Дипломат

Мен мектеп табалдырығын аттағанда қай жылғы балалар мектеп бітіргелі жатқандығы толық есімде жоқ. Есімде қалғаны ол жылдары біздің мектеп 9 жылдық еді. Тағы бір есімде қалғаны 1977-ші жылғылар жоғарғы кластардың бірінде оқып жүретін.Шамасы осылар-ау деймін мектептің ең үлкендері.Себебі, бізді төбелестіріп қоятын да, өздері біреулермен төбелесіп жүретіндер де солар секілдітін қазір қарап отырсам. Мектептің қабырғасының әр жерінен «77 жаса»(типа, «Алға Қазақстан») деген ұрандарды оқып қалушы едік. Айтпағым бұл емес дегенменен.
Ия, біздердің мектеп бітіретін жылдарымызда мектепке пакет ұстап бару немесе түк ұстамай бара салу дәстүрге айналса ол кезде олай емес еді. Мектеп дәлізінде ерсілі-қарсылы жүгіріп жүретін біздер жоғарғы класс оқушыларының қолындағы дипломаттарға қызыға қараушы едік. «Тезірек өсіп, осындай дипломаттар ұстасақ қой» деген арман әрқайсымыздың ішімізде жатушы еді. Қолдарына дипломат ұстап жүрді демесек олар да бала екен-ау ойлап отырсам. Кей-кейде әлгі бізге жігіт секілді көрінетін 77-лер де балалалыққа салынып қолындағы дипломаттарымен қыздардың арқасынан «ыңқ» еткізетін.
Сіздердің мектептеріңізде осындай үрдіс болды ма?

Суретке сілтеме
Әрі қарай

Ильяны қарсы алу сәт қалай болды?

Твиттерде Мұрат Әбенов, Асхат Садырбай, Маржан Сұлтанбаева сияқты патриоттардың бастамасымен Илья Ильин батырды қарсы алу кеші ұйымдастырылды. Қанша сағат күтіп тұрып, Ильяның шашын да көріп үлгере алмағанымызды айтпағанда, күшті кеш болды. Жанкүйер болған жақсы екен жалпы . Қарсы алуға келем деуші әр жанға ақ киім киіп келуден басқа еш талап болмады. Сонымен… біз Ильяны қалай қарсы алдық?

Парасат тобының PR-менеджері — Марал Ерман

Әрі қарай

"Жас қалам" әнінің шығу тарихы



«Жас Алаш» газетiнiң түнеукүнгi нөмiрлерiнiң бiрiндегi «Ырғақ» музыкалық бетiнде бiр оқырман «Жас қалам» әнiне қатысты пiкiр бiлдiрiптi. «Кейбi­реулер бұл әндi Қорабай Есе­новтiкi деп жүр. Ал жазушы Қабдеш Жұмадiловтiң айтуынша, бұл әндi Төлеубек Жақыпбайұлы жазған. Мұның қайсысына сенемiз?», — дептi оқырман.

Кездессем ұрлана қараймын,
Асаудай тулайды жас жүрек
Мен сенi жаныма балаймын,
Сен үшiн менде бар бiр тiлек…

Мен бұл әннiң шығу тарихын жақсы бiлемiн. Республикалық радиодан бұл әндi Қорабай Есенов жазған деп терiс айтып жүр. Шын мәнiнде, бұл әндi Төлеубек Жақыпбайұлы жазған.
Әрі қарай

Қоржын қоламен толысты


Грек-рим күресінен 84 кг-ға дейінгі салмақта отандасымыз Даниал Гаджиев олимпиаданың қола медалін тағынып, қоржынымыздағы алты алтынның қатары қола медальмен толықты. Еліміз өз алдына, Даниал үшін бір қуансам, Марат Тұрлыханов үшін тағы қуандым. Керемет ұнайды өзіме…

Алты алтынның алтауында да жар салып, сүйіншілеткен Керегім бүгін үнсіз, Асауға не тұсау болды екен деп отырмын күтіп… Сосын "Қой, бұл отырыс жарамас!",- деп, сүйіншіні өзім сұрамаққа бел будым. Алтынға дәнігіп алғанымыз соншалық, анау-мынауды місе тұтпайтын болғанбыз ба, қалай өзі?! Әрине, әзілім ғой…

Ал құтты болсын! Жеңіс жалғасын тапсын!
Әрі қарай

Семейден сарқыт

Континенттің кіндігі Семейге барып келдім!
Әкем мен анамды таныстырып, табыстырған, олардың студенттік күндері өткен қалада бірінші рет болдым. Екі-үш сағат жаяу аралап көруге мүмкіндік табылды. Сол естелікпен бөлісейін деп…
Тұрғындары Ертістің бір жағалауын Семей, екінші жағын Жаңа Семей деп атайды екен. Бір қарағанда адасып қалатындай үлкен көрінгенімен, бас-аяғын автобуспен жарты сағатта жалғай салуға болады.
Қалаға кіргенде бірден көзге түскені – мынандай ағаш үйлердің көптігі.

Суперсовременный бөрене коттедж де көрдім, хотя ол сауна не кафе болуы да мүмкін…
Алматыда жүріп, столичный снобизмді біраз жұқтырып алған мен, «Семей – духовно-культурный центр Казахстана» деген үлкен жазуды көріп мырс еттім. Артынша: «Алматинцы думают, что ниже Ташкентской нет цивилизации» деген есіме түсіп, тағы мырс еттім.
Әрі қарай

"Жақсы өмір" әнінің (Good life) қазақша мәтіні (орындайтын OneRepublic тобы)

Ол қай ән десеңіз, ол мынау


Good Life ( OneRepublic тобының орындауында)

Woke up in London yesterday
Found myself in the city near Picadilly
Don't really know how I got here
I got some pictures on my phone

New names and numbers that I don't know
Address to places like Abbey Road
Day turns to night
Night turns to whatever we want
We're young enough to say

[Chorus:]
Oh
This has gotta be the good life
This has gotta be the good life
This could really be a good life, good life
I say oh
Got this feeling that you can't fight
Like this city is a fine night
This could really be a good life
A good, good life
Ohhhh ohhh ohhh ohhh

To my friends in New York I say hello
My friends in L.A. they don't know
Where I've been for the past few years or so
Paris to China to Colorado

Sometimes there's airplanes I can't jump out
Sometimes there's bullshit that don't work now
We gotta story so please tell me-e-e
What there's to complain about

When you're happy like a fool
Let it take you over
When everything is out
You gotta take it in

[Chorus:]
Oh
This has gotta be the good life
This has gotta be the good life
This could really be a good life, good life
I say oh
Got this feeling that you can't fight
Like this city is a fine night
This could really be a good life
A good, good life
Ohhhh ohhh ohhh ohhh
Oh good, good life
Please, oh yeah, oooh

Hopelessly I feel like there might be something that I've missed
Hopelessly I feel like the window closes oh so quick
Hopelessly I'm taking a mental picture of you now
'cause hopelessly the hope is we have so much to feel good about

[Chorus:]
Oh
This has gotta be the good life
This has gotta be the good life
This could really be a good life, good life
I say oh
Got this feeling that you can't fight
Like this city is a fine night
This could really be a good life
A good, good life
Oh yeah
Good, good life
Good life
Ohhhh ohhh ohhh
Listen

My friends in New York I say hello
My friends in L.A. they don't know
Where I've been for the past few years or so
Paris to China to Colorado

Sometimes there's airplanes I can't jump out
Sometimes there's bullshit that dont work now
We gotta story so please tell me-e-e
What there's to complain about?

Қазақша мағынасы мынадай екен.
Жақсы, тамаша өмір!
Кеше Лондонда ояндым,
Пикадилли-дің жанында — Ситиде екенмін, сөйтсем.
Мұнда қалай тап болғанымды білмеймін,
Телефонымда әлдебір бейтаныс нөмірлер…

Бейтаныс, жаңа нөмірлер мен телефондар,
ЭббиРоуд секілді мекен-жайлар…
Күніміз түнге жылжуда,
Ал түнді біз қалағанымызға жаратамыз,
Біз жаспыз, біз былай деп айтамыз…

[Қайырмасы:]
О,
Бұл өмір жақсы болуы тиіс,
Бұл өмір жақсы болуы тиіс,
Бұл өмір шын мәнінде де жақсы болуы керек!
Мен айтамын, о,
Мен ғажап, бас тарта алмайтын сезімді бастан кешудемін,
Бұл қала бейне бір таңғажайып түн секілді.
Бұл өмір шыныннда да жақсы болуы керек,
Тамаша, тамаша өмір!

Ооо, ооо, ооо, ооо…
Нью-Йорктегі достарыма «сәлем» деймін,
Ал Лос-Анджелестегі достарым
Менің соңғы жылдары Парижден Қытайға, Колорадоға барғанымды білмейді!

Кейбір ұшақтардан секіріп кетердей боламын,
Кейде мағынасыз жайттар да болады.
Біздің айтарымыз көп, ендеше кімге шағымдануға болады,
Айта бер.
Ақымақтай бақытты сәттеріңде
Қуаныш билеп алсын бойыңды.
Барлығы жоғалғанда
Сен қайтадан жинап ал.
[Қайырмасы:]
О,
Бұл өмір жақсы болуы тиіс,
Бұл өмір жақсы болуы тиіс,
Бұл өмір шын мәнінде де жақсы болуы керек!
Мен айтамын, о,
Мен ғажап, бас тарта алмайтын сезімді бастан кешудемін,
Бұл қала бейне бір таңғажайып түн секілді.
Бұл өмір шыныннда да жақсы болуы керек,
Тамаша, тамаша өмір!
Ооо, ооо, ооо, ооо…

Мен бірнәрседен құр қалардай,
Үмітсіз бір сезім келді.
Үмітсіз бір сезім келді,
Терезе жабылып қалардай…
Мен сені ойымда сенімсіз түрде елестетемін,
Себебі, үміт бізге жақсы әсер сыйлайды…
деп сенімсіз түрде ойланам.
Әрі қарай

"Ө"-ден оралу

Сегізінші тамыз күні биылғы өтпіскім аяқталады екен. Қатардағы көп қазақтар секілді ауылыма барып, туған-туыстарды көріп бір жасап қалдым. Ауылда шөп шабу науқанына өзімше көмектесіп, ата-әжемнің, әке-шешемнің үйлерінің шатырын сырласып қайтудың өзі демалысымның босқа өтпегендігін білдіретін секілді өзіме. Қайын жұрт жақты да ұмытпай, ол жаққа да машина ізін салып қайттық. Өтпіскімнің соңында Астанадан келген керекшілермен өткен кездесудің өзі бір қаралық. Бұл жайлы сәл кейінірек
Әрі қарай

Жаңа интернет жоба: Wi-fi 25

  • KazNET


Жаңа жоба басталды интернетте, аты Wi-fi 25

Жігіттердің идеясы ұнады. Жалпы осындай стеб ұнайды маған. Біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Бірақ, ең болмаса интернетте мұндай жобалар болуы тиіс. Болашақта бұдан да жақсы болып кетер деген оймен жігіттерге сәттілік тілеймін.
Әрі қарай

Malibu

«Malibu» — менің сіңілімнің сүйікті салаты. Бүгін мен дайындалуы өте оңай, әрі дәмді бұл салатты жасау жолымен бөліскім келеді.

Блог - rakisheva: Malibu
Әрі қарай