Құрбақаның қағидасы
Құрбақаны ыстық суға лақтырса, не болады? «Бұл жер ыңғайсыз, дереу бұл жерден кетуім керек» — деп құрбақа жылдам шешім қабылдайды да тездетіп судан тысқары секіріп кетеді. Ал егер дәл осы құрбақаны салқын суға салып, астынан баяу от қойса ше? Құрбақа әлсірей бастайды. Судың жылуын сезе бастаған құрбақа: «маған кішкене жылулық артық етпес»-деп ойлап, рахаттанып жата береді. Ал бұл оқиға сумен бірге қайнап, құрбақаның пісіп кетуіне әкеледі.
Әңгімеден түсінгеніміздей, ақиқатында, бұл өмірде барлығы кішігірім нәрседен басталып, жинала береді. Қарыздар, күнәлар, артық салмақ, денсаулықтың нашарлауы, білім, ауқаттылық. Күнделікті ұсақ-түйекті жете бағаламауға болмайды. Дүниенің алма-кезек екендігін әсте естен шығармаған абзал!
Әрі қарай
Әңгімеден түсінгеніміздей, ақиқатында, бұл өмірде барлығы кішігірім нәрседен басталып, жинала береді. Қарыздар, күнәлар, артық салмақ, денсаулықтың нашарлауы, білім, ауқаттылық. Күнделікті ұсақ-түйекті жете бағаламауға болмайды. Дүниенің алма-кезек екендігін әсте естен шығармаған абзал!

Халықаралық ғарыштық станциядағы ғарышкерлердің әрекеттері мен әңгімелерін осы сілтеме арқылы тікелей эфирде көріп тыңдай аласыз:
Танысу-сұрақ: Әдепкі күн тәртібі қандай?
Ыңғай-сұрақ: Сұрақ, не жауап! Қайсысы маңызды? Неге?
Бұл тек жастарға ғана емес, өзін жас санайтын кез келген адамға арналған. Жастық шақтың қадірін қалайша анық түсініп, сезінуге болады?! Әр адам өзінің жастық шағын белгілі бір бағытқа арнай алады, оның ішінде адамзатқа танымал тұлға болуға — солайша атыңды қалдыруға, бір сөзбен айтқанда мансапқа, не жай ғана «ойна да күл» қағидасымен өмір сүруге немесе тек отбасы өміріне және ең күрделісі осының барлығын қатар алып жүруге. Ал ең оңайы – қор болып, жай ғана арманмен өткізуге.


Сүйемін! Иә, сүйемін өмірімді… Қайсар мінезімен тәнті еткен, қиналғанда анамның, біздің мықты тіренішіміз бола білген асқар таудай әкемді сүйемін! Жүзінен жылу мен мейірім сезілетін, жүрегінен шексіз мөлдір махаббат сезілетін аяулы анашымды сүйемін! Бауырларымды жанымдай жақсы көремін. Маңдайын әжім басқан, ақжаулығын тастамай тағатын, мені көрсе балаша қуанып шөлп-шөлп етіп сүйетін әжемді жақсы көремін. Сырласа білетін достарымды сүйемін. 
Кітап оқығанды жақсы көремін, жаздың жайдары күндері, парктеее көк шөпте отырып оқып отырсаң. Ал, суық күндері жарқырап түсіп тұрған электр көзі диван, жылы плед, шынайяқ кофе өте әдемі үйлесім.