QAZNET - ті дамыта аламыз ба?

Керек инфо оқырмандарына жалынды сәлем! Бұл менің осында жазып отырған бірінші постым. Көп критика тумайтын шығар ))

Іске сәт!

Мен уақытымның көп бөлігін рунетте және ағылшын тілді сайттарда өткіземін. (негізінен IT блогтар) Себебі, бізде материалдар "ӨТЕ КӨП" қайсысын таңдарын білмей басың ауырып кетеді ) Бұл әрине қалжың )
Әрі қарай

Берекесі қашқан kk.wordpress.com


Қазақ блогосферасы wordpress блогтұғырында кең етек жайғаны бәрімізге аян. Қазақша блогтарды топтастыру мақсатында арнайы kk.wordpress.com жүйесі де қалыптасқан еді. Алайда соңғы кездері бұл блогтұғырдың бір ашылып, бір жабылып берекесі қашқан сияқты.

Әрі қарай

08.QB Наурыз айында "блогомания" дүмпуі байқалды

Dean Cox түсірген суретАРБ, достар!
Құрылтайдан кейін есімді енді жиып жатырмын. “ Тойдың болғанынан боладысы қызық” дейді ғой, тойдан кейінгісі шыжық деп қосар едім. Үйтіп-бүйтіп қағаздардан құтылғандай болып отырмын. Соңғы екі аптада Құрылтайдың бітпей қалған жұмыстарын аяқтауға көмектескендерге де бір-бір ескерткіш орнату керек шығар :)Енді кішкене ғана бітпеген жұмысы қалды. Десе де алғашқы Блогқұрылтайды өз деңгейінде өткізген қыздар мен жігіттерге үлкен алғысымды жеткізгім келеді.
Ең үздік блог байқауында “Өрімтал” блогына дауыс берген оқырмандарға да алғысым шексіз.
Блог құрылтай “ Блогомания” синдромын алып келетінін болжау қиын емес еді.
Әрі қарай

Wordpress.com бұған дейін істемей қалғаны бар...

Ескерту: Бұл жазба осыдан бірнеше ай бұрын жазылған. Аршаттың бүгінгі айтып отырған оқиғасына қатысты емес болғанымен, жұрттың білгені дұрыс деп санаймын. Ол кезде де wordpress.com блогтары ашылмай қалғаны бар. Дәл сол сәтте жұртқа хабарлайын деп жазба жазып болғаным сол еді, wordpress.com қайта іске қосылған. Содан бері нобайларда сақталып тұрған жазбаны қайта жариялап отырмын. Ол кезде 10060 деген қате түрі көрстеілді.

center

Жаңа ғана сөйлесіп отыр едік. Айжаннұрдың блогына пікір қалдырып, жазып болып жіберейін десем, осындай жазу шықты. Чаттағылардан сұрасам, оларда мынадай жазу шығыпты:

Невозможно соединиться с удаленным сервером (ошибка 10060)

Попытка установить соединение была безуспешной, т.к. от другого компьютера за требуемое время не получен нужный отклик, или было разорвано уже установленное соединение из-за неверного отклика уже подключенного компьютер

Ал Beeline USB модемінен кіріп отырған адам: «Менде бәрі ашылып тұр» дейді. Сізде ашылып тұр ма?

пысы. суреттегі жазудың мазмұнында «Кешіріңіз бізден бір қате кетті. Қайтара жүктеп көріңіз. Ашылмаса, бізге хабарласыңыз» деп тұр. Күткенімен 5 мин болды  WP бұрын мұндай байқамаппын…
Әрі қарай

06.QB: Мәжіліс депутаты блог бастады

Қазақ тілінде блог жүргізуге деген қызығушылық бәсеңдер емес. Қаңтар айында wordpress.com-ның қазақша нұсқасында 18 жаңа блог тіркелгенін байқадым. Бәрі бірдей жаңарып, қызықты жазбаларға толысып тұр деуге келмес. Әйткенмен, өз ойларын көпшілікпен бөлісуге бел буған жандардың күн санап артып келе жатқаны қуантады. Суреттегі кісіні де танитын боларсыз. Қаңтар айында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов те kk.wordpress.com тұғырнамасынан блог тіркеді.
Әрі қарай