Біртүрлі сөздер

Ауылда, көрші тұрған бір кемпір болып еді. Марқұмның жалғыз баласы бар-тын. Ол тәп-тәуір келіншек алып, үй болды. Алайда, ерке өскен есалаң жиі-жиі «налево» кетіп қалатын. Ақыры, басқа біреуді екіқабат қылып, отбасысы ойран бола жаздады. Әдетте көп сөзі жоқ кемпірдің, сол кезде баласына ұрысқаны есімнен кетпейді. Дәлірек айтсақ бір ғана сөзі. «Желтасақ»! Естідіңіз бе мұндай сөзді бұрын? Меніңше, ең дәл айтылған анықтамалардың бірі.

Жабық қауымдастықтардың біріне салуға да болатын еді. Бірақ, админ шағымданған «Жазғы сылбырлыққа» аз да болса ем болар деген оймен осында қойдым.
Очм, осындай. Тақырыпқа қатысты білетіндерің болса, бөлісе отырыңдар.
bk
Бөлісу:

80 пікір

a63a1
«Елтасақ» келіңкірейді екен
Abilakim
жағымпаздар жайлы «Көталақ» деген сөзді естіп ем үлкендерден. Мәнісі көтке жабысқан тілақтай деген сөз екен. «Көттілақ» болар мүмкін, қате естіп қалған болармын
Marco
Біз жақта оны қысқартып «көтлақ» дейді)))
AKY
көтләк
Gastarbaiter
Көтләк деп Ұлыбританияның кей аудандарында сәттілік тілейтін көрінед, кокни диалектінс…
AKY
Германияда көтің так деп амандасад екен)
Gastarbaiter
Қант" деп қыздың әккуін айтатын ағылшындарды қоя бер)))
AKY
сок (шырын) ще?
asaubota
нәп-нән болып алып сендер оффтоп істеп отырсаңдар білмеймін енді… ұят-ұят
Marco
«Тілақ» деген де түсініксіз болып тұр, маған…
Aya
Көталақшымай деп айтады ғой))
bekkerey
Осы сөзді мен «гейдің» қазақшасы деп түсіндіріп жүрмін.
edige
«Ей Қізтәлақ» деп ұрсып жататын шалдар… мағанасын білмедім бірақ…
Біртүрлі сөздерге жататын да шығар бұл да
Abilakim
қыздың тіләғы шығар)))
a63a1
Қызға таланған жігіт жығар мүмкін
edige
сүмек дегенге келеді…
Abilakim
зәнтәләқ деген де бар
edige
«зәнтәләқ» қойын даптеріме жаздым жана сөз екен…
Дырдупедиялық мағанасына тоқталсаңдар күшті болар еді
dark_nazgul
зәнін білмедім, талағы түсінікті ғой.
a63a1
зәні сол жан деген еркелетіп айтқан сөзі де
dark_nazgul
қаздай талақ қалған деген жаман сөз ол.
a63a1
«А»-ға түскен ақ бит құсамай деген де сөз бар. Былжырап жылбыр қозғалғандарға айтад біздің жұрт
Abilakim
бұл сөз тіркесі ғой уже
a63a1
әйтеуір анайығой
dark_nazgul
Шығыс жақта "қотиын", «дәйгүр», «зобан» деп айтады. жігіттерге айтылады бәрі де.
Abilakim
қотиыны қатын дегені ме?
dark_nazgul
жоқ. жынды деген мағынада. Оралхан Бөкейде кездеседі осы сөз.
Abilakim
ол кісінің шығармаларын оқып ем, есімде қалмаған екен бұл сөз, рахмет!
Marco
Мағыналарымен бөлісе кетсей)))
Abilakim
қыздарға қарата айтылатын"қар" деген сөзде жаман
sammita
жәнің кіріп қапты ғо, темаң табылып, шап-шап
Marco
Мағынасы қандай?
edige
қар ма хар ма? ужыс
aikarakoz
«Көтек» деген сөздің мағынасын білмеймін, білгім келеді. Бала кезде мазақтауға қолданатынмын  Қазір таң қалғанда қолданылатын сөз деп білем
Marationok
ужоснах-тың аудармасы ау дим
ken
Желкөтен дегенді естігенмін.
boztorgai
халық айтса қалт айтпайды
Adiletshu
Алматы облысында "Қайым жемеш" дей ма
ken
Мына жерде соның орысша баламасы жазылыпты.
asaubota
қаямды жемеш дейді біздің жақты. қая деген менің ойымша ескі тілде қазір тасақ, енек деп жүрген еркек жұмыртқасы. түріктер хая (haya) дейді бұған. яғни осыдан шыққан деп ойлаймын.
a63a1
Біздің жұртта Қаямның қақ шекесі дейд
omarbirat
Қате естігенсің ғой. Алматы облысында да "қаямды жемеш" дейді
Gastarbaiter
Қышытпаш дегенді еститінмін шымкенттіктерден, Ақтаулықтардан сіктіршнақ, (азербайжандардан келген кетнақтың түркі баламасы), дәм болсын, т.б.
Кішкентай кезімізде «мынамен шығасың ба» десе, сенімді болсақ, амшаригін айналдырам, ал сенімсіз болсақ, тиіссе қарап тұрмайм дейтінбіз. Әне дипломатия қайда жатыр. Сосын, үйі жақын адам күшіне мініп тұрса, үйің жақын, көтің тақын боп тұрсың ба, кеттік дицаттың артына, тігіп балаңды алайын дитінбіз.
AKY
Әне дипломатия қайда жатыр
asaubota
тек қана біздің жақта (Ақтөбе обл, Ойыл ауданы) айтылатын Ауан деген сөз бар. Ауанның мағынасы: жынды, есуас, долбоеб. ауған, есі ауған деген сөзден шыққан деп ойлаймын.
a63a1
Ареке сыра сәл-пәл шауып отырма басқа?
asaubota
сенесің бе, сап саумын. бүгін үйден шыққан жоқпын, жаттым.
a63a1
мәссаған, онда жекеде менің кешегі реалымды көре аласың
Adiletshu
Қызылордада ауыш дейді. Ауанмен байланысы бар ма
asaubota
түбірі бір ғой, тек соңындағы жалғаулары басқаша.
AKY
Шұбар жақта «нәкөс» деген бар, сірә нақұрыстың қысқартылғаны болса керек.
asaubota
Ойыл жақта нәгөй деген сөз бар  мағынасы сол
Abilakim
Ауан дегенді бізде де қолданада.«АУАМ» деп айтатындар да бар. Мағынасы сол, делқұлы, жынды
bekkerey
Ақмолалықтар «мәңгі» деп айтады.
Gastarbaiter
Майда жауатын жаңбырды «көтжуар» дейді кемпір-шалдар)))) Байғұс ежелден суға жарымаған қуаңшылықтан құйысқаны құмалақтанған шөлейт халқы көтін бір жуып ойдә бір мәз болған шығар бір кездері...)))
boztorgai
майда жауатын жаңбырды «көтжуар» дейдi
киіктің көтжуары ғой ол
ақбөкен мамыр айында туады
Gastarbaiter
А-а-а қайдан білейін, фантазиямның жеткен жері ғо
xsanatos
фантазияң осы жерге келгенде тайыздап қалған екен
bekkerey
Оны "құралайдың салқыны" дейді.
a63a1
Біздің ел мылжыңдармен ауызы жабылмай сөйлейтіндерді «Көк тата» дейді
AKY
ырғыз жақта мұғайым деген қыстырма сөз бар ғо, Марко, білесің бе?
asaubota
мұғайым деген совсем деген мағынада
AKY
типі мүлдем? әлде тым?
asaubota
обшым ваще, сәпсем деген мағыналарға келетін сөз. қай жақтың сөзі екенін білмеймін.
a63a1
«Ылғи» ға ұқсайд екен
ken
нұқыл — үнемі, ылғи (шым.)
aza
Нагойди де, ауанды да Актауда колданады. Ауанга даже ит дегенди косып, ауан ит деп манерлеп туздыктайды)
a63a1
быдық — кекеш, сақау, тұтығып сөйлейтіндер
Gastarbaiter
Нәйіс/дәйіс- сволыш, ауан, жынды, мозгоеб деген мағынада
Adiletshu
дәюс деген арабтың сөзі.
Barsa
балықбас — анаша қарайтын амиго
Barsa
Елкүйеу — қаңғыбас, әркімнің үйінде қонып қалатын досыма ежесінің ұрысқанда айтқаны.
Anar70
сөге жамандамаңдар, біздің жақта "құрттыкөт" дит
satibaldi
Әпкелеріңнің сөзінің сиқы мынау болса, қалғандарыңнан не үміт, не қайыр
Anar70
кетшшшей… одан да басыңды жазып ал