Алғашқы сапар, алғашқы блог

Блог - Kipshakkyzy: Алғашқы сапар, алғашқы блог

Сәлем, достар. Мяя, құрсын, керекинфоға тіркеліп оқып жүргенім болмаса әлі жазба жазбаппын. Массагетке кірейін деп логин-паролімді терсем ену не кіру батырмасы жоқ. Содан амал жоқ керекинфоға келдім.Бәрін қойш, блогты қай жерінен бастау керек екенін де білмейді екенмін. Шұқылап отырып тауып алдым. Енді өткен қателіктерді толтыра жатармын алдағы уақытта.

Амандығымды біліп, барған қалам, оқу орыны туралы сұрап жатқан достарға жалпылай жаза кетуді жөн көрдім. Жиырма төрті күні таңғы төрт жарымда Алматы әуежайына жиналдық. Түркияға оқуға түскен бірнеше студенттер өзара танысып, Стамбулға дейін сапарлас болдық. Қызық, кейде өмірде не суретте көрген адамдарыңды ол кезде танымағандықтан назар аудармай, кейіннен ол екенін білгенде артынан еске түсіріп жатасың. Сондай бір кездесудің кейіпкері – Амангелді Қалыбек. Фейсбукте Садко брәтішкемен түскен суретін Нұрлан Құлымбетов жариялаған болатын. Кетераяқ болу керек, сірә. «Е, бұл ерте кетіп бара жатыр ғой, басқа бағдарламамен кеткен болу керек» деп, ішімнен топшылап қойған болатынмын. Сөйтсем, биылғы блогқұрылтайдың ұйымдастырушыларының бірі, әрі Садықтардың әйгілі дивандарына ұйықтап жүрген ортақ досымыз болып шықты.

Стамбулдағы Ататүрік әуежайында да Ержан Төлек ағамыз бен Хайрулланы кездестіріп қалдым. Барлығымыз жан-жағымызға тарап, Измирге аман-есен жеттім. Алматыдан таңда ұшқан соң, қалыңдау киініп алған едім, Стамбул да салқын екен, бұлтты. Измирге келсем, күн шыжып, аспан айналып жерге түсейін деп тұр. Еге университетінің кампусына әкеліп тастады үйлестірушілер. Жанымда әуежайда танысқан, Қырғызстаннан келген осында бакалаврда оқитын Манас деген қырғыз бауырым көмекші болып, зыр жүгіріп біраз ісімді тындырып берді. Өзімнің інімдей болып кеткен қазір. Өзбекстаннан келген бір өзбек жігіті бар екен менің мамандығым түскен. Оның түрікшесі мүлде жоқ, багажы Стамбулда қалып қойған. Мен оған көмек беріп жүрмін. Қазақстанда жүргенде қазақтар өз ішінде жалпы жерлес, рулас деп жақын тартатын болса, мұнда келгенде түркілігіңді танытып, түбі бір туыс халық деп қарайды екенсің.

Келген күні үстімде қалың жүн нымша бар. Жүктеріммен жүк болғанша үстімде ілініп жүре берсін дегем. Мұндағылардың бәрі шорты- майка киініп алған. Менің үстіме көздерін алартып қарайды. Бейне бір тундрадан келген чукчалардай болып жүрмін ғой. Бұл жақтың ыстығына, мені қоя берш, тіпті, оңтүстік Африкадан келген Алайка деген қара қыз да шыдай алмай жүр. Оның үстіне алып келген біраз киімдерім күздік болатын. Келесі жазға дейін осы жақтан ала салармын дегенмін жүк қылмай. Ол киімдер әлі ұзақ жататын сияқты чемоданның түбінде.

Измирдің ең бірінші ауарайы ұнады. Кептіріп жіберетін ыстық емес, ылғалды. Мұнда цитрустық өсімдіктер, өзгеше қылқан жапырақты ағаштар, пальма ағаштары, анар, інжір, мандарин дегендер толып жатыр. Адамдары заманауи киінеді Стамбулға қарағанда. Тіпті, қысқа шорты киінген қыздар көп екен. Бұл қалада да мысықтар жетерлік. Алматының көшесін каблукпен шайқап үйреніп қалған маған бұл жерде каблукпен жүріп береке таппайтын сияқтысың. Жері тас. Сосын бір ұнағаны – Стамбулдағыдай көзбен ішіп-жеп тұратын еркектерді байқамадым. Өзімді қауіпсіз әрі еркін сезіне аламын. Сосын Стамбулдағыдай емес, мұнда қоғамдық көліктерде ер адамдар әйел затына, жастары да үлкендеріне орын береді. Ал, кез-келген жағдайда көмек қолын созуға дайын тұратын қасиеттері – жалпы түрік халқына тән бе деп қалдым.

Еге университеті – Измирдегі бірден-бір жоғары оқу орыны. Университеттің кампусының өзі ауқымды. Кампустың арасына автобуспен қатынайсың. Мұндай кампусты мен шынымды айтсам, Стамбулдағы университеттерден байқамадым. Онда шашыраңқы орналасқан ғой. Мұнда сол кампустың ішінен шықпай-ақ, студенттік өмірді өткізетін сияқтысың. Себебі, оқу корпусы, жатақхана, аурухана, базар, супермаркет, кафе, кітапхана, бассейн, банк бәрі қалашықтың ішінде. Үйге зат салам десең де такси ұстап әуре болмайсың. Карго қызметі де дәл жаныңда. Тамақ тегін. Алдағы уақытта өзімнің блогымда егжей-тегжейін жазып отырамын ғой. Қысқасы, Стамбул, сен мені кешір. Мен Измирге ғашық болып қалған сияқтымын. ))
Әрі қарай

Зияндының да пайдасы бар

Тақырыпты неден бастарымды білмей отырмын. Ғаламтүрменің түкпірінен тапқаным біздің зиянды деп жүрген заттарымыздыңда денсаулыққа пайдасы бар екен, солардың кейбіреуімен бөліскім келіп отыр. Әркім өзінше дұрыс түсінеді деп ойлаймын.
Әрі қарай

Бізде неге жұлдыз жоқ?...

Өткенде Қазақстанды ұлттық құрамасын Златан ұтты. Негізі Швеция жеңген еді. Бірақ, кездесудегі жалғыз голды осы Ибрагимовч 29-секундта өзінің техникалық шеберлігінің арқасында соққан соң айтып жатқанымыз ғой. Әйтпесе, осы жұлдыз болмағанда, тең түсіп қалуымызда мүмкін еді. Сондай-ақ, бұл гол соғылғанда жанкүйерлер авторға ерекше құрмет кездесті.
Кездесу біткен соң, футболшылар шығатын дәлізге беттедік.Телеарна, газет-журнал, интернет сайттарының журналистерің барлығы осы аймақта. Сонымен қоса, фанат қыздарды да көресіз. Әлбетте, кімді көру үщін келгенін түсініп отырсыздар.
Алдымен Қазақстан футболшылары өтті. Кейбірін журналистер сөзге тартқанымен, біздің футболшылармен фотоға түсіп жатқанды адамды көре қоймадым. Одан соң, Лустиг, Чельстрем, Тойвонен сияқты щвециялық футболшыларды байқадық. Ал ең қызық Златан шыққанда басталды. Златанның «Аякс, «Ювентус» сапында ойнаған кездегі фотоларында тауып, үлкен плакатқа шығарып әкелген фанаттар жұлдызбен бір фотоға түсу үшін бәріне даяр.Жолы болып арманы орындалғандардың қуанышын айтып жеткізу мүмкін емес. Ал түсе алмағандардың жағдайы белгілі ғой…
Осы жерде түйген ойым, бізде жұлдыз жоқ екен. Бізге ең болмағанда осы бағытта жұмыс істеуіміз қажет. Әйтпесе, Швецияның футболын әлем осы бір Златан Ибрагимович үшін қана көреді… «Өзгелер бір төбе, Златан бір төбе» болып тұр дәл қазір. Әр жыл сайын жастардан үміт күтумен келеміз. Кезінде Таңат, Жамбыл, Ұландар Еуропада доп тебе ме деп сенген едік. Сосын біраз уақыт Бразилияда Рауан Сариев шулатты. Оны қазір қайда жүргенін білесіздер. Тіпті «Қайраттың» қосалқы құрамында гол соғып жүргені шамалы. Қыста Бауыржан Исламхан «Кубанға» ауысқанда, «біздің Иньеста» дегендер болды. Ал дәл қазір тек Сергей Хижниченко ғана алды. Басқалары үнсіз. Сережамыз Еуропа лигасында сәтті өнер көрсетсе, мүмкін скауттардың көзіне түсіп қалар.
Әрі қарай

Әлем чемпионатына жолдама алғандар

Келесі жылы Бразилияда өтететін әлем чемпионатына баратын командалардың алғашқылары белгілі бола бастады. Әлемнің үздік 32 құрамасы қатыстатын доданы жанкүйерлер асыға күтуде. Әрине алаң иелері Бразилия ешқандай іріктеусіз өз елдеріндегі біріншілікке қатысады.
Азия елдерінен бірінші болып, Жапония құрамасы жолдама алды. Олар Азиядағы іріктеу матчында өз тобында бірінші орынмен шықты. Сондай-ақ, Иран құрамасы да өз тобынан үздік шығып, Оңтүстік Америкаға баратындардың қатарына қосылды. Екінші орын алған Оңтүстік Корея мен Австралияны да әлем чемпионатының финалдық кезеңінде көретін боламыз. Ал бесінші жолдаманың тағдырын Иордания Оңтүстік Америкада өтіп жатқан іріктеу кезеңінде бесінші орын алған ұжыммен сарапқа салатын болады. Бұл жолдамадан басында Өзбекстан құрамасы үмітті болған. Бірақ, өзбек ағайындарымыз Иорданияға жол беріп қойды. Қос кездесуде де тең түсіп, тек ойын соңындағы футбол лотериясында 8:9 есебімен ұтылып, бармақтарын шайнап қалды.
Еуропа елдерінен алғаш болып қызғалдақтың отаны саналатын Голландия мен Апенин түбегін мекендеген Италия жолдама алды. Қос құрама да іріктеу матчтары аяқталмай жатып, әлем чемпионатына аттанатындардың қатарына қосылды. Қазан айында қалған он бір жолдаманың тағдыры шешіледі.
Солтүстік Америкадан Ақш пен Коста-Рика суырылып шықты.Енді қос елдің футболшыларына келесі жылға дейін алаңсыз дайындалуға болады.
Оңтүстік Америкадан алаң иелері Бразилияның қатарына Месси бастаған Аргентина қосылды. Алдағы уақытта Аргентинаның қатарына Колумбия мен Чилидің сондай-ақ, Эквадор және Ургувайдың мүмкіндіктері бар.
Әрі қарай

Ішіп-жеу үшін өмір сүрмей, өмір сүру үшін ішіп-жеңіз

Өз тірлігін жасап жатқан табиғатты кінәламай, өзіңізді кінәлаңыз. МИЛЬТОН.
(Поль Бреггтің «Чудо голодания» кітабынан үзінді)
Блог - Korkem: Ішіп-жеу үшін өмір сүрмей, өмір сүру үшін ішіп-жеңіз

Тамақ! Тамақ! Тамақ! Ол адамдар үшін шын игілік шығар, сонымен бірге, қарғысқа айналуы да ықтимал. Артық ас адам ағзасына үлкен зиянын тигізеді. Күндердің күнінде ас қорыту жүйесі шамадан тыс жұмыс істеуін тоқтатады. Оның салдары сұмдық қорқынышты.
Әрі қарай

Нағыз қазақ

Нағыз қазақ — мақтаншақ, көре алмайтын, ақкөңіл, агрессивті, өз-өзіне сенбейтін, мамбет, комплекс неполноценностисі бар қазақ.
1. Мақтаншақ. Кәтенінің үлкен екендігімен де мақтана алады.
2. Көре алмайтын. Ешкімді, құдай-ау ешшшкімді көре алмайды. Бірге туған сіңілісі машина алса да көңілін құрт жейді.
3. Ақкөңіл. «Аңқ» ете қалады, алдай салсаң. бірақ есі кіргеннен кейін екі ай өкінеді, таксиге аңқылдап беріп жіберген 200 теңгесі үшін.
4. Агрессивті. Интернетте айқын көрінеді. Балп-балп етіп бажылдасып отырғаны… Кострутивті диалог жасай алу — осындағы интельегенттің екеуінің біріне ғана берілген бақыт.Лентаны аударып отқанда алдынан атеист шықпасын деңіз, шықты — бітті…
5. сенбейді. Тіпті «тіліім» дегенде өзегі жарылатын, бәрін қырып-жоятындардың өзі магазінде «дайте хлеб одну, пажалысты… ммм, спасибо» деп міңгірлеп тұрғаны… Жүрегінде қорқыныш… Сенімді, күмілжімей адамнын бетіне тіке қарап сөйлей алмайды.
6. Мамбет. Мамбет десе мамбет ал… Талтаң-талтаң басып… Ең қарапайым мысал — өзі 100 000 тг айлық алады, соның үстіне 25 000 қарызға алып сол ақшаға айфон алады )))). Құдай-ау, телефонға жұмсайды бір айлығын. Мәмбеттіктің шыңы.
7.Комплекс неполноценности. Бүкіл әлемді өзіне жау көреді. Бұртиып жүргені. Оған салса қазақ тілінің дамымай жургеніне Ресей кінәлі, орыстар кінәлі, атас нәллет…
Әрі қарай

Ауруға шалдықтыратын 11 себеп

Емделгісі келетін адамнан ең алдымен аурудың пайда болу себептерімен күресуге дайын ба екенін сұра. Содан кейін ғана оған көмектесуге болады. Гиппократ

Емделмес бұрын бойыңызда пайда болған дерттің негізгі себебін анықтап алуды ұсынамыз. Төменде келтірілген факторлардың қай-қайсысы болмасын Сіздің ауруға шалдығуыңызға себепші болады:

1. ПСИХОЛОГИЯ.
Блог - ademi_alem: Ауруға шалдықтыратын 11 себепЕгер тәніңіз ауырса, ойыңыз бен кейбір іс-әрекеттеріңізді өзгертуге тиістісіз. «Адамның өз-өзіне көңілі толмаса, ешкімді жақсы көрмесе немесе оны ешкім жақсы көрмесе денсаулығына әсер ете ме?» деген сұраққа "Әрине, әсер етеді!" деп жауап береміз. Ішінде кек, реніш, қорқыныш, қызғаныш, ашу-ыза сияқты жағымсыз сезімдері бар адамның дені сау болу мүмкіндігі азаяды. Деніңіз сау болсын десеңіз психологияңызды өзгертіп, алдыңызға дұрыс мақсат қойыңыз.

2. АС — АДАМНЫҢ АРҚАУЫ.
Блог - ademi_alem: Ауруға шалдықтыратын 11 себеп
Бұл туралы көп айтылып, көп жазылса да, іс жүзінде ешкім мән бермейді. Шынымен де, дұрыс әрі жақсы тамақтануды қолға алу қиын. Себебі, дүкен сөрелерінде тәбетіңді ашатын тағам түрлері көп. қарнымыз ашқанда оның ағзамызға қаншалықты пайдалы не зиянды екенін ескермейміз. Сондықтан ең алдымен ешқашан жеуге болмайтын азық-түлік тізімін жасаңыз.

Бұлызмайтын азық-түлікті жеуге болмайды! Мысалы, жүзім. Жүзім 3-5 күннен артық сақталмайды, бұзылып кетеді. Қазіргі біз жеп жүрген жемістердің көбі дүкен сөресінде апталап, айлап сақтала береді.
Әрі қарай

Адасып барған жиын

Кеше Алматымызда (па, шіркін көсілуді ай деш) Қазконтенттің ұйымдастыруымен «Жаңа медиа баспа БАҚ болшағы» атты үлкен конференция өтті. Айтуларынша жас журналисттерді шақырған екен. Ресми жиын болғасын, ол да әдеттегідей бірнеше бөлімдерден тұрды. Атап айтар болсақ пленарлық бөлімде сөйлеген Қарылға апай, Алмас Алтайдың баяндамалары керемет тартымды болды. Алтай мекемесінің мақсатын толық аша білді.
Әрі қарай