Ремейк. Мың жылдық адам

Тарих. Тоқтаусыз өтіп жатқан уақыт. Әр сәтіне өз бейнесін жазып, жадысында сақтайды. Жансыз заттың да тарихы бар. Заттардың кейбіреулерін жай зат деп те атау қиын.
Победа
Адам тұрмысын өзгерткен машиналардың бірі болған автомобильді алайықшы. Кейбір автомобильдердің тарихы аңызға бергісіз. Мысалы, «Победа» (жеңіс) атауымен белгілі жеңіл автокөлігі. Ұлы Отан соғысынан кейін 1946 жылы шығарыла бастады. Өз заманындағы жеңіл автокөліктің үздік үлгісі. Оның алдындағы жеңіл автокөліктердің үлгілерінде көлікті қозғалысқа әкелетін дөңгелектер кабина сыртында орналасатын. Дөңгелектердің әрқайсысы жеке қалқанмен жабылатын (көлік жүрген кезде батпақ, құм дөңгелек астынан кабинаға қарай шашпау үшін).

Жаңа автокөлікте кабина ені кеңейтіліп, дөңгелектер оның астында қалды. Қазіргі кездегі жеңіл автокөлік салонында жүргізуші және (қасындағы) жолаушы жеке креслоларында отырады. Ал «Победа» салонында екі жеке дара креслоның орнында екі кісілік диван. Сырт пішімі -дизайны фастбек (аэроседан), артқы жағынан қарасақ ағып бара жатқан су тамшысына ұқсас.
Қазақ жерінде мұндай машина заманында кездессе, иесі батырлығымен көзге түскен соғыс ардагері немесе үлкен үкімет адамы екені анық. Қазіргі кезде көне көліктің жүргізушісінің орнына отырып, жансыз темірге, резеңкеге қолыңды тигізсең, оларды жансыз деп те айта алмайсың. Бәрі тарих.
Көне, иесіз, қолдануға жарамсыз, керексіз затқа көз тастасақ. Мүмкін оған жан бітіп, тарихын бізге жайып салар ма еді? Қиялға ерік берейік.

Өткен шаққа сапар

Күздің таңы. Жаңбыр себелеп жауып тұр. Бес қабатты үйдің төбесінен төмен тартылған құбырдан сарылдап аққан су арыққа кұйылып, одан тасып, үйдің кіріс-шыға берісін суға толтырды. Есік алдындағы кішігірім тұрақта көкшіл түсті жеңіл автокөліктің қаңқасы тұр. Кезіндегі ең қымбат тұрған «Победа»-нікі. Темір үстін жауын суы қанша шайса да, қарайған жерлеріндегі тат кетер емес. Осы үйдің төртінші қабатында Есбол өз бөлмесінде ұйқы үстінде. Студент. Бөлмесінің терезесінен қарасақ, жеңіл автокөліктің қаңқасын анық көреміз. Содан болуы керек дәл қазір көріп жатқан түсінде есік алдында тұрған жеңіл автокөлікті жүргізіп келеді:
Әрі қарай

Фанаттар баннері қалай жасалады?



2012 жылғы Еуромаусымда қазақстандық клубтардың ішінде алысқа шапқаны әдеттегідей «Ақтөбе ФК» еді. Соңғы бельгиялық Генкке қарсы матчта Ақтөбе Орталық стадионының «13-сектор» фанаттар бірлігі орналасқан секторында үлкен баннер ашылды. Баннерде Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт, Әбілхайыр хан ескерткіші және шаңырақ бейнеленген. Астындағы жазу: «ЕЛ ҮМІТІ КІШІ ЖҮЗ». Бұл сөздер шовинистік мақсатта емес, Кіші жүздің жауынгерлігі қасиеті туралы, Ақтөбенің Еуропада қалған соңғы команда, соңғы үміт екені турасында жазылған.

Ал енді осындай 2 минут қана ашылып тұратын баннердің қалай жасалатынын қарап көрейік.
Әрі қарай

QAZNET - ті дамыта аламыз ба?

Керек инфо оқырмандарына жалынды сәлем! Бұл менің осында жазып отырған бірінші постым. Көп критика тумайтын шығар ))

Іске сәт!

Мен уақытымның көп бөлігін рунетте және ағылшын тілді сайттарда өткіземін. (негізінен IT блогтар) Себебі, бізде материалдар "ӨТЕ КӨП" қайсысын таңдарын білмей басың ауырып кетеді ) Бұл әрине қалжың )
Әрі қарай

Оздырдым-ау әйтеуір...

Қазақты жылқысыз және домбырасыз елестету қиын. Біздің жақта Жолдыбай атты атбегі кісі бар. Сонау Кеңес заманынан бері қосқан аты бәйгенің алдын бермеген деседі. Біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы, екі мыңыншы жылдарға дейінгі қосқан жүйріктерін көріп жүрдік. Оның қосқан атынан ат оздыру деген керемет мәртебе еді. Ол мәртебеге біздің ауылда менің ағам Ахмет және Жолтай деген құдамыз ғана ие болды. Ахмет ағамыздікі анық оздыру еді. Ол кісінің қосқан жүйріктері де бәйгенің алдын бермейтін болып шықты. Кішкентайымнан өзім бәйгеге шапқан буырыл атының әр аяғына құлынды бие байлаған Жолдыбайдың бетін қайтарғанын өз көзіммен көргенмін. Дегенмен, біздің айтпағымыз басқа әңгіме.
Енді, Жолтайдың Жолдыбайдан ат оздырған оқиғасына келейік. Бақ дегеніміздің өзі құс секілді ғой. Біреудің басына ұзақ қонады, біреуге тіпті қонбауы да мүмкін. Жолдекеңнің бағы тайды дей алмаспыз. Бірақ, бір жылдары қосқан аттарының бәйгеге ілікпей қалған кездері болды. Аттары көңілінен шықпаған соң, Жолдекең басқа жақтан жылқы сатып әкеледі. Ол жылқысын баптап, біреудің алпыс жылдығана ма әйтеуір бір дүбірлі тойға қосады. Ол тойға Жолтай құдамыз да үкілеп бір ат апарады. Шамасы 40-50 ат шапқан бұл бәйгеде Жолтай құдамыздың да Жолдыбайдың да аты ілікпей қалады. Бірақ та осы жарыстан соң біздің ауылда «Оздырдым-ау әйтеуір» деген сөз тіркесі пайда болды. Мәселенің мәнісі былай екен. Жолтай құдамыздың аты бәйгелі болмаса да атақты Жолдыбайдың атының алдында келіпті. Мұны көрген Жөкең «Жолдыбайдың атынан оздырдым-ау әйтеуір» деген екен-міс…
Әрі қарай

АТЫРАУДА ДОМБЫРА PARTY ӨТПЕКШІ

ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУЛЫҚТАР! Барлығыңызды 24/04/13 күні сағат 19:30да (жергілікті уақыт бойынша), Махамбет-Исатай алаңында өткелі отырған ДОМБЫРА PARTYге шақырамыз! Бірнеше домбырашылар мен жас айтыскерлер және бірқатар блоггерлер мен интернет белсенділері келеміз деп отыр. Сіздің де домбыра шертетін өнеріңіз болса, жұлдызды сәтіңізді пайдаланып, ел-жұртты бір таң қалдырып қайтыңыз. Немесе жәй әсем ән мен тәтті күйдің ләзатына шомылып, адамдармен танысыңыз. Күтеміз, ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ!=)



P.S.: Сурет аптыры Maralbek Sagynganov. Мен жәй өзгерттім)
Әрі қарай

Бостон жарылысы қойылым ба?

Кеше интернетте түрлі сайттардан қызық фото-анализдер көрдім. Соларға қарап шыныменде Бостондағы жарылысты АҚШ өздері қолдан жасаған ба деген ойға келдім. Қарап көріңіздер, пікір жазыңыздар.

Анализ №1 — Алғашқы фотолар бойынша


Кішкене ғана жарылыс дауысы және көп түтін ғана болды. Ал негізінде кем дегенде 20м радиуста бәрін қиратуы керек еді.


Рольдерге арзан актерлар алынған. Капюшондағы жігіт әріптесіне ыңғайланып жатып алған, теңіз жағасында жатқандай.
Әрі қарай

Жас қазақ

Тақырыпқа көз жүгірте салып," Мынау осы аттас газетті жарнамалап отыр" деп ойлап қалмаңыздар. Біреуге қызықты, біреуге қызықсыз бұл жазбамда Рамазан Елебаевтың (1910-1943ж.ж.) «Жас қазақ» әнінің тарихына тоқталмақшымын. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде талай қандасымыз ерлік көрсетіп, біршамасының ескерусіз қалғаны да рас. Бородино түбіндегі шайқас кезінде ерлікпен қаза тапқан Төлеген Тоқтаровты бүгінде біреу білсе екеу білмейді.
Әрі қарай