Жаңа премьераларға шолу: Мелодрамалар шеруі 2

Достар, естеріңізде болар, өткен жолғы шолуда біз апта премьераларының арасында мелодрамалардың ерекше көптігін айтқан болатынбыз. Осы аптада шамамен сол жағдай қайталанып отырған секілді. Оған қоса бонус ретінде Голливудта түспеген екі бірдей мульфильм бар. Мұндай туындылардан қажып жүрсеңіз тұңғыш қазақстандық фэнтези деп желеулеткен «Аңыздар кітабы: жұмбақ орман» мен танымал актерлар түскен «Тұзақ» атты қылмыстық драма прокатқа шықты. Таныса отырыңыздар.

10 жыл / 10 лет спустя

Әрі қарай

Діни зомбилер: дін туралы сұмдық пен шындық(1)

Бейсен Ахметұлы. Діни зомбилер: дін туралы сұмдық пен шындық

Біз Ислам дінін өз деңгейінде түсініп жүрміз бе? Немесе бәз біреулердің түсіндіруі мен көрсетуі бойынша түсініп жүрміз бе? Міне, бұл Алла Тағаланың әр пендесінің басында болуға тиісті сұрағы. Ұзақ уақыт діни тоқырауға ұшыраған халықтың аңсаған Ислам діні қазір адам нанғысыз мәселелермен қоса жетті. Тіпті қарапайым халық қай діни топқа қара тартарын білмей, әрі-сәрі болуда. Сенімдерін жоғалтып, үмітсізденуде. Кейбіреулері әлде бір саяси, діни топтың зымиян саяасатының құрбанына айналуда. Осыншама сорақылықты көре тұрып, себебін іздемеу мүмкін емес. Әркім әр түрлі айтар. Біреулер мәселені сол жымысқы саясатпен түсіндірсе, біреулер мұны дүмшеліктің салдары деп түсіндірер. Ал шын мәнінде дінді ғұлмалықпен түсіндіру әлі кемеліне келе алмай жатыр. Неге?
Біріншіден, бұған Мемлекет билігінде қолдау болсада, екі беткейлік, немқұрайды саясат бар. Немесе «Маған бәрібір» дейтін атақ пен ақшаға құныққандарға болашақтың қажеті шамалы.
Екіншіден, әлде бір зымиян күштер мемлекет билігіне әсер етуде.
Үшіншіден, халқтың ұлттық мінезі өзгере бастаған. Онсызда ит тіріліктің итпегінде жүрген жай халықтың мұны ойлауға шамасы жоқ.
Төртіншіден, осыған сай дінді тарихи, ғылми, діни, саяси жақтан зерттеп, талдап түсіндіретін ғұламалар жоқ. Есесіне, осы төрт түрлі жайттың, атап айтқанда тек дінни жағын ғана қарап шешім шығаратын «Дүмше молдалық» Қазақстанда кең етек жайған.
Қазақ дінді қалай қабылдаған?
Біздің қазақ дінді таза ниетпен, жүрекпен қабылдаған. Бұрыннан, анау Һұн, Сақ, түркілерден жеткен ар-ұждан, адамгершілік тәрбиесімен өскен халық онсызда дайын мұсылман халық болатын, тек Алла туралы түсікті осы сенімдерімен бірлестірді де таза дінді таза жүректеріне құйып алды. Әлде бір тылсым күш иесі Тәңір туралы түсінігін ұлық Аллаға алмастырды. міне содан «Әлмисақтан мұсұлманбыз!» деген түсінік пен таным қалыптасты. Дін түркілердің күллі салт-санасы мен ырым-жырымына, ғұрып-әдеті мен танымына балдай батып, судай сіңді. Ал араб халықтарының көбі діни сенімді амалмен байланыстырып, ниет пен амалды толық ажырата алмай жүргенін ойласақ, біздің Әбу Ханифа мәзһабы нақыты сыннан, зерттеуден өткен таза дінни жол екен.
Қазақтың салт-санасы мен дәстүрі, ғұрып-әдеті мен ырымы, жол-жоралғысы мен жосыны, дүние танымы — әлмисақтан қалыптасқан арқа тірек темір қазығы. Кез келген құндылық бұл темір қазықтың айналасында өз орнын табады әрі осы темір қазыққа байланады. Дін де солай. Біздің басқа діни түс алған зымияндықтан сақтануымыздың жалғыз жолы осы: ата-баба салт-дәстүрін көзімідің қарашығындай қорғап, сақтаумызда жатыр. Себебі біздің бұл темір қазығымыз ар-ұждан тәрбиесі мен обал-сауап тәрбиесінен құралған Алланың берген алтын қазығы болатын. Тіпті біздің ауыз әдебиетіміздің өзі тәлім-тәрбие мақсатында құрылған. Тарихымыз бен әдебиетіміз осы діннің құдыретін бойларына сіңіргенін, хадистердің орнына жүргенін ұмытпағанымыз жөн. Бұл туралы Хожа Ахмет Яссауи бабамыз да айтқан екен.
Дінді адамдар 4 түрде қабылдайды:
Біріншісі — таза ниетпен қабылдайды.
Екіншісі — ата-бабасы мұсұлман болғандықтан, ата жолын ұстау үшін қабылдайды.
Үшіншісі — дүрмекке ілесіп қабылдайды.
Төртіншісі — сана-сезімінің жаулануы арқылы ырықсыз түрде қабылдайды. Мәңгүрттенеді, тіпті діни зомбиға айналады.
Біздің Түркі халықтары үшін Әбу Ханафия мәзхабы ең абзал мәзхаб. Бұл тарих дәлелдеген шындық. Себебі, дін бірілікке шақырады. Ал біздегі басқа мәзһаб жолын ұстап, қасында намаз оқып жүргендердің көңіліне сауал тудырғандар, ұлттың бірлігіне нұқсан келтіргендер меніңше ахида(сенім) жақтан қателескендер. Оны алда талдаймыз.
Діни сипат алған басқыншылық
Ислам дініндегі қазір мұсұлман әлемінде қалыптасқан вахаббистік және салафистік бағыттар мен құраниттік бағыттарды қабылдай бастаған мұсылмандар үшін үш түрлі мәселе кем:
Бірі, дінді жүректегі ниетпен түсінбеу. Былайда таяз сана-сенімін ағымдардың ырқына беріп, психологиялық дағдарысқа ұрыну.
Екіншісі, амалды ниееттен ажырата алмау. Бұл көбінесе сана-сезімі ойрандалып, өмір мен тұрмыста қысым көргендердің бойынан табылатын көрініс. Шаршағандар. Тіпті атақ пен ақшаға құмартқандар соны біле тұра сатылып кетеді, біртіндеп фанатқа айналады. Алла Тағаланың «Қатты берілмеңдер!» дегені содан болса керек.
Үшіншісі, ең маңыздысы құрандағы аяттардың мағнасы мен хадистердің мәнін сөз күйінде түсіну, атап айтқанда астарлы мағынасын зерттемей абсолютты қабылдау. Тиымдарды неге салған себебін білмей көрсоқырлықпен қабылдау. Мысалы Алла Тағала құранда: «Киімді жерге сүйретіп кигендерді жек көремін» деген. Бұл сөз әсілінде Рим ханымдарының киімді сүйретіп киетін такаппарлығына қарата айтылған. Былайша айтқанда «Алла Тағала Такаппарлықты жек көреді». Ал сол сөздің астарлы мағнасына емес сыртқы мәніне көз жібергендер кәзір балақтарын кесіп жүр. Тағы бір мәселе Сақал қою. Бұл сүннет екені шын, бірақ тазалап, іреттеп, әдемілеп жарастырып қойған дұрыс. Келсе келмес бес тал сақалын арам шөптей шошайтып, бала қорқатын етіп жүруді қалай түсіндіруге болады немесе бір Хадисте Алтын мен жібек бұйымдар ерлерге харам екені айтылады, неге? Себебі Алтын жүзік тағу еркектің жыныстық қабілетін төмендететіні, керісінше әйелді күшейтетіні медицинада дәленденген. Еркек күміс жүзік тағу керек. Жылқы еті де, қымыз да қан қысымын көтереді, аптап құмды ыстықтағы арабатар оны қалай жеп, іше алсын?! Ал хиджап исламнан бұрын пайда болған, көзге құм кірмесін, ыстық өтпесіндеп еркегі де, ұрағашысы да бүркеніп жүрген. Оған енді басқалардың нәпсісін қоздырмау үшін әлеуеттерін жауып жүру тағы қосылды. Айтпақшым сол тимдарды неге салғанын түсінбеу жағы.
Қазір шындығы дәлелді хадистердің қатарында жалған хадистер де бар. Міне бұл Масон қауымы мен Исламға жау қауымдар үшін өте керекті тақырып. Олар осы хадистерді тіпті Құранның аяттарын өздерінің саясатының желісі бойынша бұрмалап түсіндіреді немесе түрлі түсініксіз ұғымды тудырып шығарып, психологиялық тұрғыдан шаршаған халықты тез әрі оңай тәсілмен өз айтқандарына көндіреді. Әлсіз психологиялы адамдарды бірден өз дегендеріне көндіріп, адамдар арасында араздық, талас-тартыс тудырады. Ал, бұл дінді желеу еткен күштердің адамдарды мәңгүрттендіру үшін қолданатын саясатының қаншалықты дамығандығын көрсетсе керек. Халықты түрлі тәсілдер арқылы мәңгүрттендіру оңай. Тіпті айтқанынан шықпайтын зомбилерге айналдырғанын өз көзімізбен көріп жүрміз.
Бұған мысал ретінде мына екі дәйекті келтіруге болады:
Біріншы дәйек: Ислам тарихын ашып оқысаң осы «хиджаб» мәселесі ешқашан да мұсылмандар үшін өзекті проблема болған емес, қашан саяси діни ағымдар шықты сонда ғана проблемаға айналды.
Әр халықтың салт-дәстүрі, өзінің өмір сүретін ортасы, табиғаты бар. Көптеген жоралғылар сол табиғи ортаға, ауа-райына, қолда бар материалдарға және үстем болған әлеуметтік, мәдени, діни ықпалдарға сәйкес өрбіген. Арабтардың тек әйелдері емес, ерекектері де бүркеніп, жасырынып жүрген, қазірдің өзінде солай. Пайғамбарымыз өмір сүрген қоғамда да солай болған. Ол кезде пұтқа табынатын арабтар қандай киім кисе, мұсылмандар да солай киінген, мүшриктердің сақалы болғаны сияқты мұсылмандардың да сақалы болған. Таяу Шығысты мекендеген еврей, христиан т.б. халықтар да солай болған, еркін әйелдер бүркеніп, жамылып жүрген, құл (күң) әйелдердің жамылуына жол берілмеген. Киім кию үлгісінің дінге қатысы жоқ, дініміздің бір ғана талабы — әйел болсын, еркек болсын ұятты жерлерін жауып жүрсін. Адамдар дінде жоқ көп нәрсені қатаң діни шартқа, шариғаттың талабына айналдырып, дінге қоса берген, қоса берген. Сондықтан, қай нәрсенің дінге қатысты ал қай нәрсенің қатысты емес екенін тек зергердің әдісімен ғана ажыратуға болады, талдау жасау арқылы, екшеу арқылы, іздену арқылы.
Пайғамбарымыздан 250-300 жылдан кейін осындай нәрселердің бәрі дінге енгізіліп, діннің ең маңызды мәселесіне айналдырылған. Мысалы, Құранда алтын тағу еркектерге харам деп айтылмаған, ол да құдды осы хиджаб сияқты кейінгі ғасырларда адамдар тарапынан дінге жасалған тиымдардың бірі, ондай жүздеген тіпті мыңдаған қоспалар бар дінге кіргізілген. Қазір ондай әңгіме қозғайтын болсаң өзіңді кәпір ғып шығаратын догмашыл схоластиктер мен ұрда жық кертартпалар тап қасыңнан табылады. Сондықтан, барлық әлемдерді Жаратқан Алланы әкеп әйелдің басымен, шашымен, бір метр шүберекпен оның иманын өлшейтін жағдайға жеткізбеу керек, егер Ислам тарихын ашып оқысаң осы «хиджаб» мәселесі ешқашан да мұсылмандар үшін өзекті проблема болған емес, қашан саяси діни ағымдар шықты, сонда ғана проблемаға айналды…
Екінші дәйек: Ең бастысы ғылыми критицизм болғаны дұрыс, ақиқаттай сенген нәрсеңнің бос екенін, негізсіз екенін көріп, сонда да хақ пен нахақты ажырата білу қабілетінен айырылмау керек. Мысалы, екі миллиард христиан Исаны Құдайдың ұлы деп сенеді, бұл оларға ұрпақтан ұрпаққа құйылған сенім, қатып қалған догма, оны қайсыбір христиан анықтап жатыр дейсіз? Адамдар ондай қатып қалған догмаларды анықтаудан қорқады, шіркеу қорқытады, «діннен шығасың» деп қорқытады, «тозаққа барасың» деп қорқытады т.б. ал оның олай емес екенін айта бастасаң әлгі христианға сөздерің ауыр тиеді, ол саған ренжиді, өзіңді кәпір ғып шығарады, шабуылға шығуы да мүмкін. Тек мыңнаң бірі ғана ақылын пайдаланып, есінен танбай, шындықты мойындауы мүмкін, әрине, бұл өте қиын мәселе, бір жақта қатып қалған сенімі бар, екінші жақтан оған жан түршіктірер ерсі пікір… біздің мұсылмандар да ондай негізсіз догмалардан құр алақан емес, пайғамбардан кейінгі ғасырларда мыңдаған қағиданы әкеп олар дінге қосты, бірі оны білместікпен жасаса, енді бірі әдейі жасады, сондықтан не нәрсені де анық қанығына жеткенше зерттеген жөн.
Мысалы, Үндістанда жарты миллиардтан астам адам сиырға құдай деп сенеді, ал түсіндіріп көрші оларға сиырдың құдай емес, жай сүтқоректі хайуан екенін! Былай қараған адамға күлкілі жағдай болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл шындық. Адамдардың жүз пайызға жуығы сенген сенімінің дұрыс-бұрысын анықтамайды, өйткені ол догма, ол күнә! Ертеректегі шіркеу көсемдері, ғұламалар (!), оқымыстылар (!) оның бәрін анықтап қойған, олар тек көр соқыр соны орындаса болғаны!!! Дарвин маймылдан адам шығарса, бұлар адамды маймылдандырумен әлек.
Әрі қарай

Амур aka Эрос

Менде бір керемет сюжет бар...: Амур aka Эрос

Бірінші бөлім. Қыз

«Айка! Айка! К тебе!»

Қоңсы орналасқан киім сатушы Светлана Павловнаның зор дауысын қатардың мына басынан естіген ол дүкеніне қарай тапырақтай жөнелді. Айналдырған алты ай бұрын ғана бәліш, тоқаш сатып жүрген Айка бүгін білдей бір киім бутигінде жұмыс істейді. Күн аяғында келіп бастығының есеп-қисап жасап кететіні бар, ал былайғы кезде өзі би, өзі қожа.

Оның үстіне ер адамдардың киімін сатқан да қызықтырақ болып шықты, осы жұмысының арқасында жігіттермен сөз қағыстыру өнерін де біршама меңгеріп алды.
Әрі қарай

Тәуелсіздікті әз біреулер дұрыс түсінбей жүр.

Тәуелсіз ел екенімізді әрі ең басты құндылығымызда осы тәуелсіздік екенін әз біреулердің түсінбей қарсы пікір айтып, теріс пиғыл танытым жүргені күні бүгін пайда болған іс-әрекет емес. Қазақ, қазақ болып тәуелсіздік алған кезден бастап дәл осындай кері тарпа пікірлермен қисынсыз ой таласының туындағаны рас. Әрине күні кешеғана кеңес үкметінің қағидасына үйреніп қалған елдің нарықтық қоғамға бой үрете алмай сондай пікірде болуы жөн-ақ еді. Бірақ одан бері бақандай жиырма жыл өттіғой қоғам өзгерді, қазақ өзін күллі әлемге нағыз тәуенлсіз мемлекет ретінде таныта білді. Өмірі болмаған жетістіктерге жетті. Осының барлығын көріп, біліп отырып «Қазақстан тәуелсіз, өз бетімен күнін көре алмайды» деген ақылға қомбайтын сөз айту мүлдем масқаралық. Бұл айтылған сөзді нақты біреу айтты деп көрсете алмаймын бірақ біздің қоғамның осы пікірге сай өмір сүріп жаттқаны осының дәлелі.
Кезінде барша жұрт келеңес үкіметі түсында мемлекеттің кез-келген шығарған заңы болсын, ережесі болсын соған ілезде көніп мемлекеттің істеген әр ісін жаппай ел болып қолдап, сүйсіне атқаратын еді. Бүгінгі күні мемлекет бір заң шығарса артынан мың баптпан өсекпен, жүз қырлы қырсық еріп жүреді. Мемлекеттің атқарып жатқан іс-әрекетін мәз біреулер бір ауыз сөзбен масқаралап жоққа шығарып жатады. Осы келеңсіздікпен менсінбеушілікті көргендер « ей қазақ ешқашан өз бетімен ел бола алмайды» деп аузына келгенін блапыттап бықсытып қойады келіп.
Өз басым бұндай қауөсетті тәуелсіздіктің мәнін түсінбейтін бөз бүйрек бірелердің сандырағы деп біліем. Біз тәуелсіздік арқылы ғана көзіміз ашылды. Үйтпесе бұрын сонды қазақ деген елді кім білген еді. Осы тәуелсіздіктің арқасы емеспе ел болып еңсе тіктегеніміз.
Ең құнды дүниеміз тәуелсіздік екенін әр қазақ азаматы терең түсінуі тиіс. Тәуелсіздікке кішкентай болсада қарсы пікір айтылуы мүлдем дұрыс емес. Оған жолда берілмеуі керек. Қандай жағдайда да тәуелсіздіктің қасиеті өз қағидаларына сай ел арасында өзіндік беделін артыра беруі қажет.
Біздің қоғамда тәуелсіздік туралы өте аз айтылады нақты еш қандай үгіт-насихат жүргізілмейді. Ауыз екі айтылып жалпылама түрде баяндалғанымен тәуелсіздік туралы дөп басып дараланып жүрген еш ұйымды кезіктірмейсіз. Тіптен тәуелсіздіктің құндылығы туралы мектеп қабырғаларында да арнайы сабақ ашсада артық емес. Айпесе мектепте сынып сағаттарында ғана жай бір тақырыппен өтіледі оның өзінде тек тәуелсіздік мерекесінің қарсаңына қарай арнай жоспар түрінде болады. Нақты оқушының санасында жатталып қалатындай еш дүние өткізіліп жатқан жоқ. Оған ұстаздар қауымы ренжімесін. Әрі бұны көріп білседе мемлекет еш шара қолданғанда емес. Тәуелсіздіктің қасиетін толық түсінбей өскен жеткіншек ертенгі күні 2011 жылдың аяғында тәуелсіздік күнінде болған Жаңаөзен уақиғасындағы шаңырақты өртеп, туды таптаған жастар сияқты бүлік шығармасына кім кепілдік бола алады. Сол болған оқиғаның бәрі тәуелсіздіктің қасиетін түсінбегендіктен шығып жатыр. Ал сол тәуелсіздік құндылығын халқына дұрыс жеткізе алмай отырған мемлекетте кіналә бұған.
Мемлекетіміз бұл олқылықтарды білмей жүрген жоқ әрине. Тек тездету керек. Бұл кезек күтірмейтін маңызды мәселе.

Мақаланы жазған: Қанат Айтуарұлы.
Әрі қарай

"Аруақ атқыр, Адайлар..."

Батыста бір қала бар Өзен деген.
Ісіне Тәңірімнің төзем деген.
Өрлігін, көкірегін басты талай,
Өзінше өңшең қырттың өжеңдеген.

Батыста бір қала бар Өзен деген
Қаруын дұшпан бар ма кезенбеген.
Жапқаның жаралы елге жылтыр шапан,
Бөз емес жан жарасын Сөз емдеген.

Үлкендер, қайдасыңыз, көрісейін!
Замандас, тай-құлындай тебісейін.
Тас шіркін ауыр дейді, түскен жерге,
Қайғыңды қараөлеңмен бөлісейін.

Береді көп тілегі батылға дем!
Батыр сол — қайрат болса ақылға тең!
Жылында сексен тоғыз лапылдап ең,
Тап бұлай Өзен бірақ, атылмап ең.
Әрі қарай

"Жақсы" порталының Rafaello-мен сұхбаты

Жақында «Жақсы» порталында Rafaello -мен сұхбат шықты. Оның «шығармашылығы» туралы болған әңгіме. Менің ойымша мәселе толығымен ашылмаған сияқты. Астындағы азғантай пікірлерде де блогшылар мен журналистер тек өз жақтарын қорғаумен болған. Енді осы жерде талқылап көрейік:

Естеріңізде болса, осыдан бірер уақыт бұрын «Даяшыларды ұруға болатын мейрамхана ашылды» деген ақпарат жарық көрген болатын. Іле-шала бұл ақпаратты NUR.kz-тен бастап балалар журналына дейін көшіріп басты. «Бақсақ, бақа екен» демекші, бұл бақа емес, «утка» болып шықты.

Бұның бәрі «Керекинфо» сайтындағы Rafaello нигіндегі бүркеншіктің «бүлдіргені». Бұл сұхбатты оқымас бұрын атышулы «Даяшыларды ұруға болатын мейрамхананы» оқып алыңыз. Біз журналистерді сан соқтырып жүрген құпия блогерден қызық сынағы туралы сұраған едік.

— Сіздердің кәсіби, дәстүрлі журналистиканың өкілдерін сынаққа салып, «кек алуы» неден басталды? Бұл неге осы сайттың тіптен бас ұстанымдарының біріне айналып кетті?
— Кейінгі жылдардағы блогосфераның басты мәселелерінің бірі — авторлық құқық. Блогшылар біраз журналистерге, БАҚ өкілдеріне өкпелі екені белгілі. Жазылған мақалалардың ешқандай авторы және сілтемесі көрсетілмей шығып жатқаны, әрине блогшылардың көңіліне ауыр тиеді. Еңбекке құрмет болуы керек. Бұл бір. Екіншіден, журналист және БАҚ өкілдерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі өте үлкен.
Әрі қарай

12.12.12

Достар! Бүгін бір қайталанбас күн! 12.12.12 деген сиқырлы цифрлар күні. Бірінші келген ой: хех, не 09.09.09, не 10.10.10, не 11.11.11, не бүгін тойым болмады) бүгін қандай суық болса да үйленіп жатқандар бар ғой! Солар бақытты болсын! Біз де, керекшілер аман болайық! Көбейе берейік!



Осы күнге арналған сұрақ-жауап:

1. Ақырзаманға сенесіз бе?
2. Арманыңыз
3. Жаңа жыл тойлайсыз ба?
4. Өміріңізді 100 пайыз өзгертуге қалайсыз?(мамандық, тұрған жер, тсс)
5. Алдағы өмірден не күтесіз?
6. Керекшілерге 1 тілек

P.S.Білемін онша емес пост екенін. Текке отырмай, жаза отырайық деген ойым ғой. Әйтпесе суық, суық болғасын, юхың келеді, ал юхтасаң қатып қаласын))))
Әрі қарай

Тәуелсіздік шыршаның шырмауында қала бере ме?

erkekiz
Бәріне қазақтың өзі кінәлі.Той дегенде қу басы домалайтын қазақ неге Тәуелсіздікті тойлауға құлықсыз? Осыны түсінбей-ақ қойдым… Салғырттығымыздан өз елімізде отырып, Тәуелсіздікті мектеп, мемлекеттік органдар деңгейінде ғана атап өтетін мереке немесе халық үшін демалыс күні деңгейіне түсірдік. Өз басым Тәуелсіздіктің 20 жылдығында да ерекше өткен іс-шараны байқамадым. Сол баяғы жартас…
Қазір қай қалаға барсаңыз Жаңа жыл күні ертең келетіндей жанталасуда. Айналаңызда қызылды-жасылды ойыншықтар мен түрлі құттықтаулар іліулі. (Осы тұста Оңтүстік Қазақстандықтардың ерекше бастамасын айта кету керек. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов тәуелсіздік мерекесіне дейін «Жаңа жыл» деп жалаулатпауды қол астындағыларға тапсырды. Жөн-ақ). Шын мәнінде қарапайым халық христиандардың мерекесін тойлаймыз деп даладағы жасыл шыршаны заңсыз кесіп, қылмысқа істегеніне мән бермейді. Ал, ата-бабаларымыз жыл басы Наурызда жас көшеттер отырғызып көрегенділік жасаған емес пе? Ендеше батыр бабалардың төгілген ыстық қаны мен ұлы арман жолында құрбан болған асыл азаматтардың арқасында қол жеткізген ТӘУЕЛСІЗДІКТІ мақтан тұтып, қастерлей білейік! Келе жатқан ТӘУЕЛСІЗДІК мерекесі құтты, әрі ұзағынан болсын!

Қалада жүріп Тәуелсіздік мерекесіне арналған ашық хаттарды көзім көп шала бермейді. Тапсам да сол баяғы Алтын адам, Ту, Астананың суретімен безендірілгенін көремін. Құдай-ааауууу басқа елдердің Тәуелсіздік мейрамына арнап шығарған ашық хаттарын қарасаң сүйсінесің. Көп қой Қазақстанда көрсететін құндылықтарымыз. Африка құрлығындағы елдердің мерекеге арналған ашық хаттарын көріңіздерші. Көздің жауын алады!
Әрі қарай

Көзі соқыр оралман

Көзі соқыр оралман
2005 жылы Өзбекстан Республикасынан ата жұрты Қазақстан Республикасына оралған ұлты қазақ Яссаков Динмамет Раджапұлы күні бүгінгі дейін яғни 2012 жылдың өзінде Қ.Р азаматтығын ала алмай жүр. Оған себеп жергілікті органдардың сауатсыздығы деп сенімді түрде айта аламын.
Азаматтықты ала алмаған себептері:
(Түсінікті әрі көңіл аударарлық болуы үшін осылай бөліп жаздым)
• Ең әуелі Өзбекстан елінен Қ.Р-нің Қостанай облысының Жетіқара ауданына көшіп барған. Ол жерден жергілікті тіркеуде болмадың деп одан қалды көлемді ақша талап етіп азаматтыққа деген өтініштерін қабылдамай қойыпты. (сіра заң білмейтінін біліп осылай істесе керек)
• Жетіқарадан Оңтүсік Қазақстан аумағы Шу елдімекеніне көшіп барған Яссаков Д.Р мырза әлдекімдерге ақша беріп 70-тен асқан анасына азаматтық алып беріп өзіне ала алмай қалған. (Әжеге мемлекеттен берілетін квотада берілмеген ) Ағаның азаматтық ала алмауына себеп Шу қаласындағы көші-қон полициясы Жетіқарадан «Азаматтық алмаған туралы» анықтама алып келуін талап етіп тағы басқада сылтаулармен азаматтық бермей қойған. Негізгі себеп ол кісінің тілінің күрмеліп (сақау) сөйлейтіні себеп болған.
• 2007 жыл Яссаков Д.Р мырза Ақмола облысы Астрахан ауданына келіп әлде бір таныстарынан өтініп жергілікті жерге тіркеуге тұрып сол жердің көші-қон полициясына Қ.Р азаматтығын алу туралы өтінішін жазады. Ол жерден де Қостанай облысынан, Оңтүстік өңірден де азаматтық алмаған туралы анықтама алу туралы талап қойады.( Осы жердің қызметкерлері құжаттарға қажет деп өзі темір теріп ақша тауып жүрген адамнан төрт мың теңге алып алған.) Динмамет мырза аталмыш жерлерге баруға қаражаты жоқ екенін айтып түсіндіреді. Ал жергілікті көші-қон полициясы аталмыш жерлерден анықтаманы өздері әне-міне деп анықтағанша екі жыл жыл өтіп кетеді. Осы кезде Яссаков Д.Р мырза Петровка ауылында «ТОО Гранит» қожалығында қарауыл болып жұмыс атқарды
• Ал 2009 Яссаков Д.Р мырзаның Ө.Р алған поспартының мерзімі бітеді. Ендігі таңда көші-қон полициясы осыны желеу етіп азаматтықты бермей отыр..
• 2010 жылы Яссаков мырзаның екі көзі бірдей көрмей қалуына байланысты жұмыстан босатылады.
• Ал азаматтық туралы ісі сол қалпы хабарсыз қалады. Яссаковтың өзінің құжатының мәселесімен жүруге денсаулығы жарамаған соң жетпістен асқан анасы аудан әкімінің орынбасарына жолығып мән-жәйді түсіндіреді. Орынбасар мырза уәде беріп, әжені арқасынан қағып шығарып салған күйі әлі күнге дейін үнсіз. Ал қартайған әженің қайтып барарлық қауқарыда жоқ.
Міне, елін аңсап, «Ата жұртым» деп келген бауырымыз, осылай азаматтығын ала алмай ақыры көруден қалған көзіне ота жасатуы үшін 40 мың теңге таба алмай үйінде қайғыдан қан жұтып отыр.Айтпақшы, үйді әжей өзі ақша жиып, үй емес, лашық сатып алған.
Осы істі не ауыл әкімі немесе көші-қон полициясы болсын, басқада мемлекеттік мекемелердің істей алмай отырғанына өз басым таңмын. Енді ол кісінің жағдайы не болады,қайда барып күнелтеді ?Әлде қайта Өзбекстан Республикасына кетуі керекпе? Бұған жауап беретін бір тұлға бар ма?
Ағаның өзге туыстары бар. Бірақ анасы екеуін ешкім керек етпей тастап кеткен. Енді бізде ол кісілерді қараусыз қалдыра салайық па? Маған ауылдың әкімі «Қайтесің туыстары керек етпеген адамдарға сенің неменеге басың аурады» дейді. Мен әкімнің бұл сөзінен қарадай ұялдым. Мен осы елдің жергілікті азаматы болсамда ешкімді «оралмансың» деп шектеткен емеспін. Керсінше елімдеп келген қазақтарым үшін жанымды беруге әзірмін.

Бұдан өзге Көкшетау қаласының орталық ауруханасының берген «мүгедектігін растау» жайындағы қағазы бар. Әрі жедел тұрде ота жасату мәселесі бойыншада құжаттар бар.
Әрі қарай

Сұхбат кезегі...

Сауалнаманы Керекинфоның көрікті де, сұлу, ақылды қызы бастаған соң одан әрі сондай көркіне ақылы сай қыздармен жалғастыруды жөн көрдім.Қыздың жолы жіңішке дегендей, жігіттер жағы ренжи қоймас. Бұл сұхбат менікіне қарағанда өте қызықты шықты деп ойлаймын. Сонымен кезек ademi_alem атымен жүретін Зарина Долатайға берілді.
Әрі қарай