Дәстүрдің естісі де, есері де бар. Не айтпақпын бұл сөзбен. Қазіргі заманның есуіне сай дәстүрді қай жерде толық сақтап, ал қай кезде тек ырымын жасауға болады.
Оралдағы сырттай оқуымда 30-ншы наурызда курстық жұмысымды қорғап, бірден Динамо стадионына тарттым. Кіру тегін болғандықтан, халық нық толы болды. Ақтөбеде тегін футбол болмағалы қай заман?! Болмай-ақ қойсын да.) Оның үстіне бірінші тайм өтіп кеткен, екінші тайм 1:1 есебімен енді басталайын деп жатырды. Бұған да шүкір дедім де, потапаратты іске қостым. Суреттер өте көп шықты, алайда фотосетке тек 30 сурет жүктелінеді. Өкінішке орай, екінші таймда гол болмады. Сонымен, Ақжайық — қызыл, Ақтөбе — ақ түсті формада.
Бейсембай Кенжебаев Оңтүстік Қазақстан, Ордабасы ауылының тумасы. Ғалым қазақ әдебиеті тарихын зерттеуде елеулі еңбек сіңірген. М. Мағауин, Ә.Кекілбаевтардың ұстазы болғандығын бұрын білетінмін. Менің қолыма алғаш тиіп отырған «Асау жүрек» атты кітабында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірінен жазылған деректі әңгімелері, ой толғамдарымен бірге шетел жазушыларынан аудармалары топтастырылған еңбегі арқылы жазушыны аз да болсын танып қалғандаймын. Бұл қазақшаға аударылған әңгімесі Бехазин атты жазушыға тиесілі екен. Анам маған Шираздан — Хафиз қаласынан, тәтті қиял қаласынан екі шөлмек шарап жіберіпті…
Мен оған еш уақытта шарап жібер деп айтқан емес едім. Тіпті, ондай ниет те білдірген жоқ едім.
Қашан көрсең жайнамаз үстінде көзіне жас алып отыратын анамның мұндай «Нуна» істеуі ананың баласына деген қамын, махаббат күшінің құдыреттілігін байқатады.
Соңғы күндері, көгілдір экран алдында отырып жалықтым. Не дегенмен, демалыс қой. Ешқайда шығуға да шабыт жоқ… Соңғы рет Блогқұрылтайға ғана барып едім… Сол көңіл көтергеннен кейін әлі шыққаным жоқ. Содан не керек, Данияр — ға телефон шалып, мұз айдынына баруды шештік… Бұдан алдын мұз айдынына тек, жаттығып біраз сергу үшін баратын едім. Бұл жолы Данияр бауырыммен қысқаша видео-блог түсіруді ойластырдық… Еш дайындалғанымыз жоқ… Бірақ, қызық болатынына сенімді болдым… Бұл біздің 1-ші видеомыз болғандықтан, «строго судить» етпеулеріңізді сұранамын…
Rafaello -ны танымайтын адам жоқ шығар. Тіпті алаштатып ұрандатып жүретін газеттерімізге дейін Біраз сауатсыз журьелардың кесірінен танымал газеттердің бетіне Рафаның жазбалары шығып кетіп, тіпті Астанада өткен «Сайт редакторлары конференциясы», «Блогқұрылтай» секілді үлкен жиындарда оның «шығармашылығы» талқыланған-тын.
Сөре: Ақ жалау төмен қарай лап етті…
Кетті!
Дүбір!
Қалың шаң!
Үздік-создық…
Дара!
Мәре!
Бір аптаға созылған «Мен көрген блогкемп: Құрылтай — 2013» байқауы мәреге жетті!
Алғыс, баршаңызға: пост жазып еңбектенгендерге, қатысып ниет еткендерге, қатысушыларды көтермелеп, қиқу қосып, дем бергендерге…
Қазылар алқасының шешімі шықты. Жеңімпаздардың есімі белгілі.
Пролог
Алматылықтар бұл күнді асыға күтті. Алматыдан қашуды ең көп қалаған e_zhalgas екеуміз сияқтымыз, вокзалға 21-ші наурыз күні еп-ерте келіп алыппыз. Пойыз қойылып, бәрі жиналғанда топырлап, айқайлап-шулап мініп алдық. Алматы қаласынан шыққан соң пойыздың «Ресторан» деп аталатын бөлігіне қоныс аудардық. Ол жерде не болғанын жазбаймын, өйткені оны сол жердегілер ғана біледі және сол түннің куәгерлерінен бөтен адамдар білуге міндетті емес
БлогКемп, яғни блоггерлер құрылтайы. Осы құрылтай біткеннен кейін блог тұғырларда да, әлеуметтік желілерде де блог кемп туралы жазбалар мен фотосуреттер, бейнебаяндардың ағыны басталды. Қысқасы, Ұшқын айтқандай, Блогқұрылтайдың буы басылмай тұр әлі…
ВИРТУАЛДАН РЕАЛҒА
Сонымен, құрылтай туралы не айтайын. Ең бірінші айтарым, биылғы құрылтайға мен алғашқы рет барып тұрмын. Виртуалдағы достарыңмен түңғыш рет кездесу ерекше әсер берді. Бір қызығы блог әлемінде жақын достай сөйлесіп жүрген блоггер қасыңда жүрсе де танымай қалуың мүмкін. Өйткені кей блоггерлер (мәселен мен) ешқашан суреттерін аватарына қоймайды немесе шынайы жүзі суретінен өзгеше болады екен. Блоггер болғаныма бар-жоғы бір жыл ғана болыпты. Алайда мен өзім жеке сайт ашып, көбінесе сол жерде блог жүргізген едім. Құрылтайға барып, блогтұғырларда блог жүргізген әлде-қайда тиімді екенін ұқтым. Өйткені бір блогтұғырдың блоггерлері бір-бірімен көптен бері көрісіп тұрған көршілердей амандасып жатады екен. Қызық, виртуалды әлемнің де адамдарды рухани табыстыратын ыстық қасиеті барына таң қалдым.
Рас, айтады Қисық. Мен көрген блогқұрылтай 13 осылай өз форматында жақсы өтті. Бұрынғыларын көрмегендіктен, салыстыра алмай отырмын.
Алғаш рет барып тұрғандықтан қобалжыңқырап, «адамдар арасындағы бөлітіріктей» топ ортасынан саяқтау жүрдім. Сооол…
Блогқұрылтайдың бірінші күнінде әдеттегідей мастер класс, сессиялар, әр түрлі старт-ап жобаларды таныстыру өтті. Әсіресе маған ұнағаны «Шеберлік шыңдау дәрістері», «Блог жүргізудегі шет ел тәжрибесі», «Монетизация» сынды сессиялар маужыратпай, сергек отыруыма ықпал етті