Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды

Мен мультфильмді өте жақсы көремін. Мүмкін біреулер мультфильм кішкентайлар үшін деп айтар… Бірақ мен сонда да мультфильмді жақсы көремін ©
Өткен жылы кинодан гөрі мультфильмді көп көрдім. Менің кино көретін уақытым жоқ. Бірақ мультфильмді көруге қашанда уақыт табамын  
Бүгінгі постымда 2013 жылы шыққан мультфильмдерден алған әсерлерім жайында жазбақпын.
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды
Әрі қарай

Иракғайып Буш. "Тұспал"



Иракғайып Буштың шығармашылығымен таныс адам кем де кем: ештеңе жазбайды. Жазса да, жарық көрмейді. Жарық көрсе де, аудандық газетте. Аудандық газетке шықса да, сейсенбі күні шығады, ал сейсенбі — аудандық газет шықпайтын күн, түсінесіз бе?
Жартысы принтермен, қалғаны қолмен жазылған қолжазбасымен есік жағалап жүретін Иракғайып ағамыздың мынабір қуындысын байыған күндеріміздің бірінде бір жартыға алып қалған болатынбыз. Бүгін соны ұсынуды жүн көрдік. Шешесстің.



Иракғайып Буш. «Тұспал»

— Мынау екінші рет ұлығаны — жақсылықтың нышаны емес. Жақсы емес-ау, жақсы емес…

Маңыздана сөйлеп қойып, еттен асап-асап отырған Сабалақ Лондон өзінің осы сөзінен кейін жан-жақтағыларға ұрлана қарады. Барлығы да үрит десең тайып тұруға дайындалып, үркіп қалыпты.

— Сонда не істейміз, Сабалақ аға, өзің айтсайшы бір шешімін!

Малынан жалғыз жаны емес, бәрі садаға Ермегияның даусы жалынышты шықты.

— Енді соны ойлануға кеп отырған жоқпыз ба осы жерде? — Сабалақ күшейіп, — әйтпесе бостан-бос ас ішіп, аяқ босатуға бара беретін мені…

— О не дегенің, уа Сабалақ!-деді Ермегия малайдың мәймөңке дауысымен, — әлкөтте, осы қасқырлардан кім құтқарса — Сабалақ аға құтқарад деп отырмыз ғой тегі!

Сабалақ Лондонның ойында ендігәрі осы тұрғанда өзі киіп алған данышпанның қамытын шеше қою жоқ-ты. Тай кеседегі құрт езілген вә бұл елге таңсық шөп-шалам және салынған сорпаға өліп бара жатса да, менсініңкіремей бір ұрттаған болып, дастарқанға қоя салып, сөйлеп кетті:

— Енді ойласаңдаршы өздерің. Біріншіден: биылғы қыс жылы, міне қараңдар өздерің, — деді смартфонымен Yandex.Погоданы көрсетіп, — қасқырларың шыңылтыр аяздан қорқып, бірнеше күндік азықты бір-ақ шауып, қор жасауға бейіл емес.

— Дұрыс-ау...-деді логикалық ой тізбегін саралауды жаны сүйетін Әбдуаман, онысын Ермегия:
— Тәйт, Сабалақ ағам сөйлесін! — деп, тиып тастады.

— Екіншіден, және ең масқарасы — мынау кешеден бері екі рет ұлыған бөрілер — өз ауылымыздың тағылары — деп жалғастырды Сабалақ, — яғни малымыздың жайы мен бізді беске білетін тағылар. Үшіншіден, мынау зарлана ұлығаны — өз ауылымызды шапқалы тұрғаны. Қасқыр қашан өз ауылының түбінен ұлып еді?

— Ешқашан! — деді Ермегия.

— Әні! Ендеше тоқетері былай. Үшінші рет ұлыса, бітті: ең болмаса Қусайға дейін мылтық атып, бір қайрат көрсетіп келмесек болмайды! — деді Сабалақ үкім оқығандай…

Осы кезде үш күннен бері көтінен қалмай, ақыры астына жыққан құртқаны өршелене айдап жатқан бөрі үшінші рет бітіріп, ғаламат оргазмнан есі кетіп, әуелетіп келіп, үшінші рет рахаттана ұлыды…
Әрі қарай

Оқып көр, ой салар...(6) "20 минут(әңгіме сымақ)"

20 минут(әңгіме сымақ)
2. Декан
Сананы тұрмыс билеген заманда пенде шіркін не істемейді. 45 мың теңге үшін, 45 минуттың ішінде 45 рет құбылдым…
Содан, 20 минуттық кешігуімнің кесірінен табан астында көксау болдым да қалдым. Анығы, болуға тура келді. Бас кезінде өтінішіме: «менің бүгінгі сағат 8-30-дағы емтиханға кешігу себебім, біріншіден, келер жолым алыс. Оның үстіне, жолда қоғамдық көлік бұзылып қалды. Ал, енді, басқасына отырдым ба дегенде, «қырсыққан да қымыран іриді» деп Темирязевтің бойы аяқ алып жүргісіз кептеліс. Содан, тасбақа аяңға салып жеткенше алғашқы емтиханыма 20 минут кешіктім» – деп ағымнан жарылып жазбақшы болғанмын. Олай істесем сөзімнің арасына өтірік қоспағаным үшін, ақылы емтиханға тегін әрі жылдам жолдама береді екен. Амалдың жоқтығынан ақиқатты өтіріктің жамбасына жығып беруге тура келді. Себебі, бүгінгі қоғамда ақиқаттан аттамайын деп, адалдыққа ұмтылып, шыныңды айтсаң су жұқпас суайтсың. Ал, өтірікті шындай айта білсең шенеуніксің… Театр…
Содан не керек, әйтеуір, тиісті «ауырды» деген анықтамамды алып, өтінішімді жазып деканға кіргенімде, жалған қағаздарымызға қол қойып жатып басшымыз оқыстан сөз бастады:
– Өй, өңшең суайттар!
– Біз емес, аға!
– Енді, кім?
– Қоғам!
– Қоғам деген, мына, сен емессің бе?
– Өкінішке орай, сіздер де барсыздар…
– Бізден не жамандық көрдіңдер?
– Жақсылық?..
– Біз не істеппіз саған?
– Келешек алдыңғы буын ағаларына қарап бой түзейтінін ұмытқандарыңыз болмаса, ештеңе емес…
–…
Соңғы сөзден соң тілін тістеген адам құсап тіл қатпады. Декан басымен өмірдің оң-солын танып білмеген өрімдей жас баламен сөз таластырып тұрғанды ар санады ма, әлде, жас баланың түйеден түскендей сөздері жанына батты ма, ол жағы бір Аллаға ғана аян. Әйтеуір, менің анық байқағаным, «аш бәледен, қаш бәле» дегендей, лезде қажет жерге қолын қойды да, салқын қабақ кабинетінен шығарып салды.
Дәлізге шыққасын қол қойдыруға бірге кірген 1 курс студенттері: «сіз, деканға қатты айттыңыз ғой, қорықпайсыз ба?» – деді. Тосыннан қойылған сауалға әуелгіде недеп жауап қатарымды білмей қалдым. Көз ілім уақыттан соң барып: «Олар да біз сияқты ет пен сүйектен жаралған жұмыр басты пендеге ғой» – дедім де қойдым.
Аңдаусызда қойылған сауал мені күн ұзаққа мазалаумен болды. Ол тіпті де басыма қорқыныш ойының қонақтағанынан емес, осыған дейін де екі-үш рет тістескен адамым ғой, жауабы бөлек ой…
Деканмен болған диалог, одан балмұздақтың сұрағынан келіп түйген ойым. Азат буынның бойында жалғандыққа деген жиіркеніштік сезімі басым. Себебі, бүгінгі ұрпақ кешегі өтірікке құрылған қоғамның актері болудан бас тартып отыр. Қоғам бастартпасада… Оның бастарпау себебі неде, өйткені жаңа бауынның, азат буынның қолына әлі де болса билік тиген жоқ. Билік бұрынғыларда… Бірақ, биліктің де ауылы алыс емес… 5-10 жыл…
Әрі қарай

Уайтхиллдық Хэтроуда!

Жаңа жылды туған Ақтөбеде өте-мөте қарапайым түрде қарсы алып, 5 күндік демалысымды пайдаланып, сол уақыт аралығында өзіме жаңа қала көру туралы шештім. Сөйтіп ат шаптырым жердегі Атырауды таңдадым. Екі күн ішінде қаланы жаяу аралап, фотоға түсірдім. Сонымен, кеттік:

Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Хэтроуда!
Ауа-райы Ақтөбенікінен жылы және қары өте аз екен… айтпақшы, темір жол вокзалының перронына шығу үшін осы ғимараттың екінші қабатына көтерілу керек, яғни перрон қаладан биік орналасқан.)
Әрі қарай

2014 жылға қысқа астрономиялық болжам

Блог - bake: 2014 жылға қысқа астрономиялық болжам
Сурет 1-Күн тәжісі (сурет күнделікті жаңартылады)

Күн

«Күн белсенділігі» оның бетіндегі қара дақтардың санына байланысты анықталады. 1749 жылдан бастап күн дақтарына бақылау жүргізіліп, ай сайын «күн белседілігінің санын» анықталып кестеге толтырылады (1 кестені қара). Бақылаулар нәтижесінде күннің белсенділігінің өзгеру заңдылығы байқалды, қазір ол заңдылық «күннің 11 жылдық циклы» атымен белгілі. 2012-14 жылдары «күн белсенділігінің» ең шарықтау шегіне жететін көрінеді.
Әрі қарай

Оқып көр, ой салар...(5) "20 минут(әңгіме сымақ)"

Жиырма минут(әңгіме сымақ)
1. Замдекан
Он тоғызыншы желтоқсан. Күн бейсенбі. Сағат тілі таңғы 8.53-ті меңзейді. Екі өкпемді қолыма алған мен, емтихан өтіп жатқан аудиторияға қарай табаным жерге тиместен жүгіріп бара жатыр едім. Кенет, алдымнан деканның орынбасары Біржылда Өзгермесовтың ұшыраса кетпесі бар ма. Қас қағым сәт аралығында қол алыстым да, қажет жағыма қарай жүйткіп бара жатыр едім. «Тоқта, қайда?!» деген дауыстан кілт бұрылдым.
– Емтиханға ма? – деді.
– Аха, – деп едім.
– Болды, кешіктің. Кірмейсің,– дей миығынан күлді.
– Неге? – деген сұрағыма.
– Әне, комиссия қағазыңды алып бара жатыр,– деді.
Дәліздің дауыс естілер жерінде кетіп бара жатқан апайды екі аттап қуып жеттім де, ернім-ерніме тиместен ақталу сөзімді айтып, қағазымды қайтарып беруін өтіндім. Комиссия ханым болса, тыңдап тұруға ерінген болу керек, бір ауыз салқын жауап қатты да, жөніне кетті. Сол сәт, «қалап алған» замдеканым болса, жүзіне кекесін күлкі үйірген қалпы жағынан араша түсер сөз суырмады. Комиссия кеткесін барып, бар айтқаны: «жазғы семесторға қалдың» деді күмістенуге айналған мұртының астындағы еріндерін еріне жыбырлата. Пендеміз ғой. Дәл сол сәт мұртты мырза осыған дейінгі егестерімізде кеткен есесінің қайтарым қамын жасап тұрғандай көрінді, маған. Әйтпесе, бір жапырақ қағазымды қайтарып берерлік бір ауыз сөз айтпағанын басқаша қалай жоруға болады…
Құр тұрғанмен кеткен поездің қайырылып келмесін сезгесін, тығырықтан шығар жол іздеуден басқа амал қалмады. Факультеттегі екінші адам болғасын мұртты мырзадан ендігі әрекетім туралы сұрағанымда. Қайта тапсырудан басқа амалдың жоқтығын айтты. Онысы ақылы екен. 45 мың теңге. Одан кейінгі қойылған өзге сұрақтарыма «Зәкеңнің» «мен білмейміннен» өзге жауап қатуға зауқы соқпады. Адамға басшылық баспалдақ арқылы жоғары көтерілген сайын буынсыз тілі мен жарты қарыс жағын ашудың өзі ауыр да ақылы жұмысқа айналары көзіміз ашылғалы бері ұшырасып келе жатқан қазақ қоғамының қасіретті көрінісі емес пе… Түсінем…
Содан, әйтеуір, «елде бардың ерні жыбырлайды» деп, емтиханнан шыққан ұл-қыздардан сұрастыра жүріп, тығырықтан шығудың амалын таптым. Замдекан білмеген(білмегенсіген) түйіншек университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры Ахмед-Закидің атына өтініш жазсам шешіледі екен. Қарапайым формула…
Осы оқиғадан түсінгенім. Біріншіден, басыма күн туса қызғыштай қорғауы тиіс мырза, керісінше «халық қалаулылары» «қолынан келгендіктен, қонышынан баса» отырып ортайтқан ел қазынасының тырнаққа татымас кетігін қалпына келтіргенімді қалағандай. Миллиардтап тоналып жатқан қаржының қасында, мен төлемек 45 мың теңгелік айыппұл халық қалтасын қалпына келтіруінде қарлығаш қанатымен су сепкендей ғана әсер етпей ме… Екіншіден, Күншығыс елінің философы Конфуцидің: «Адамның қандай екенін білгің келсе, қолына ақша мен билік бер» дейтін тәмсілінің өміршең екенін ұқтым. Үшіншіден, егер, шынымен не істеу керегін білмеген болса, онда, әлі де ақыл емес, ақшаның құлына айналған қазақ қоғамы дертінен айықпаған екен ғой…
Ол енді Соңғы 10 жылда айыға қоймас. Үдей түспесе… Себебі, шабан аттан жүйрік аттың айырмашылығы сол, жүйрік ат мәрені көргенде құлаштап шабады. Ал, мәреге дейін 5-10 шақырым(жыл) қалды… Қай жүйріктің тынысы(өңеші) кең екенін абыз-уақыт көрсетеді… Қызықтың көкесі алда…
Айтпақшы, бәйге соңынан қатысушылар тізіміне бір көз жүгірте кетуді ұмытпалық, бәлкім біз күткен адам(дар) топ жармаса да, қатардан көрінер… Өйткені, биыл ел ағасы жасына жетіп қалған «Зәкеңе» аламан бәйгеде қасына серік болсын деп, қатысу мүмкіндігін деканымыздың өзі сайлап берген болатын… Сәттілік!
Әрі қарай

Құнсыздану (Инфляция)

"Құнсыздану — Ұлттық валютаның, бұрынырақ —алтынға, шетел валюталары немесе халықаралық есептік ақша бірліктеріне қатысы бойынша бағамынын төмендеуі түрінде көрінген құнсыздануы" — деп сайрап тұр Википедия данышпан. Әлі есімде бала күнгі ақшалардың суреттері, 1,3,5,10,20 арғысы 50 теңгелер. Ойпырмай сол ақшаларды көрсек бүкіл дүниені сатып алардай көрінетінбіз. Келе-келе 100 теңге, сосын 200, 500,1000-дап шықты. Біз жаңа купюраларды қызықтап жатқанда үлкендер «ееее сабан ақша деген осы екен гой, құнсызданып барады бұл теңге» деп отыратын. Ол кезде қайғыратын. Келе -келе есейгендік па, алде ақшаны танығандық па мен де расымен ойланатын болдым. «Неге осы жұрт құнсызданудан қашады?» — деп. Биылғы жылы осы ақша туралы жаңалықтарға құлақ түре бастадым. «Не білдім?», «не естідім?», "Құнсыздану керек пе?" деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Жаңалыққа құлақ түрер болсақ құнсыздана береді екенбіз әлі. 2012-2013 жылғы құнсыздану көрсеткіші 4,7%-ды құрап тұр. Хош, енді кішкенке басқа мәліметтерге сүйенсек анықтаймыз құнсызданудың қаншалықты «керек» немесе «керек емес» екендігін.

Бізге ол үшін статистика керек. Бірінші, еліміздегі 2013 жылғы коммуналдық төлемдердің статистикасына сүйенсек 2013 жылы біздің елімізде жалпы ыстық су — 10,8%, электроэнергия — 10%, жылу беру — 9,8%-ға артқан. Бұл республикалық көрсеткіш. Екінші, тамақ өнімдеріне келер болсақ бір айдың (қараша) ішінде жұмыртқа -16,3%, қызанақ – 13,7%, қияр – 9,5%, қызылша – 3,9%, картоп – 1,8%, май – 1,4%, сыр мен сүзбе – на 1,1%, балық – 0,8%, сүт және сүттен жасалатын тағамдар – 0,7%, макарон өнімдері – 0,5%-ға қымбаттаған. Ал былтырғы жылмен салыстырғанда макарон өнімдері — 6,8%, балық және теңіз тағамдары – 4,7%, сүт өнімдері – 4,5%, кофе, шәй, какао – 3,9%, ұн өнімдері – 3,4%, ұн – 3,1%, алкогольді ішімдіктер мен тәтті тағамдар – 3%, нан – 1,4%, май – 1,2%-ға артқан.Шүкір, арзандаған өнімдер де бар екен, күріш пен гречка (қазақшасын білмедім) – 6,3%, қант – 2,6%-ға арзандапты. Үшінші, жанар-жағар май 2,8%, киім, аяқ киім, дәрі-дәрмектер – 0,5%, үй техникалары және тұтынушы тауарлары–0,3%-ға қымбаттаған. Жекелеген адамдарға қызмет көрету (шаш алу, тырнақ бояту деген сияқты) 1,3%, қонақ үйлер мен ресторандар – 0,8%, ойын-сауық отаулары – 0,6%, денсаулық сақтау саласы – 0,5%, қоғамдық көлік, таымалдау қызметтері – 0,8%-ға артқан.

Экономика және қаржы министрі Ерболат Досаев 2014-2018 жылдар аралығында құнсызданудың көрсеткіші 6-8% болады деп көресетіп отыр. Құнсыздану жалақы мен зейнетақының артуына әсер береді.Бірақ 4,7 пайыз болғанда өскен бағалар анау болса 6-8% болғанда күніміз не болмақ, қай жыртығымызды жамаймыз? Қысқасы бізге құнсызданудың жоғарғы пайызды көрсеткіші мен бағалар тұрақтылығы керек. Құнсызданудың керектігіне екінші мысал келтірсек.

Қайда қарасаң да «келмұндалап» тұратын, «мен сенің барлық проблемаларыңды шешіп беремін, мен сиякты достарың да, туыстарың да көмектесе алмайды», «сіз үшін тағы не істей аламын» деп тұратын кім? Арине, НЕСИЕ! Оооо Несие, несие! «Кредит — это просто „ЖОПА“» дейді орыстар жаңа мақалдатып. Ондайда қазақ сөзден қалған халық па, «Мысқылдап алып, мықшыңдап төлейсің» деп әп-әдемі мақалмен анықтама береді.

Блог - KONILDI: Құнсыздану (Инфляция)

Көп сөзді қойып тағы да статистикаға сүйенейік.

Биылға несие қоры 175 млрд теңгені құрайды. Бұл деген сөз Қазақстанның жалпы жалақы қорының 40 пайызын құрайды екен. 2012 жылы 29,6%, 2011 жылы 22,5% көрсеткен екен. Несиеге қатты мәжбүр болып барады екенбіз. Бұл деген жалақы жетпей барады деген сөз шығар. Ал несие алу жағынан Алматы қаласы бірінші орында, ал Астана екінші орынды иеленіпті. Бұл екі бірдей астанамызда күн көру қиын екені көрініп тұр.

Блог - KONILDI: Құнсыздану (Инфляция)

Блог - KONILDI: Құнсыздану (Инфляция)

Биылғы статус Елбасының өзін алаңдатып жіберді. Кезінде «халыққа несие беріңдер» деп стартта тұрған банктерге пісталетті атып жіберіп «айда пошел» деген Елбасы бүгін де «сол жерім томпақтау болды-ау» деп өкініп қалған сиякты. Әйтеуір не керек, биыл «мен сендерге тұтынушылық несие емес, кәсіптік несие» беріңдер дегенмін де столды тоқпақтап отыр. Бірақ қайдаааааамммм… Қарапайым мысал келтірейікші, сізде 100 000тг бар. Екі досыңыз келіп бірі, маған әлгі ақшаңды берсең 5 жылда 7 пайыз жылдық үстемесімен қайтарамын десе, екіншісі, — сен оданда маған бер, мен 3 жылда, жылдық үстемесі 20 пайызбен қайтарып беремін — деп тұр, сіз қайсысын таңдайсыз. Біріншісін таңдасаңыз таза ақымақсыз, сізден банкир шықпайды, оған кепілдік беремін. Алайда, біріншісі де досыңыз, көңілін қалдыруға болмайды. Ал ақшаны пайдалы жағына жұмсау керек… Нестейсіз?! Мен көмектесейін, бірінші досыңызға 1-ші көп сылтау айтыңыз, 2-ші кепілдіктің базасын кеңейтіңіз, 3-ші уақыт созыңыз, алматыда едім, астанада едім, бір шаруаммен шығып кетіп едім, әзір үйге келмеймін… Міне бірінші досыңызды мезі етесіз, оп-оңай ия? Егер досыңыз ренжісе, «ой сәл күтсең берер едім ғой» дей саласыз. Бірақ сіз ол кезде ол ақшаны екінші досыңызға беріп қойғансыз. Міне, төркінін түсінген боларсыздар.

Бұл бөлімді қорытындылайтын болсақ, қарапайым тілмен айтқанда біздің елдің азаматтары жалақы алғанда несие төлеуден де, азық-түлік алудан да, қажетіне жаратудан да таршылық көрмеуі тиіс. Сонда бәлкім мына жан түршігерлік көрсеткіштер кейін шегінер. Осы көрсеткіштерге қарап отырып өз ойым, бізге құнсыздану дәл қазіргі кезде керек деп ойладым. Бәлкім дұрыс түсінбей, кей жерлерден қателескен шығармын.Сіздер қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай