыста қателер болып тұрады.
Ispek92
1.
«Конфедерация» >«Конфедрация»
2. Бониді жақсы білемін, тек кімнің қайда ауысқанын жазып, именно осы қара домалақтың қайда жүргенін жазбағасын білмейді екен деп ойлауға құқықты үкімет беріпцаған маған 
3. Екеуін салыстырып көр,
Рууд Гуллиттің ??? Руд Гулит
4.
Бұл БАҚ құралы емес. асығыста қателер болып тұрады.
Бұл жер біз үшін БАҚ-тан да артық, сондықтан қатесіз жазуға тырысу керек деп ойлаймын...
Сосын не ғо, Ибраның неге сүгір+еті жоқ
Соңғы түзету:
Beytanis
Исабек інім, Касиллас амигоны Манситиден көріп қалу жайлы не ойлайсың?
Adiletshu
Бармайды. Ол бақайшағына дейін мадридист қой
Beytanis
Қосалқы құрамда отырудан жалықса ше?
Adiletshu
Чемпиондар лигасы, Испания кубогі, Испания құрамасында ойнап жүр ғой. Өз мүмкіндігін күтеді деп ойлайм. Лопес те ет пен сүйектен жаралған. Бір күні жарақат алып қалғанда, Кас қайта өз орнына келеді
Beytanis
Жаңа ортада өз мүмкіндігін көрсетсе.
Соңғы түзету:
Adiletshu
Сол орта ғой. Ештеңке өзгерген жоқ
Beytanis
Реалиссің бе?
Adiletshu
Кей адамдар сияқты ұтылса қайғырып, қатты болеть етпеймін. Зидан, Рауль, Роберто Карлостың кезінен бері бір бүйрегім соларға бұрып тұрады
Beytanis
«Жанкүйермін» деп жүргеннің көбі солай ғой. Кешқұрым не түнде футбол көріп, адреналин бөлініп дегендей.
Ispek92
Сол кездегі құрамды, яғни Галактикосты жақсы көрмеу тойыс ұнатпау мүмкін емес еді ғой, аххх нәстәльджи
Ispek92
Тырнағына дейін Мадридист ол, мен секілді емес, мен сол секілдімін
Ispek92
Касильяс ол жаққа кеткен күні, мен Айд патшалығына тура аттанатын боламын, қанша жерден ойлансам да Кас басқа команда жейдесінде елестер емес, фантастикаңдыссссс
Соңғы түзету: