Оныншы мамыр

Әркімнің жылына бір рет болатын туған күні сол адам үшін ерекше күн болатын шығар мүмкін. Алайда біздің жұмыстағы әріптестеріміз үшін өз туған күнімізбен қоса, тағы бір ерекше атап өтетін “ерекше туған күн” бар. Ол әрине бастығымыздікі. Өзіміздікіне болатын күні дайындалсақ, басекеңдікіне бір апта бұрын дайындалу керек. Ақша жинаудан бастап қандай сыйлық алу, кім-кімнен кейін тілек айту, құттықтау сөз айтатын адамның сөзінің мәтінін алдын-ала тексеру сияқты қым-қуыт шаруалар бар. Осының басы-қасында әр ісіне жауапты, нүкте-үтірге дейін қадағалайтын профком тәтеміз. Дөкей бастықты құттықтау “құрметіне” кіретіндердің тізімін де сол апай жасайды. Тізім демекші, былтырғы жылы 1 тоқсанның есебін сәл кешіктіріп өткізгенім үшін құттықтаушылар қатарына ілікпей қалған едім. Биыл сол олқылыққа жол бермей, сәтін салғанда, (профком тәтеміздің айтуынша) бастықтың бақытты жүзін көруге менде кіретін болдым. Бұл күні жиналыс, қабылдау, басқа да шаралар кейінге ысырылады. Хатшы қыз сырттан келушілерге “аудандарға іссапармен кеткен, ертең қабылдайды” деген сөзді айту үшін төмендегі күзетшілерге ескертіп қойған, онан соң тағы бір адам, ең соңында профком өзі барып соңғы рет ескертіп қайтады. 10 мамыр біздегі қызметкерлердің санасына осылай әбден сіңген. Тіпті осыдан бір ай бұрын зейнеткерлікке шығып кеткен Шәкен ағайдың өзі мазасызданып ерте таңымен оянып апты. Зейнеткерлікке шығып кеттің ғой, енді саған бұрынғы әріптестеріңнің не қатысы бар деп кемпірі ренжіпті дейді.
Бастықтың ат шаптырым кабинетіне әр бөлімнен үш-үштен отыздан астам адам кірдік. Үш адамның бірі құттықтаушы, екіншісі гүл беруші, үшіншісі сыйлықты табыс етуші. Менің қолымдағысы гүл (еркектің еркекке гүл беріп жатқаны бір түрлі екен). Сценарий бойынша профком ым қаққанда алға екі қадам шығып құттықтауды бастау керек, егер бастық басын изеп ризашылығын білдірсе кейін шегінеміз, егер бірдеңе айтса, сұрақ қойса жауап беріп алып, сосын орнымызға жылжуға тиістіміз. “Салтанатты шараны” аброймен атқарып шыққандаймыз. Тек бір ағайдың екі рет түшкіріп жібергенін есептемегенде. Сыртқа шыққан соң профком саусағын шошайтып қатаң ескерту жасады: келесі жылы ешкім түшкіріп-пысқырмайтын болсын, ауырып тұрсаңдар алдын-ала ескертіп орындарыңа басқа адамды жіберіңдер деді.
Бөлісу:

9 пікір

Gulistan
Бұл не болды?
Armanjan
біздің бюрократ бастығымыз туыватыр бүгін
satibaldi
Лібә, бастықтарын жамандайтын адамдарды жек көрем.
Armanjan
Сатеке мен негізі жамандап жатқам жоқ, өзің айтпақшы үйрек қалпында жеткізіп жатырмын да.
Nurshat
Айналайын бастығыңның туған күні кімге қызық? өзіңнен басқа? "біздің бюрократ бастығымыз туыватыр бүгін" осының өзінен қоғамның (Біз өмір сүріп жатқан) өте кермек шындығы қылаң береді… Әлі де жоғарығы жалтақтау(Күн көсемге...)… Мықтысың ба? ісіңмен дәлелде… сонда ол бюрократпен тең тұра аласың...
Armanjan
Нұршат дұрыс айтасың қоғамның кермек шындығы қылаң беред дегенің. Алайда «мықтысың ба», "ісіңмен" деп қоясың, қара суды сапыра бергенше, сенің дәлелдеп жатқан бірдеңең бармеді (егер бар болса )
Nurshat
одан да мемлекетке масыл болғанша, жеке қожалық ашып ал,, өзің қожа, өзің төре боп жатасың дегенім ғой,,,, анау айтқандай,,, мемілекеттің жыртыңдатып берген азғана жалақысына иек артқанша… менің дәлелдейтін ештеңем жоқ, енді бастаймын… бірақ жоғарыға жалтақтамауға дағдыланамын басынан… себебі әр кім өзін өзі басқара білу керек…