06.QB: Мәжіліс депутаты блог бастады

- http://bakbergen.wordpress.com (5.01.2011) Ерболдың жазбалары деп аталатын блогтан әзірге Ерболдың суретін ғана көріп отырмын.
- http://izgilik.wordpress.com/ (7.01.2011) “ Аллаға тәуекел” деп аталатын Ізгіліктің блогы Интернеттегі қызықты мәліметтерімен және блог жүргізуге қатысты пайдалы кеңестерімен тартымды.
- http://greekmith.wordpress.com (12.01.2011) “ Грек мифологиясы: ежелгі Эллада мұралары” атты блог аты айтып тұрғандай грек аңыздары мен олардың кейіпкерлеріне арналған.
- http://kainaralem.wordpress.com (10.01.2011) Журналист Қайнар Жұмағожаның блогы “Қайнар әлемі” деп аталады. Бұл әлемнен жас журналистің шығармашылығымен таныса аласыз.
- http://satibaldi.wordpress.com/ (11.01.2011) Бұл блог ашылғанымен әзірге жарнамалық үзіліс алғанға ұқсайды.
- http://abenovmurat.wordpress.com/ (13.01.2011) “ Ал, Құрметті блогшылар қауымдастығы! Ұзақ жол жүріп, Сіздердің қатарыңызға асығып келген, Мұрат Әбеновтің сәлемін қабыл алыңыздар! БАСТАЙЫҚ!!!” деген жазбаның авторы ҚР Парламент мәжілісінің депутаты блогты бұқарамен емен-жақын араласу үшін бастаған екен.
- http://terminder.wordpress.com/ (14.01.2011) “ Діни терминдер” блогының авторы интернет қолданушыларға ислам дінінде кездесетін термин сөздердің түсіндірмесін ұсынады. Автордың іздеген сөзді оңай табу үшін сөздерді алфавиттік қатармен категорияларға бөліп қойғаны жақсы болған.
- http://janbota.wordpress.com/ (16.01.2011) Жанбота – Моңғолияның Налайқы ауданының тұрғыны. Блогына өз ауылының тұрмысы жайлы жазамын депті. Әзірге жаңа жазба жарық көрмеген.
- http://nurkz.wordpress.com/ (17.01.2011) Басқаны қайдам, мені блогтың атауы бірден елең еткізді. Нұржанның блогы да бастапқыда өз шамасын байқап көру үшін ашылған тәрізді. Жаңа жазбалар көрінбейді.
- http://kakeyjanjun.wordpress.com/ (18.01.2011) Кәкей Жаңжұңұлының кім екенін біле алмадым. Блогына “ поэзия” деген бөлім ашқанына қарағанда ақын болуы мүмкін. Алдағы уақытта жазбалар жазып, ойларымен бөліссе, бәлкім бұл блогшының да болмысы бізге анық болар.
- http://kharjaubay.wordpress.com (19.01.2011) “Өз тарихымызды өзіміз жазуымыз керек” дейді Қаржаубай Сартқожа. Жарияланған жазбасы көне домбыраның тарихынан сыр шертеді.
- http://abayconvict.wordpress.com/ (20.02.2011) Абай Отардың блогы өзінің жеке көзқарастарынан тұрады. Сонысымен құнды. Мәселен, бір жазбасында «Егер ауылды 72-лер ұстайтын болса, тұрғындар кешке таман қорықпай-ақ байланыса алады. Ол үшін көшеге шығып, ысқырсаң болғаны» – дейді олардың братандары 71-лер деп ауылдағы қызықты жағдайды баяндапты.
- http://jandosom.wordpress.com (19.01.2011) Аялдама.kz блогының иесінің “ Гигок гигок уалалайавпваавпвасми павапв” деген жазбасы ерекше назарымды аударды.
Блогта ұлттық мәселеге қатысты бір-екі жазба жарияланған.
- http://medetzhan.wordpress.com/ (22.01.2011) Бұл блогтың авторы 31-телеарнадағы “ Информбюро” жаңалықтарының жүргізушісі. Журналист әріптесіміздің блогында оның тарихшы бола тұра, журналистикаға қалай келгенін баяндайтын қызықты жазбалары жарық көріпті.
- http://akkyz.wordpress.com (24.01.2011) Бұл блогтың да иесі – журналист. “ Түркістан” газетінің тілшісі Динара Мыңжасарқызы алғашқы жазбаларының бірінде не себепті“ Аққыз” атанғанын түсіндіріпті. Блогында журналистің қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты жеке ойлары да жарияланып жатыр.
- http://askarmb.wordpress.com (25.01.2011) Блогтағы жазбаға қарап отырып, “ Кәусар Саяхат” қажылық фирмасының блогы деп ұқтым. Қателескен болсам, түзетіп қойыңыздар.
- http://muqan.wordpress.com/ (25.01.2011) “ Бұл менің “Ұлттану” деп аталатын блогым. Мұнда қазақтың құндылықтары, олардың жаңа заман көшіне ілесе дамуы жөнінде сөз болады” дейді Шыңғыс Мұқан есімді блогшы.
- http://syrlasu.wordpress.com/ (30.01.2011) “Бар сырымызды ақтарып елге жаймасақ та, сәл де болса мазалап жүрген, күйбің тірліктегі күнделікті кездесетін ойларымызбен бөлісуге шақырамын” дейді Сырласу блогының авторы.
- http://bekmur.wordpress.com/ (31.01.2011) Блогта ешқандай жазба жоқ екен. Бірақ блог авторының қазақ интернетінде болып жатқан жайттарға бей-жай қарамайтыны анық
Tagged: Мұрат Әбенов, қазақша блог, қазақша блогтар, wordpress

Мақала сілтемесі: http://urimtal.wordpress.com/2011/02/03/06-qb-%d0%bc%d3%99%d0%b6%d1%96%d0%bb%d1%96%d1%81-%d0%b4%d0%b5%d0%bf%d1%83%d1%82%d0%b0%d1%82%d1%8b-%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b3-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b4%d1%8b/
2 пікір