QAZNET - ті дамыта аламыз ба?

Керек инфо оқырмандарына жалынды сәлем! Бұл менің осында жазып отырған бірінші постым. Көп критика тумайтын шығар ))

Іске сәт!

Мен уақытымның көп бөлігін рунетте және ағылшын тілді сайттарда өткіземін. (негізінен IT блогтар) Себебі, бізде материалдар "ӨТЕ КӨП" қайсысын таңдарын білмей басың ауырып кетеді ) Бұл әрине қалжың ) Осы жағдайға байланысты, көрші жатқан орыс ағайындыларымызға басымды иемін. Олар ерінбей, ағылшын тілді, неміс тілді сайттардың материалдарын орыс тіліне аударып өз оқырмандарына ұсынады. Әрине, өздері де жазады. Кез келген сұрағыңа тез әрі түсінікті жауап береді. Бұл деген керемет қой! Бізге осылай жасауға не жетіспейді?

Бұл сұрақ көкейімді мазалап жүр. Өйткені, өзімнің іні-қарындастарым (2000 жылы туылғандардан бастап) бір ауыз сөз орысша сөйлемейді  Кейде, сөздердің қазақша баламасын естіп күлемін ) Бұған қоса кирилден латынға ауысу политикасы тағы бар. Менің ойымша мұның барлығы — Ресей үстемдігін төмендетіп әлемдік деңгейге шығу мақсатында жасалып отырған секілді. Бұл политикасы бекер болмақ, егер Qaznet дамымаса. Оқушылар материал іздеп түбінде рунетке келіп тіреледі. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Егер ойларыңызбен бөліскіңіз келсе коммент түрінде қалдырыңыз, бірге талқылайық.

Мен, бұл мәселенің шешуін, ағылшын тілінен көріп тұрмын! Кішкентайынан баланы ағылшын курстарына берген дұрыс. Рунет, материалдардың көпшілігін ағылшын тілді сайттардан алатынына келісетін шығарсыздар… Ал біз, өз кезегінде, Ресейдің тәжірибесін қолданайық, Орыс тілінен Қазақшаға аударайық ) Тікелей аудармасақ та, ойға түйгенімізді жазайық. Өзіміз үшін емес, болашақ үшін!

ТАғы айтатын болсам, осыдан жарты жыл бұрын сайт ашқанмын (kazchords.kz). Сайт орыс тілінде болғанмен контенттер қазақ тілінде. Аудитория саны орта есеппен, күніне 150 адам. Кейін сайтқа реклама қоймақ оймен Google Adsense және Yandex Direct ke тапсырыс бердім. Сондағы келген жауаптап келесідей:

google: «сіздің сайтыңыздың тілі (қазақ тілі) реклама қоюға сай емес.»
yandex: «контенттер реклама қоюға сай емес. бір айдан соң қайта тапсырыс берсеңіз болады.»

Осы жағдай мүлдем көңілімді түсіріп жіберді. Qaznet тің дамуына бұл да бір кедергі ( Басқа реклама қойғым келмеді, себебі сайттың дизайнын құртады. Алда тағы хабарлама жазып мәселені шешемін деген ойдамын.

ұсыныс:ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ IT BLOG АШАЙЫҚ
Бөлісу:

8 пікір

Erasyl2
Бізге осылай жасауға не жетіспейді?
сан жетіспейді және сұраныс аз, қазнеттегі қазақ тілді контенттер өте-мөте көп болса таңғалатын едім (әсер етуші басқа факторлар дәл қазіргідей болса). Сосын Қазнет деген қазақы нет емес Қазақстандық нет деп қабылданады, оның өзінде орыс тілі үстемдірек.
satibaldi
QAZNET — ті дамыта аламыз ба?
Жоқ. Объективті саралаудың өзі түбінде бір іздеу жүйесі мен бір әлеуметтік желі қалатынын көрсетіп отыр. Болашақта сайттар жеке хосттарда емес, ірі жүйелердегі тұғырнамалар болып қалады. Бұл мегабірігулер мен мегабірегейлену үрдісінен қаззақ тіліне орын көре алмай тұрмын. Шамалауымша, қаззақ тілі 2150-2200 жылдар аралығында толығымен құрып бітеді.
edige
«Жағың қарыссын» деуші еді марқұм әжем
serjan
Сайт орыс тілінде болғанмен контенттер қазақ тілінде.
Мұндай сөз қолданыс маған түсініксіздеу болып қалды, ашық түсіндіресіз бе?
Ereimen
Қазақ интернеті қазіргі кезде жақсы дамып келеді, бірақ… бірақ менің түсінігімде қазақ тіліне жаңа ден қойып келе жатқан қолданушылар үшін алдағы жылдар қасіретті болмақ себебі, латын тіліне көшіу, өздері әзер қазақшаға тіл сындыра бастағанда латынның тілі тағы біраз тоқыратып тастайды.