Ақсүйек ойыны
Мен орталығы Түркістандағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінде оқығанмын. Сол универде қалыптасқан бір дәстүр бар еді. Кентау, Түркістан, Шымкент, Тараз бөлімшелері жылда жаз айында Машат шатқалындағы универдің лагеріне жиналатын. Сол оқу жылында ең белсенді болған үздіктер 3-4 күнге бас қосатын. Сондай кездесулердің бірі 2005 жылы жазда болды. Ылғи студенттер жиналған соң көңіл көтеру, ойын-сауық дегендей. Сөйтіп, түнгі мезгілде би алаңында біраз билеген соң Ақсүйек ойнайық деген ұсыныс түсті ортаға. Ойынды бастаушы барлығы біледі ғой деген оймен ережесін түсіндірмей-ақ, ақсүйекті түнде табу керек деді да, ағаштардың арасына қарай лақтырып жіберді. Сол жердегі студенттердің көпшілігі іздеуге кеткен. Біз бірнеше адам ғана би алаңында қалып, билеп, общение, мәпщение жасап жатқанбыз. 15-20 минуттан кейін Ақсүйек іздеуге кеткендер паровоз құсап тізбектеліп келе жатыр. Өздері мәз: Ақсүйекті тауып алдық -дейді. Оны басындағы адамға ұстатып қойыпты. Ортада ішегіміз түйілгенше күлдік. Жүргізуші содан кейін ғана әлгілердің өмірінде ақсүйек ойнап көрмегенін түсінді де: Сендер қызықсыңдар, ақсүйекті бір бағытқа лақтырса, оны кері бағытта іздейді бір бір жігіт болып — деп, ережесін, мәнін түсіндіріп әлек болып қалды. Сөйтіп, ақсүйекті тағы лақтырды. Содан кейін ғана барлығы іздеуге кетті. Өмірімде ақсүйекті осылай ойнағанын бірінші рет көруім және соңғы рет.
Естеріңде қалған Ақсүйектер бар ма?
![](http://l.yimg.com/us.yimg.com/i/mesg/emoticons7/1.gif)
Пікір жоқ әзірше